Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақ қоғамының әлеуметтік құрылымы



Жауап: Қазақ қоғамындағы түбегейлі әлеуметтік және саяси өзгерістерден заңдық ережелер жинағы — "Жеті Жарғы" өмірге келді. Ол XVIII ғасырдың бас кезінде Тәуке ханның тапсыруы бойынша сол тұстағы белгілі Төле, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке және басқа билердің қатысуымен жазылды. Ереже қазақ қоғамында сол уакытқа дейін мәлім болған заңдық ережелердің табиғи жалғасы, сондай-ақ заман талабына бейімделген нұсқасы еді. "Жеті Жарғы" — қазақ қоғамындағы қоғамдық қатынастарды белгілі бір жүйеге түсірген жеті тараудан тұратын ережелер жинағы. Яғни, ол қоғамдық өмірдің мынадай жеті саласындағы даулы мәселелерді заңдық тұрғыдан шешіп отыруды көздеді: жер дауы, жесір дауы, құн дауы, ұрпақ тәрбиесі және отбасы қатынасы, қылмыс үшін жауапкершілік (ұрлық, барымта, адам қорлау, т.б.), ру-тайпа аралық дay және елді жаудан қорғау. Қасым хан, Есім хан заманында адам өлтірген айыпкер өте ауыр жазаланды, яғни оның өзі ғана өлім жазасына кесіліп қоймастан, отбасы да ойрандалды. "Жеті Жарғы" енді айыпкерге жеті түрлі жаза белгілейді. Олардың арасында "қара қазан" (айыпкерге өлім жазасы), "қара нap" (айыпкерге өлтірілген аса беделді кісіні Түркістанға апарып жерлетіп, құнын төлету), "қара мылтық", "қара кілемт" т. б. жазалар болды.Мұндай өзгерістер, белгілі дәрежеде, қоғам өмірінде жеке адам рөлінің арта түскендігін, өмірлік құндылықтарға байланысты көзқарастың өзгеріске ұшырағандығын білдірсе керек. Мәселен, "әйелді ренжіткен адам одан кешірім сұрауға тиіс, сұрамаса, арсыздығы үшін айып салынады" деп көрсетілген бап та осы мазмұндағы өзгерістер қатарына жатады.Меншікті қорғау — ереженің негізгі міндеттерінің бірі. Жайылым мен егістік — ру, ал мал — отбасы меншігінде. Ереже ақсүйектердің құнын қарашанікінен жеті есе жоғары қойды. "Жеті Жарғы" — ұрлық, қарақшылық, зорлық-зомбылық, сондай-ақ моральдық азғындау сияқты жат қылықтарға байланысты өте қатал шараларды қарастырды. Мәселен, "Әйел зорлау кісі өлтірумен бірдей қылмыс болып есептеледі", т.б. "Жеті Жарғыда" сондай-ақ шариғат жолдары да қарастырылды. Онда: "Құдайға тіл тигізген кісі (7 адам куәлік берсе) таспен атып өлтіріледі, көпір болған адам мал-мүлкімен айдалады", — деп көрсетілді.Ережеге "Құл өмірі құнсыз, ол қожайынның билігінде" деген бап енгізілді. Тәуке ханның Ережелер жинағы қазақ коғамында Ресейдің Уақытша Ережесі енгізілгенге дейін, 1867—1868 жылдары, негізгі заңдық ереже міндетін атқарды. [өңдеу] Меншік қатынастары. Салықтар мен міндеткерліктер XVI—XVII ғасырлар Қазақ мемлекетінде меншік қатынастары болды. Мұны Шыңғыс хан тегінен шыққандардың белгілі бір қалаларды иеленуінен, үлестік жүйенің сақталуынан көреміз. Мәселен, казақ ханы Есім Түркістан қаласын биледі, ал сол кезде Ташкент Тұрсын ханның қолында болды.Жалпы, жер иелену мен жерге деген меншік түрлері мынадай болды:икта,сойырғал,вакуф,милк.Икта — дәстүр лі мағынасында Орталық Азияда Қарахан мемлекеті кезінен белгілі. Арабша "кесінді жер" деген мағынаны береді. Әскери-азаматтық қызметі үшін сыйлық ретінде уақытша жер пайдалану және салық жинау құқынбілдіреді.XIV ғасырдың соңына қарай бұл уақытша жер иелену түрі неғұрлым кеңейтілген құқықтар берілген сойырғалмен ауыстырылды. Сойырғал "сыйға тарту" деген мағына білдіреді. Иктадан айырмашылығы — өмір бойына берілді, демек, мұрагерлікке қалдырылды. Салық жинаумен қатар сот-әкімшілік істерін де басқару мүмкіндігіне қол жеткізді.Вакуфтық жер — салық салынатын мұсылман дінбасы мен мекемелеріне тиесілі жерлер.Милк — жер телімдеріне және халықтан жиналатын салыққа жеке меншік құқы.Райаттар — негізінен, қаладағылар және жер өңдеушілерден тұратын салық төлеушісословие.Алым-салықтардың мынадай түрлері өмір сүрді: Хараж — жер өңдеуші егіншілерден алынатын салық. Баж — саудагерлерден алынатын жол салығы. Жасақ — көшпелі малшылардан алынатын салық.Қамсыздандыру үшін алынатын заттай алым: Зекет — мұсылмандардан сауда мен жылжымайтын мүлік үшін алынатын заттай алым.

XVI—XVIII ғасырларда Қазақстан аумағын мекендеген тұрғындар төмендегідей міндеткерліктер атқарды: Мардикар — суландыру арықтарын қазу, тазарту, көпірлер, жолдар салу, жөндеу жұмыстары, парсыша "мард" — адам, "кар" — іс, жұмыс. Құналғы — әскер бөлімдерін лайықты қабылдау. Жамылғы — әкімшілік адамдарын қабылдау (үй-жаймен, құралмен, тамақпен қамтамасыз ету).Салықтар, алымдар және міндеткерліктер қарапайым халық үшін ауыр салмақ болып саналды.




Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 786 | Нарушение авторского права страницы



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...