Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Монғол шапқыншылығының Қазақстан халқына тигізген зардабы



Монғолдар халыкты жаппай қырып-жою соғысын жүргізді. Қалалар мен елді мекендер, сәулетті сарайлар мен мешіттер, суландыру жүйелері әдейі киратылды, өңделген егістіктер караусыз калды. Мыңдаған колөнер шеберлері құлдыққа айдап әкетілді. Халық ашықты. Бұрын болып көрмеген қаталдық, жауыздық әрекеттерге жол берілді. Монғол шапқыншылығы жаулап алған елдерінің экономикалық және мәдени дамуына тежеу салды. Қазақстанның егіншілік және қалалық мәдениеті мешеу қалды. Марко Полоның айтуына қарағанда, монғолдар жаулап алған жерінде қалалардың «әскер енгізуге бөгет жасайтын қамал-қабырғалары мен қақпалары болуына рұқсат етпеді. Осылай ауыздықталған халық көнбіс келеді, бас көтере алмайды». Жетісу қалалары жаугершілік кезінде қиратылған жоқ. Бірақ Жетісудың үстімен өткен қисапсыз көп әскер атының тұяғымен, тонауымен-ақ бұл ауданның шаруашылығына орасан зор зиян келтірілген. Монғол үстемдігі орнағаннан кейінгі он жылдың ішінде қалалар қиратылып, егістік жер мал жайылымына айналдырылды. Монғол феодалдары үстемдік құрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырықшы-егіншілік дамыған, халық тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды. Монғол шапқыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық катынастардың жақсаруына үлес қосты, байланыс және көлік қызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халықтар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халықтар жайлы мәліметтер таратты. Монғол феодалдары үстемдік кұрған бір жарым мың жыл ішінде бұрын қалалық мәдениеті гүлденген, отырыкшы-егіншілік дамыған, халык тығыз қоныстанған Қазақстанның осы бөлігі бүрынғы экономикалық саяси және мәдени маңызынан түгелдей айырылды. Мұның әр түрлі себептері болды.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 13507 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...