Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Азақтардың шаруашылығы мен тұрмысы



Жауап: 15-18 ғғ қазақтар шар-ң жетекші саласы -- көшпелі мал шар-ғы.Әр рудың 800-1000ккм-ге дейін жететін көш жолдары жайлауға шығып қыс қыстауға шығуға мүмк беретін.Малдың негізгі түрі-қой, жылқы, түйе./ішіп-жеу/.Көшпелі малшылар өздерінен артылған малдан түскен өнімдерді қалаға парып сататын, арба ыдыс-аяқ төсек жеткізетін. Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа:мақта матасы, жібек матасы.темірден соғылған бұйымдар,киім-кешектер.шапандар.орамалдарғғбас.аяқ киімдер,т.б үйге қажетті заттар алатын.

63. Қазақ халқында тұрақты егіншілік маңызды рөл атқарды. Қаз-ның оңтүстік аудандары мен Жетісуда суармалы егіншілік дамыды. 15-17 ғасырларда Отырар, Түркістан, Сауран маңындағы егістік жерлерге құбырлар арқылы су жіберіліп отыратын. Басқа жерлерде егіншілік мәдениетінің дәстүрлі ошақтары өзен алқаптары мен көл жағалауларында, шөл және шөлейт дала-ң көгалды жерлерінде дамыды. Егіншілікпен көбіне көшіп-қонуға мүмкіншілігі жоқ кедей жатақтар шұғылданды. Негізгі дақылдар - тары, бидай, арпа, жүгері. Егіншілік Қаратау, Ұлытау өңірлерінде, Ертіс өзені алқабында, Зайсан көлінің жағасында да едәуір дамыды. Егіншілік саймандары – тесе, кетпен, қарапайым соқа, тіс ағаш, тырма, қол орақ болды. Дән түю, ұн тарту үшін ағаш келі, қол диірмен пайдаланылды. Асытқ ұраға көміліп сақталды.

15-17 ғасырларда, әсіресе, оңтүстік Қаз-н қала-ң Орта Азиямен, Шығыс Түркістанмен, Орыс мемлекетімен сауда – саттық байланысы жанданды. Осының арқасында кқшіп-қонушы және отырықшы халық топтарының экономикалық, мәдени-әлеуметтік қарым-қатынасы мүмкіндігінше кеңейе түсті. «Ұлы Жібек» бойында орналасқан Сығанақ, Сауран, Отырар, Түркістан, Сайрам, Жент т.б қала-ң тездеп өркендеуі, қазақ халқының біртұтас ел болуына,тжеке хандық құрып нығаюына үлкен әсерін тигізді. Түркістан, Отырар, Тараз, Сайрам және т.б қала-дан табылған күміс теңгелер мен мыс ақшалар Қазақ хандығы тұсында сауда-саттық өркендеп, ақша айналымы дамығандығын көрсетеді. Бұл металл ақшаларының көбі 15-17 ғ-да Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласында жасалды.

