Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Емтихан билеті. 1. Асқазандағы астың қортылуы. Қарын сөлі,оның қыщқылының маңызы



1.Асқазандағы астың қортылуы. Қарын сөлі,оның қыщқылының маңызы.

Қарын дегеніміз ішек-қарын түтігінің кеіейген жері. Оның сыйымдылығы 2-4 литрдей,сырт пішіні мүйізге ұқсайды. Қарын бірнеше бөлікткен тұрады.Өңешпен қарынның қосылған жері кардиа деп атайды. Қарынның жоғарғы жағы уүмбез тәрізді жоғарғы қарай көтеріңкі келеді,бұл-қарын күмбезі,қарын мен он екі елі ішектің қосылған жері пилорус деп,ал қарынның қақпақшаға жалғасқан бөлігі-пилорустік бөлік болып саналады. Қарынның алдыңғы және артқы беткейі,жоғарғы және төменгі шеттері болады. Жоғарғы шеті дөңестеу,ал төменгі шеті ойыстау келген.Жоғарғы шетін қарын тұйығы,төменгі шетін қарын ойығы деп атайды.Қарыннан пилорустан басқа бөлігі қарын денесі деп аталады.

Қарын құрсақ қуысының жоғарғы жағында орналасқан. Оның күмбезі сол жақта,қабырғаларының ішкі бетінде,пилорус оң жақта бауырдың астанда.Қабырғасы жалпы ішек-қарын түтігіне тән 3 қабаттан,ішкі-шырышты,ораңғы-біріңғай салалы ет,сыртқы-серозды қабаттан тұрады.

Қарынның шырышты қабығында көлденең созылған қатпарлар,ойық және жазық жерлер бар.Онда қарын бездері орналасқан.Безде түрлі без жасушалары гландулоциттер бар.Негізі гландулоцитттер сөл ферменттерін,айнала қоршалған гландулоциттер тұз қышқылын,қосымша жасушалар шырышты зат-муцин шығарады.Осы жасушалардан бөлінген заттар қарын сөлінің құрамына енеді.

Қарын сөлі,оның қышқылының маңызы.Адамда қарын бездері тәулігіне 2-2,5 литрдей сөл шығарады. Ол түссіз,реакциясы қышқыл зат.Меншікті салмағы судан аз-ақ ауыр(1,008) құрамында 0,5-3,5% құрғақ зат бар. Осмос қысымы,қанның осмос қысымыны тең (7,5 атм). Қарын сөлінде Na,K,Ca хлоридтері,сульфаттары,фосфоттары бар. Әсіресе тұз қышқылы көп (0,3-0,5%).Сөлде органикалық заттар-ферменттер мен муцин бар. Қарын бездерінің негізгі гландулоциттері пепсиноген ферментін бөліп шығарады.Адам қарнында гастриксин көбірек.Бала қарны сөліндегі сүт ірітетін фермент-химозин деп аталады.Қарны сөлінде кездесетін липаза ферменті-тек эмульсияланған майға ғана әсер етеді.Қарын сөлінде көмірсуды гидролиздейтін фермент болмайды.Бірақ ас тұзы кышқылына шыланғанша ас кесегінің ішінде сілекейдің амилаза ферменті крахмал мен глюкозаны дисахаридтерге,ал мальтаза-мальтозаны 2 молекулалы глюкозаға ыдыратады.

Қарны сөлінде шырышты-муцин бар. Ол қарынның шырышты қабығын жауып тұрады да тұз қышқылынын бейтараптайды.

Қыщқылдың маңызы.

1.Пепсиногенді пепсинге айналдырады.

2.айналасын қышқылдандырып,пепсиннің әсерән көбейтеді.

3.Белоктарды жұмсартып,олардың ішіне фермент енуін жеңлдетеді.

4.Микорбтарды жояды.

5.Қарындағы астың 12 елі ішекке өтуіне септігін тигізеді.

6.химозиннің сүт белогіне тигізетін әсерән жеңілдетеді.

7. Просекретин гормонын секретинге айналдырып ұйқы безінің сөлі шығаруын күшейтеті.

8.Қарын сөлінің өзін-өзі реттеуін қамтамасыз етеді.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1693 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...