Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Аңқа бұлшық етінің функцианальдық жүйесінің жалпы сипаттамасы, түзілу жолдары мен ерекшеліктері



Қаңқа бұлшықеттеріне - тұлға, бас, мойын және иық, жамбас белдеулер мен қол-аяқ бұлшықеттері жатады.Тұлға бұлшық еттер:арқа,кеуде,іш бұлшық еттері және көкет.

Қол бұлшық еттері:иық белдеуі және қолдың еркін бөлігі(сан,сирақ,аяқ ұшы)бұлшықеттері.

Аяқ бұлшық еттері:жамбас белдеуі және аяқтың еркін бөлігі (сан,сирақ,аяқ ұшы) бұлшық еттері.

Қызметі бойынша:

1.Бүккіштер мен жазғыштар.

2. әкелушілер мен әкетушілер.

3. Айналдырушылар:ротаторлар-супинаторлар мен пронаторлар.

4.Сфинктерлер мен дилятаторлар.

5.сингеристер мен антогонистер.

Тұлға бұлшықеттері:
1. Алдыңғы аяқты (адамда — қолды) тұлғаға бекітетін бұлшықеттер,
2. Көкірек керегесінің бұлшықеттері,
3. Құрсақ қабырғасының бұлшықеттері,
4. Омыртқа бағанының бұлшықеттері болып бөлінеді.

Бас бұлшық еттеріне мимикалық және шайнау бұлшық еттері жатады. Шайнау бұлшық еттері үстіңгі және астыңғы жақ сүйектері арасында орналасады. Олардың бір ұшы астыңғы жақ сүйекке, екінші жағы бас сүйектеріне бекиді. Олардың жиырылуына байланысты тамақты шайнағанда және сөйлегенде астыңғы жақ сүйектері қозғалады.

Мимикалық бұлшық еттер бетке белгілі бір көрініс – мимика береді: көз және ауыз айналасындағы бұлшық еттер, күлкі бұлшық еттері. Олар теріге, не бір ұшы теріге, екінші ұшы бас сүйектің бет сүйегіне бекиді.

Мойын бұлшық еттері басты тепе – теңдікте ұстайды, бас пен мойын қозғалысына, сондай – ақ жұтуға қатысады..

Аяқ – қол бұлшық еттері. Дельта тәрізді бұлшық еттер иық белдеуінде қолды қозғалысқа келтіреді. Бицепс (екі басты бұлшық ет) қолды шынтақ буынында бүгеді, ал трицепс (үш басты бұлшық ет)қолды жазады.Сан арқылы тігінші бұлшық еті өтеді. Бұл – ең ұзын бұлшық ет. Санның алдыңғы жағында санның төрт басты бұлшық еті - – тізе буынын жазатын бұлшық ет орналасады. Ол сонымен қатар санды жамбас – сан буынында бүгуге қатысады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2050 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...