Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сыртқы және ішкі секреция бездері. Аралас бездер, ерекшеліктері



Ішкі секрециялық немесе эндокриндік бездер деп безге тән құрылымы бар және өздері түзген биологиялық белсенді заттарды тікелей қанға немесе сөлге бездерді айтады. Грек тілінен аударғанда эндон деген сөз-ішкі,крино-бөлемін деген мағынаны береді. Ішкі секреция бездерінің шығару өзектері болмайды,оларда пайда болған заттарды гормондар деп атайды. Ішкі секреция бездерінің мөлшері шағын болады,бірақ олар қанмен мол жабдықталады. Безде қан-тамырлары орасан көп капиллиярлар торын құрайды,сондықтан без бөлген өнімдер қанға тез сіңеді. Эндокриндік бездер қызмет ерекшеліктеріне қарай қарай екі топқа бөлінеді:

1.Тек әндокриндік қызмет атқаратын бездер.Оларға қалқанша,қалқанша серік бездер,бүйрек үсті бездер,серік,айырша без,гтпофиз,эпифиз және тимус бездері жатады.

2.Аралас қызмет атқаратын бездер.Бұл топқа ұйқы безі мен жыныс бездері жатады.

Сыртқы секрейия бездері деп сөл бөліп шығаратын өзектері бар бездері айтады. Сыртқы секреция бездерінің өнімдерінің құрамы әр түрлі:зат алмасудың соңғы өнімдері ферменттер,су немесе тұздар.Без өнімдері тек белгілі мүшеге бөліп шығарады. мысалы: сілекей безі тікелей ауызға бөлінеді.

Организімде белгілі бір әрекеттерді реттейтін озіндік әсері бар органикалық қосылыстарды биологиялық белсенді заттар деп атайды.Оларды 4 топқа бөледі: гормондар,гормонойдтар,парагормондар,телегрондар.

Ішкі секреция бездерінің өнімдерін гормондар деп атайды.

Гипофиз мидың түп жағындағы түрік ершігінде орналасқан,салмағы 0,6-0,5г алдыңғы артқы ораңғы бөлімдерден тұрады. Алдыңғысы-аденогипофиз,ортаңғысы-меланогипофиз,артқы бөлігі-нейрогипофиз.

Гипофизді алып тастаса өсімтал жас бала өсей қалады,жыныс бездері кеш жетіледі,ал ересек адамның бездерінталып тастаса жыныстық шабыты төмендейді.

Қалқанша без мойынның алдыңғы жағында орналасқан.Ол өзара байланысқан 2 бөліктен тұрады.ересектерде қалқанша бездің салмағы 20-30 гр.Олардың эпителий жасушалары құрамында йод бар гормондарды түзеді. Қалқанша без сырты дәнекер ұлпалық қапшықпен қапталған. Қапшықтан қалқанша без ішіне таралатын дәнекер ұлпалы перделіктер безпаренхимасын бөлікшелерге бөледі. Бөлікшелер көптеген көпіршіктерден (фолликулдардан) тұрады. Фолликул қуысын құрамында күрделі протеин — тироглобулин болатын қоймалжың зат — коллоид толтырып тұрады. Фолликул қабырғасын екі түрлі клеткалар құрайды. Тироциттер және парафолликулалы немесе К-жасушалар. Тироциттер ұлпалардың дамуына, өсуіне, протеиндердің, көмірсулардың, майлардың, йодтың алмасуына әсер ететін, құрамында йод болатын тироксин және трийодтиронин гормондарын бөліп шығарады. Азық құрамында йод жетіспесе, онда жануарлар организмінде эндомиялық зоб ауруы өршиді. Парафолликулалы клеткалар қандағы кальцийдің мөлшерін азайтатын, құрамында йод болмайтын кальцитонин гормонын бөледі.

Билет





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 16003 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...