Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тыныс алу жүйесіне сипаттама



Тынысалу деп ауадан оттегін сіңіріп, көмір қышқыл газын шығыруын камтамасыз ететіп өзара байланысты көптеген урдістерді айтады. Оттегінің қатысуымен организмде тотығу үрдісі өтеді. Құрамныдағы органикальқ заттардың тотығуы нэтижесінде жасушалар мен тіндерде тіршілікке қажет энергия пайда болады. Тынысалу негізінен бес) кезеңнен тұрады:

1) сыртқы тынысалу - ауадағы газдарды (атмосферадан) өкпеге әкеліп, өкпеден (тотыққан) қайтадан атмосфераға шығарып тұру;

2) өкпе көпіршіктеріндегі (альвеолалардағы) газдар мен қан құрамындағы газдардың алмасуы;

3) газдардың өкпеден тінге, тіннен өкпеге қан ағынымен тасымалдануы;

4) тін мен қан арасында газ алмасуы;

iшкі тынысалу

1).Сыртқы тынысДемалу жене демшығару механизмі. Сыртқы тьнысалу, яғни газ­дардың ауадан өкпеге өтуі, өкпеден қайта атмосфераға шығарылуы екі кезеңнен: демалу (инспирация) жэне демшығарудан (экспирация) тұрады. Инспирация мен экспирация тipi организмде өзара жымдасып үйлесім тапқан, өмipi бойы бірiНен соң бірi кезекпен келіп алмасып отырады. Ауаны өкпеге тартып алып, ондағы газ алмасуына қатысқан ауаны тысқа шығару үшін өкпе бірece улғайып (кеңейіп), бірece тарылып тұруға тиіс. Бірақ альвеола (alveola - ұяшық) қабырғасында ет талшықтары болмағандықтан өкпе кеңейіп не тарылып көлемін өзi өзгерте алмайды, бұл үрдіс көкірек қуысының ұлгайып-тарылуына байланысты. өкпе сыртындағы ауамен қатыспайтын көкірек қуысында орналасқан. Сыртынан өкпе висцеральдьқ (агзалық) жене парие- талъдъқ (жакршупык) екі кабықпен қоршалған. Висцеральдьқ плев­ра өкпе тінімен 6iTe байланысқан. Өкпе түбіріне жеткен жерде париетальдьқ плевраға айналады да көкірек қуысын iшкі жағынан астарлап кемкереді, ондағы тіндермен 6iTe қиылысады. Плевра қабыктарының арасында плевралық қуыс деп аталатын саңылау тәрізді өте тар (5-10 мкм) кеңістік бар. Онда плевра қабықтарының iшKi 6eттерін майлап өзара үйкеліс кедергісін азайтатын аздаған шырышты сұйықтық болады. Плевралык кеңістік 6iTey, оның ішінде ауа болмайды, сондықтан да плевра кабықтары дем алған сәтте бірiНен-бірi айырылып алшақтай алмайды. Осыған орай көкірек қуысы кеңейген кезде париетальдық плевра висцеральдық плевраны өзіне тартып өкпені созады. Сол кезде оның ішіндегі қысым азаяды, сондықтан қысымы жоғары| сырттағы ауа өкпеге кіріп, оны одан әpi кернеп кеңейтеді. Дем шығарған сәтте көкірек қуысы тарылады да өкпе қысымы жоғарылағандықтан ауа сыртқа шығады, өкпе кішірейеді. Сонымен өкпенің кеңейіп-тарылуы көкірек аумағының өзгеруіне, яғни тынысалу еттерінің жиырылып, босауына байланысты.

2. Рефлекс (лат reflexus — кері қайтарылған, шағылысқан) — ағзаның ішкі немесе сыртқы тітіркендіргіштер әсеріне орталық жүйке жүйесінің қатысуымен қайтаратын жауабы. Рефлекс туралы түсінікті алғаш рет ұсынған француз философы Р.Декарт (1596 — 1650). Ол Рефлексті санаға тәуелсіз, жан әрекетінің нәтижесі деп есептеді. “Рефлекс” терминін жүйке жүйесі физиологиясына чех ғалымы Й.Прохаска (1749 — 1820) енгізді. Бұл ілімді орыс ғалымдары И.М. Сеченов пен И.П. Павлов одан әрі дамытты.

Ол бес бөлімнен тұрады:1.қабылдаушы құрылым-рецептордан;2.қозуды орталыққа жеткізетін афференттік жүйкеден;3.аралық нейрондардан тұратын орталықтан;4.қозуды орталықтан эффекторға апаратын эфференттік жүйкеден; 5. Жауап беруші құрылым-эффектордан тұрады.

Белгілі бір рефлекс қабылдағышы орналасқан аймақты рецептивтік өріс деп атайды.

Рефлекс түрлері: Морфологиялық және физиологиялық ерекшеліктеріне қарай рефлекс бірнеше топқа бөлінеді:

1.Қабылдағыштардың орналасуына қарай экстероцептивтік, интероцептивтік рефлекстер болып ажыратылады. Экстерорецепторлар дене сыртында: теріде, ауыз, көздің кілегей қабықтарында орналасқан, сырттан келіп тітіркендіруші әсерлерді қабылдайды. Интерорецеторлар ішкі ағзаларда, тіндерде, қантамырларында, ал проприорецептор сіңірде, буын қабында орналасқан.

2.Жүйке жүйесінің түрлеріне қарай рефлекстер денелік, вегетативтік болып бөлінеді.

3.Рефлекстер қатысатын ми бөліміне қарай жұлын, сопақша ми,ортаңғы ми,аралық ми, алдыңғы ми рефлекстері болып бөлінеді.

4. Қимыл – әрекетіне қарай жұту, кірпік қағу, жөтелу, қимылдау рефлекстері болып ажыратылады.

5.Орталықта туатын үрдістер түріне қарай қоздырушы, тежелуші рефлекстер болады.

6.Павлов барлық рефлекстерді шартсыз, шартты деп бөлген

7. Рефлекстік доғаның орталық бөлімінде қатысатын нейрондар санына қарай екі, үш және көп нейронды рефлекстер болып та бөлінеді





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 2377 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...