Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақ хандығының ішкі саяси жағдайы мен халықаралық ахуалын сипаттап беріңіз



Жауап: XVII ғасырдың соңындағы Қазақ хандығында дербес мемлекеттікке тән қандай нышандар болды? Қазак хандығы бұл кезде шығысында — Алтай таулары, батысында Жайық өзені, солтүстігінде — Орал таулары, оңтүстігінде Алатаудың батыс етегі аралығындагы алып еуразиялық кеңістікті өзінің атамекені деп білген қазақ елінің басын біріктірген тұтас мемлекеттік құрылым болатын. Оның экономикасы кең аумақтағы табиғи ерекшелігіне сай қалыптасқан өзара тығыз байланысты көшпелі мал шаруашылығы мен егіншілікке негізделді. Қоғамдағы саяси қатынастың бастау алар буыны және әуелгі субъекті — рулық қауым болды, Рулық қауым — тайпалық, тайпалық жүздік иерархияға ұласты.Ортағасырлық дәстүрлі түркілер қоғамында тек хандар ғана сайланды. Бұл салт қазақтарға да тән еді, ал хандық билік Шыңғыс хан ұрпағы саналатын төре (сұлтан) тұкымына ғана тиесілі болды. Қарадан хан сайланған емес. Хан ел билеуші сүлтандар мен билердің, дінбасылар және ел арасындағы беделді адамдардың жалпыұлттық құрылтайында сайланды.Ел арасында аса беделді төрт би сайланған. Хандық билік әкеден балаға мұраға өткен. Сонымен бірге қалыптасқан дәстүр бойынша сайланған хан өзінің хандық билікке лайық екендіғін ылғи да атқарған ісімен, қоғамдық мәселелерді шешуде ақыл-парасатымен дәлелдеп отыруға тиіс болған.Иерархиялық билікте ханнан төменгі сатыда тұрған белсенді және ықпалды жеке сұлтандар бүтін бір тайпа елді билеген. Хан жеке сұлтандардың мұндай құқын мойындаған. Өз ретінде тайпа басы сұлтандар да орталық хандық билікті мойындауға тиіс болған. Күнделікті өмірде жергілікті ру-тайпа билігінің тізгіні беделді ақсақалдар мен билердің қолында болды. Мұндай дәрежеге олар сайлау арқылы емес, ел мойындаған қызметі мен ақыл-парасаты арқылы жеткен. Ал олардың шешімі мен ұсынысы әділ болған жағдайда ғана ел арасында өтімді, ал өздері билік өкілі ретінде жұрттың сеніміне ие болған. Халықта "Тура биде туған жоқ" деген ұғым осы дәстүрлі жолды білдіреді.Ең жоғары сот билігін хан иемденген. Ал одан төменгі сот билігі билерге тән. Көне дәстүр бойынша, билік қызмет елдің сенімі мен құрметіне ие адамға ғана жүктелген. Көп жағдайда би қызметін немесе сот ісін тайпа басшылары жүргізген, өйткені олардың кінәлі жақты сот үкімін орындауға мәжбүр етерлік күші болған. Әрбір бидің билік ауқымы өз ру-тайпасымен шектелген. Сонымен бірге өзге тайпа, тіптен, жүз адамдары келіп жүгінетін аса беделді билер де аз болмаған. Ал ру-тайпалар арасындағы даулы, сондай-ақ жалпыұлттық мәселелерді арнайы шақырылған құрылтайда талқылап, ортақ шешім қабылдап отырған.XVII ғасырда Есім хан орталықтандырылған мемлекет құруға әрекет ете бастады. Есім ханның тұсында қазақ хандығының Оңтүстік шекаралары кеңейе бастады. «Есім ханның ескі жолы» деп аталатын заң пайда болды. XVII ғасырдың екінші жартысында Тәуке хан билік құрған кезеңде (1680-1717 жж.) халықтың бірлігі, ынтымағы арта түсті. Қазақ мемлекетінің әлеуметтік, экономикалық және ішкі жағдайды реттеуге бағытталған реформалары жазылды. Қазақ халқының тарихына ірі құқықтық өзгерістер жасаған «Жеті жарғы» заңы жасалдыҚазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар үшін ұзақ уақыт бойы жүргізген күресі XVI ғасырдың аяғында Түркістан мен оның қалаларын және Шайбани әулетінің аса ірі жері–Ташкентті Қазақ хандығының құрамына қосумен аяқталды. Бұл территорияларды Қазақ ханының құрамына қосу туралы 1598 жылғы шарт Мауараннахрдың Шайбани әулетінің орнына келген жаңа Аштархани Әулетінің өкілімен жасалды. Сөйтіп, Сырдария бойындағы қалалар үшін, Оңтүстік қазақстанның территориясы үшін бір жарым ғасырға созылған күрес уақытша аяқталды. Алайда, Есім ханнан (1598-1628 жж.) кейін Қазақ хандығының жағдайы одан сайыннашарлай түсті, феодалдық қарқысулар ұлғайып, жоңғарлар Жетісудің бір бөлігін уақытша басып алып, бұл өңірде көшіп жүрген қазақтар мен қырғыздарды бағындырды. Бұхара әскерлері Ташкентті алып, қазақтарды ығыстыра бастаған кезде, қазақ ханы Жәнгір (1628-1652 жж.) Бұхара хандығымен одақтасып, жоңғар феодалдарынның шабуылына қарсы күресті. Жәнгір хан өз өмірінің деңін жоңғарлардың шапқыншылығына тойтарыс берумен өткізіп, оларға қарсы үшінші рет 1652 жылы болған шайқаста Жәнгір хан өлтірілді. 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді. XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңдары» деп аталады. Деректемелерде «Жеті жарғының» авторы кім болғаны жөніңде мағлұматтар жоқ. Тарихи аңыздарға қарағанда, оны жасаушы Тәуке хан дейді: ол Күлтөбе деген жерде үш жүздің өкілдері болған билердің басып қосып, «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы» заңдарын «Жеті жарғы» деп аталатын нормаға біріктірген екен деседі. XVII ғасырдың соңы мен XVIIІ ғасырдың басында жоңғар феодалдары қазақ хандығына үздіксіз шабуыл жасап тұрады. Олар Оңтүстік Қазақстанды және Сырдария бойындағы базарлы қалаларды, сонымен қатар ең маңызды кереуен жолдары өтетін территорияны да басып алуға тырысты. 1681 – 1685 жж. жоңғар феодалдары Оңтүстік Қазақстанға бірнеше рет жабуыл жасады

Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саясатындағы қандай ерекшеліктерін атап көрсете аласыз.

Жауап: 1680 жылы хандықтың тағы Жәнгірдің баласы Тәуке ханға (1680-1718 жж.) көшті. Тәуке хан 1680 жылы таққа отырғанда Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайлары мәз емес еді. Феодал шонжарлардың арасында бақталастық пен алауыздықтар күшейе түстіп, әрбір сұлтан өз иелігіндегі ұлыстарды жеке-дара билеп, дербестенуге тырысты. Қазақ жүздерінің арасында бұрыннан келе жатқан байланыстар нашарлап, олар бір – бірінен оқшаулана түсті. Үш жүз үшке бөлініп, сөз жүзінде қазақтың ұлы ханына тәуелді болғанымен іс жүзінде өз алдына билік жүргізді. Бұл жағдайлар жалпы қазақ халқын біріктіріп, сыртқы шапқыншылықтан қорғануға кесірін тигізді. Алауыздық пен өзара дау-жанжал, қақтығысқа белшісінен батқан қазақтарға Шығыстан, Арқадан төтеп берген жоңғарлардың шабуылы күшейе түскен еді.

Осындай қиындық кезеңде хандық құрған Тәуке алдымен Россия және оңтүстіктегі көрші елдермен қарым – қатынасын түзей отырып, қазақ қоғамының ішкі дау-жанжалды, барымтаны тежемей, уақ хандықтардың уақытша болсада ынтымақтастығын көздемей тұрып, сыртқы жаулар мен батыл күресуге болмайтынын ол жақсы түсінді.

Хандық билігін күшейтуге бағытталған ірі-ірі өзгерістер жасады. Тәуке өзінің саясатын феодалдық билер мен шонжарларға, батырларға сүйеніп жүргізді. «Xалық кеңесі» мен «Билер кеңесін» тұрақты орган ретінде қалыптастырып, олардың рөлін арттырды. Жыл сайын белгілі бір мерзімде Күлтөбеде 3 жүздің басын қосқан жиын өткізіп тұрды.

Тәуке ел бірлігі бұзылуының ұйтқышылары феодал ақсүйектер мен сүлтандарды әлсіретуге, мемлекеттік құрылысты күшейтуге тырысты. Жүздер мен ұлыстар арасындағы күрделі тартыстар билер кеңесінде, абыройлы да әділетті де Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, т. б. билер адында шешілді.

Тәуке билікті өз қолына алды. Өзінің алысты болжағыш саясаткер екендігін елге таныта білді. Оның қолына ең маңызды көш – қоңысты белгілеп бөліп беру, алым - салық салу, сот ісі, қарулы күш т.б. қызмет түрлері жинақталды. Сыртқы жағайды назарда ұстап, кәмелетке толғандарға 5 қарумен жүруді міндеттеген.

Сөйтіп, «қара қазаққа» сүйенген Тәуке хан көп нәрсе ұтты. Өйткені билер кеңесі барлық румен тығыз байланыс орнатып, ел бірлігін халық көкөйіндегі көкейтесті мәселелерді: қөш- қоныс, ел тыныштығы, сыртқы жаудан қорғану, т.б. талқыланды. Ақыры, билер кеңесі ханның кеңесу органына айналып, зор саяси маңызға ие болды.

XVII ғасырдың аяқ шенінде қазақтардың әдеттегі қуқық (право) нормалары бір жүйеге келтіріліп, толықтырылды. Тәуке хан билік құрған кезде тұжырымдалған заңдар «Жеті жарғы» деген атпен мәлім, мұның өзі сөзбе–сөз алғанда «жеті ереже» деген сөз. «Жеті жарғыда» орта ғасырдағы қазақ қоғамының патриархаттық-феодалдық правосының негізгі принциптері мен нормалары баянды етілген. Ғылыми әдебиетте бұл заңдық (юридикалық) құжат (документ) «Тәуке ханның ережесі» немесе «Тәуке ханның заңд«Жеті жарғыға» әкімшілік, қылмысты істер, азаматтық право нормалары, сондай-ақ салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ қоғамы өмірінің барлық жағы түгел қамтылған.

Жеті жарғы» жеті заңнан құралды:
1. Жер дауы заңы (земельный закон)
2. Отбасы - неке заңы (семейно – брачный закон)
3. Әскери заң (военый закон)
4. Сот заңы (судебный закон)
5. Қылмысты істер заңы (уголовный закон)
6. Құн заңы (закон о Куне)
7. Жесір дауы заңы (закон о вдовах)





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1060 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...