64. XV-XVII ғасырларда қазақтар шаруашылығының жетекші саласы – көшпелі мал шаруашылығы. Әр рудың 800-1000 шақырымға дейін жететін көш жолдары жазда жайлауға шығып, қыс түсе қыстақтарға оралуға мүмкіндік беретін. Олардың қыстақтары малға суықта пана болатын өзен, көл бойларында орналасқан. Тіршіліктің жүйесі алыстағы шалғай жерлерге көшіп-қону, табиғи географиялық жағдайлары мен тарихи дәстүрлерге, ал көшіп қонып баратын жерлерді таңдағанда көбіне халықтар арасындағы қақтығыс, соғыс, шайқастың бар – жоғына, саяси жағдайларға байланысты болды. Малдың негізгі түлектері қой, жылқы және түйе – халықтың тұрмыс – тіршілігіне қолайлы түлектер. Мал бағу ауыр еңбекті, төзімділікті және өмірге икемділікті талап етті. Жем – шөп дайындау жүргізілмеді, қыста мал тебіндеп жайылды. Осының салдарынан қыс қатты болған жылдары малдың жаппай қырылуы кездесетін. Бұл жағдайда малшылар тақырлана кедейленіп қалатын. Қолайлы жылдары мал басы жедел қарқынмен өсіп отырды. К.м.ш қазақ отбасын көп жағынан қамтамасыз етіп тұрды. Кисе – киім, жесе – тамақ, мінсе – көлік, сондай-ақ үй жабдықтары мен көшіп-қонуға қажетті тасымал құралдарын берді. Әскери жорықтар мен шайқастарда жылқыға тең келетін ешнәрсе болмады. Көшпелі малшылар өздерінде артылып қалған малдан түскен өнімдерді Түркістанның Сығанақ, Сауран, Ясы және басқа қала-ң базар-на апаратын, соның ішінде арбалар, төсектер мен ыдыстар жеткізетін болған. Малшылар бұл өнімдеріне айырбасқа қала-дан әр түрлі тауарлар: мақта маталары мен жібек маталар, темірден соғылған бұйымдар, дайын киім-кешектер, шапандар, бас және аяқ киімдер, үйге қажетті заттар алынатын. Көшпелілердің астық өнімдеріне – бидайға, тарыға, арпаға, жеміс – жидекке – сұранысы өте қатты болды.

65-66-67) Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. 1730 жылғы қыркүйекте Сейітқұл Құндағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілік әскери одақ құру емес, Ресейдің құрамына кіру туралы құжат тапсыру үшін Уфаға келді. Әйел патша Анна Иоановнаға өтініш жасалды.

1731 жылғы 19 ақпанда орыс патшасы Әбілқайыр ханға және «бүкіл қазақ халқына» олардың Ресей қол астына ерікті түрде қабылдағаны туралы грамота жіберді. Оны жеткізу үшін 1731 жылғы 30 сәуірінде Кіші жүзге А.И.Тевкелев бастаған елшілік келді. Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сондай-ақ барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақ-ң тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Тевкелевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.

Кіші жүз бен Орта жүз қазақтарының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтуі ұзаққа созылған келеңсіз салдарлары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Патша үкіметі хандар мен сұлтандарды уақыт өткен сайын өзінің бір айтқанды екі етпейтін тәртіпті шенеуніктерге айналдырып алды.

Патша үкіметі жалпы қазақтық хандықтың болуын танудан саналы түрде қасақана бас тарту арқылы Қазақ мемлекетінің аумақтық тұтастығын бұзып, бірлігін ыдырата бастады. Іс жүзінде қазақтардың билеушілерімен ешқандай келісіп алмай-ақ, қазақ-орыс шекарасының бүкіл өн бойына әскери бекіністер, қамалдар, далалық шағын бекіністер салуды үсті-үстіне үдете берді.

1731 жылғы 10-қазанда қазақ сұлтандары мен рубасыларының жиналысында Кіші Жүздің Ресей құрамына бодан болып қабылдануы жөнінде шешім қабылданды. 1731 жылғы 15 желтоқсанда Тевкелевпен келіссөз жүргізген Орта жүз-ң ханы Сәмеке Ресей империясы-ң құрамына кіретінін білдіріп ант беріп, «өзінің мөрін басты». Бұл шарт тек 1734 жылдан кейін жүзеге асырыла бастады. 1734 жылғы 10 маусымда А.Иоановна Әбілқайырға Ор өзенінің сағасынан бекініс салу қажеттігі жөнінде хат жолдап, қала салатын жерге И.К.Кириллов пен А.И.Тевкелевті жіберді. Сол тұста Жайық өзені бойынан 14 қамал салынды. 18 ғасырдың 50-ші жыл-да Ертіс өзенінің жағасына салынған Омбы, Железинск, Семей, Өскемен, Ямышев сияқты қамалдар қалаларға айналды.

