Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Анохин бойынша функцональды жүйе



Адам физиологиясы тұрғысынан қарағанда дене тәрбиесінің жаттығулары организмнің функционалды қызметі мен жұмыс істеу қабілетін арттырады. Кейінгі физиологиялық түсінікте дене тәрбиесі жаттығуларының орындалу механизмі “физиологиялық белсенділік” арнасымен дамитын алдын – ала берілген бағыттағы мақсаттағы қозғалыс дейді. Ал, П.К. Анохин қозғалыс ерекшелігін түсіндіре келіп “функционалдық жүйе” тұғырнамасын ұсынады. Бұл тұғырнама бірінші жағдайда шартты рефлекстің негізінде пайда болып сонан соң өз қабілетінің бағдарлауын реттейді десе ал, Н.А. Бернштейннің айтуынша “физиологиядағы еркін қозғалыс деп аталатын қозғалыстың мәнінде рефлективтік қозғалыс” деп тұжырымдайды (рефлективті қозғалыс сыртқы әсер арқылы пайда болатын қозғалыс). Дене тәрбиесі жаттығуларының мәнін түсіну үшін ескеретін жағдай, әрбір кез – келген жаттығуды белсенді орындау организмнің функционалды деңгейінің түріне ауысыуына әкеліп соғады. Ал олардың ауысу мөлшері жаттығулардың ерекшеліктері мен орындаушылардың дайындық сапасына қарай әртүрлі болады. Дене жаттығулары педагогикалық тұрғыдан адамның мүмкіншіліктерін дамытуы мен қозғалысты білу, жаттығу әдістерінің қалыптасуын құрайды. Дене жаттығуын бұл көзқараспен қарай отырып тек қана биологиялық аймақта ғана емес, сонымен қатар адамның мінез – құлқына санасына тағы да басқа ғамалиясына әсер ететінін ескереді. Жаттығулар мазмұнының ерекшеліктері көлеміне тығыз байланысты болады. Дене тәрбиесі жаттығуларының көлемі оның ішкі және сыртқы құрылысын құрайды. Жаттығудың сыртқы құрылысы қозғалыстың кеңістіктегі динамикалық және уақыт өлшемдерінің, тұрақты байланыста болуы, ал ішкі құрылысы жаттығуларды орындағандағы организм функцияларының бір – біріне тығыз байланыстылығы. Дене жаттығуларының көлемі мен мазмұны бір – бірімен органикалық байланыста болады. Бірақ та жаттығулардың мазмұны көлеміне қарағанда маңызды орын алады. Мазмұнның элементтері өзгерген уақытта дене жаттығуларының көлемі де өзгереді, ал көлемі өз жағынан мазмұнға үлкен әсер етеді. Дене жаттығуларының жетілмеген түрлері организм функциясының даму мүмкіншілігіне кедергісін тигізеді. Ал керісінше, жетілген жаттығулар түрлері адам организмінің мүмкіндіктерін толық пайдалануға септілігін тигізеді (егер дайындықтары бірдей жарысқа қатысқан болса, шаңғы тебудің әдісін тиімді пайдаланған спортшы 10 – 20% күшін аз жұмсап, шаңғы тебу әдісін жете игере алмаған шаңғышының алдында өзінің басымдылығын көрсете алады). Дене тәрбиесі жаттығуларының көлемі мен мазмұны тығыз байланыста болғанымен олардың арасында қарама – қайшылықтарда көп болады. Сондықтан да олардың арасындағы қатынастарды жақсы түсіну, дене тәрбиесін кең көлемде пайдалануға бағыт береді.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1418 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...