Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурак.Артқы ми



Артқы мидың құрамына сопақша ми және Варолий көпірі кiредi. Артқы мидың тiршiлiктегi маңызы өте зор. Мидан шығатын 12 жұп нepвтepдiң сегiзi артқы мидан тарайды. Олар мыналар: үштармақты, көз алмасын кейін тартатын, бет, есту, жұтқыншақ, кезеген, қосымша және тiл асты нepвтеpi. Осы жүйкелердің қатысуымен тыныс алу, журек соғу, қан айналымы, тамақтану, түшкiру, құсу, терлеу, жылау, кiрпiк қағу, жөтелу сияқты тiршiлiкте маңызды рефлекстер орталықтары бар.

2сурак. Жүрек жұмысы қанның үздіксіз қозғалуын қамтамасыз ететін жүрекшелер мен қарыншалардың жүйелі жиырылуы мен босаңсуынан тұрады. Жүре біз жұмыс істейміз бе, демаламызба, ұйықтаймызба оған қарамастан өмір бойы үздіксіз жұмыс істейді. Бұл біздің санамыздан тыс автоматты түрде жүреді. Жүрек автоматизмі дегеніміз- жүректің өзінде пайда болатын импульс (серпін) әсерінен жиырылу қабілеті. Импульс екі жүрекше мен екі қарыншаның бұлшық ет қабырғаларына беріледі де олардың жүйелі ырғақты жиырылуын туғызады. Ең алдымен жүрекше, содан кейін қарынша жиырылады.

Сонымен қатар жүрек бүкіл денеге таралатын әлсіз биоэлектрлік сигнал шығаратын ерекше қабілетке ие. Осы сигнальды жазып алу арқылы жүрек жұмысының ырғағын тіркейді. Жүрек бұлшық етінің жұмысы мен жағдайын, жүректің бүкіл әрекетін көрсететін алынған қисық сызық электрокардиограмма деп аталады.

Жүрек циклі. Жүрек жұмысының үш кезеңін ажыратады: бірінші-жүрекшелердің жиырылуы, екінші- қарыншалардың жиырылуы және үшінші үзіліс, жүрекшелер мен қарыншалардың босаңсуы.

Екі жүрекшенің жиырылуы-0.1 сек, қан қарыншаларға барады.0.7 сек тынығады.

Екі қарынша жиырылуы-0.3 сек қарынша босаңсиды. 0.5 демалады.

Жалпы босаңсу-0.4 сек. Бұны жүрек циклі деп атайды.

Салыстырмалы тыныштық күйінде жүрек минутына 60-70 ре жиырылады. Бұл уақытта 4 литрден көп, тәулігіне 10 мың литр қан айдайды.

Билет.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1198 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...