Кіші жүздің Хиуа хандығымен, қарақалпақтармен шектесіп жатқан аудандары Ресей құрамына қосылмады. 1740 жылы Орынбор экс-ның бастығы генерал-лейтенант князь В.А.Урусов елшілік тапсырмамен келіп, 19 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында Нұралы, Ералы сұлтан-мен, Жәнібек, Бөгенбай және Есет батырлармен, кейінірек Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтанмен келіссөздер жүргізді. Кіші жүз бен Орта жүз-ң 399 өкілі Ресейге қарайтындығы жөнінде шартқа қол қойылды. 1740-1743 жыл-ң өзінде ғана Кіші жүзбен Оңтүстік Оралдың жерлері түйісетін маңда қазақ-ң қоныстарын тарылытқан, көптеген жаңа бекіністер салынды. Кең байтақ Орынбор өлкесін басқарып отырған И.И.Неплюев Ресей-ң Кіші жүздегі билігін күшейтуге бар күшін салды. 1742 ж тамызда Әбілқайыр хан үшінші рет Ресейге бодандығы жөнінде ант берді. Неплюев Кіші жүздің бағындырылуын тездету мақсатында «Қосалқы жоспар» әзірлеп, Сенаттың бекітуіне ұсынды, оны сенат 1744 жылғы 1 наурызда бекітті. Әбілқайыр хан-ң билігін әлсірету үшін НЕПЛЮЕВ қарақалпақтар мен башқұрт-ды Кіші жүз қазақтарына айдап салды., сөйтіп ұлтаралық қайшылықты қоздырды. 1744 ж Орынбор губерниясы құрылып, оның 1-ші губернаторы болып генерал И.И.Неплюев тағайындалған соң, оның Әбілқайырмен арасында араздық басталды. Неплюев Орынбор өлкесінде отарлау шараларын қатыгездікпен жүргізді. Орыстар-ң Кіші жүз жеріне қоныс аударуына барынша қамқорлық жасады. Неплюев Әбілқайрға қарсы Орта жүз-ң атақты шонжары БАРАҚты айдап салып, бұлардың арасындағы феодал-қ топтық қырқысты шиеліністіруге тырысты. Қырқыс-ң нәтижесінде 1748 ж 1 тамызда БАРАҚ сұлтан Ұлқияқ пен Торғай өзен-ң арасында болған қақтығыста Әбілқайырды зорлықпен өлтірді.

1847 жылы Орта жүз қазақ-ның басым көпшілігі орыс бодандығына өтті.

68-69) 1734 жылғы 10 тамызда Ресей патшасы Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау жөніндегі құжатқа қол қойды. Ұлы жүз хандығына: «Сіздерді қол астымызға Әбілқайырды алған шарт бойынша аламыз». Оңтүстік қазақтары Қазақстан-ң басқа жүздерімен біртұтас елдікті сақтап, Ресеймен бірігуге ұмтылды. 1818 жылы Ұлы жүз қазақтары өздерін Ресей қол астына қабылдауын сұрап, патша өкіметімен келіссөз жүргізді. 1819 ж-ң 18 қаңтарында Сүйін Абылайханов сұлтан өзіне қараған 55462 адаммен Ресейге дал болатыны жөнінде ант берді. 1824 жылы І Александр Ұлы жүз-ң Жетісуда көшіп-қонып жүрген 14 сұлтанын (165 мың ер адамы бар) Ресей-ң қол астына қабылдауы туралы куәлікке қол қойды. 1830 жылы патша өкіметі Орта жүз-ң бірқатар аудан-ң халқынан (25400 үй, 80481 ер адам) ант қабылдады. 1845-1847 жылдары Ұлы жүз-ң барлық рулары дерлік (оңт-те көшіп-қонып жүрген, әлі де Қоқан хандығы-ң қол астындағылардан басқасы) Ресейге қарады. Орта және Ұлы жүз-ң қосылған территорияларында – Ақтау, Алатау, Қапал, Сергиополь, Лепсі, Верный бекіністері салынды. Бұл бекіністер Ресей-ң Іле өзенінің арғы бетіндегі (Заилийск) билігін нығайтуға арналған тірек пунктеріне айналды. 20-40-шы жылдарда Қарқаралы, Аягөз, Ақмола, Баянауыл, Аманқарағай округтерін құру аяқталды. Ұлы жүз-ң қосылған аудандарын басқару үшін 1848 жылы Батыс- Сібір генерал-губернаторына бағынатын үлкен Орда-ң приставы лауазымы белгіленді. Жетісу өлкесінде 1847 жыл мен 1867 жыл аралығында казак-орыстар тұратын 14 станица бекіністері салынды.

70) Абылай хан, Әбілмансұр (1711-1781) - қазақ ханы, ұлы мемлекет қайраткері, қолбасшы және дипломат. Арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары Қазақ даласының негізін салған Әз-Жәнібек, одан соң Еңсегей бойлы Ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.

Абылай жекпе-жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Абылайдың 13 жасар кезі болса керек (онда Абылайдың 1710 жылы туған деуге негіз бар).

Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатына, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды. Абылай 20 жасында қан майданда ерлігімен танылған. Қай жылы туса да, 1730-1733 жылдары аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтайшы Қалдан Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу баласы) Шарышты өлтіреді.

Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанды.

Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық-жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1930-1931 жылдары бірнеше үлкен ұрыс болды. 1732 жылы жоңғардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегі ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайды 20 жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәл сол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны белгілі. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасшылық қабілеті 1730-1740 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т.б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.

18 ғасырдың 30-шы жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. Орыс тарихшысы А.Левшин: «1739 жылы Орта жүзде Сәмеке (Орта жүздің батысындағы аз санды руларды биледі) ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген» - деп жазды.

Абылай билігінің күшейе түсуінің жаңа кезеңі 1744 жылы Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.

Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломатиялық жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740 жылы тамызда Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің «қамқорына» кіруге келісімін білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым-қатынасын суытпады. Петербор мен Бейжіңге елшіліктер аттандырды (1757-1777 жылдары Бейжіңге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесін пайдаланып отырды. Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние салғаннан кейін Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар-қытай соғысын Шығыс Түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.

Абылай шет ел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізген. 1752 жылы ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың адамдай ойрат қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753 ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, сол жылдың шілде - тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға түсірді. 1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетті. 1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасқаннан кейін, қытайлар Абылайдан бітім сұрады.

1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы-жазы үзбестен қатысты. Абылай бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатар, дипломатиялық әрекеттер жүргізуі Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Абылай әскері 1771 жылы Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті. 1771 жылдың күзінде ұзақ уақыт бойы ақылдасқаннан кейін барлық үш жүздің өкілдері жаңа ханды сайлау үшін хандықтың ежелгі астанасы Түркістан қаласына келді. Абылайға ықпалды жырау Бұқар Қалқаманұлы, Әбілпейіз және Болат султандар, Нуралы ханды қоспағанда, Кіші жүз қазақтарының билеушілері, Орта жүз бен Ұлы жүздің өкілдері сөзсіз қолдау көрсетті. Халық көп жиналған кезде қазақ дәстүрі бойынша Абылай ақ киізге көтеріліп, үш жүздің ханы болып жарияланды.

Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754-1755 және 1764 жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарда шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ және Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды.

Абылай соғыс жағдайына сай қол астындағы елде, әсіресе әскер ішінде қатаң тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған жауынгерлердің ел-жұрты мен атамекенін қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты болды. Абылай сан жағынан әлдеқайда басым жаумен шайқасудан еш тайынбады және көбіне үстем шығып отырды. Ол қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

71.Қазақстардың Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуы (1773 –1775)
18 ғасырдың 1-жартысында Ресей империясының Қазақстанда, әсіресе, Кіші жүзде отарлық саясаты үдей түсті. Осы тұста Орал мен Сібірбекіністерін салу, көшіп-қонудың дәстүрлі жүйесіне нұқсан келтірді. Ресей үкіметінің Жайық пен Еділаралығында, Ертістің арғы бетінде көшіп-қонуға тыйым салуы қазақ шаруашылығына кері әсер етті. Оған қоса Батыс Қазақстанда тұз иелігін жасап, оның өнімін Жайық казак-орыс әскеріне сатып алуға міндеттеуі – Кіші жүздің батыс аймағындағы малшылардың жағдайын ауырлатты. Ресей үкіметінің заңсыз әрекетіне наразылық білдірген қазақтардың шағымына ешкім құлақ аспады. Осындай жағдай қазақтардың 1773 – 75 жылы Е.И. Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына себепші болды. Көтеріліс жайындағы хабар қазақ ауылына тез тарады. Нұралы хан хатшысын Пугачевке астыртын жөнелтті. Нұралы Пугачевпен байланыс жасай отырып, бір жағынан Орынбор губернаторына көтерілісшілер отрядының орналасқан жерін, бет алысын мәлімдеп, әрі Пугачевке қарсы әскери көмек те ұсынып, екі жақты саясат ұстанды. Қазақтарды көтеріліске қатыстыруға Пугачев үлкен мән бергенімен, Нұралыны түпкілікті өз жағына қарата алмады. Сондықтан ол қазақтарға тікелей тіл қатуға ұйғарды. Орынборды қоршап тұрған кезінде оның адамдары шақыру “қағаздарын” алып, Кіші жүздің ауылдарын аралап жар салды. Пугачев оларға жер-су сыйлап, дін бостандығын беруге уәде етіп, Екатерина ІІ-нің үкіметіне қарсы бірігіп күресуге шақырды. Орынбор әкімш-нің мәлімдеуі бойынша тама, табын, жағалбайлы руларының кейбір бөліктері бірінші күннен-ақ Пугачевке қосылып, орыс бекіністеріне шабуыл жасады. 1773 жылы 7 қазанда Орынборға жасалған шабуылға 2 мың қазақ қатысып, үкімет әскеріне көп зиян шектірген. Беріш пен шеркеш руларының жасақтары Орал шебінің бекіністерінің гарнизондарына шабуыл жасаған. 1774 жылы қаңтардаА.Овчинников отрядының көтерілісшілері Гурьевті (қазіргі Атырау қаласы) алғаннан кейін, Кіші жүздің батыс жағының тұрғындарына шаруалар соғысының ықпалы күшейе түсті. Ресей әкімш. мен хандарға қарсы кейбір сұлтандар да көтерілісшілерге қосылды. Досалы сұлтан 200 адамдық қолмен баласы Сейдалыны Пугачевке аманатқа жіберді. Ол Орынбор түбіндегі соғысқа белсене қатысты. Сонымен қатар Орынбор қоршауына жәнеЕлек (Илецк) қорғанысына шабуыл жасауға Орта жүз қазақтары да араласты, Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары Пугачев армиясына материалдық жағынан да жәрдем көрсетті. 1774 жылы 10 сәуірде Сакмара ауд-ндағы ұрыста Пугачевтің негізгі күші жеңіліс тапты. Көтерілісшілер армиясының қалған топтары таулы башқұрт жеріне ығысты. Олар Оңтүстік Оралға келісімен көтеріліске қайта қуат бітті. Көтеріліс орталығының Оңтүстік Оралға ығысуына байланысты қазақтардың Сібір қорғандарына шабуылы жиілей түсті. Пугачев Орта жүз қазақтарын өз жағына тартып, әскер әрі ат алу ниетімен оларға үндеу жазып, өкілдерін жіберді. 1774 жылы маусымның басында Сарыторғай маңында Орта жүз старшындары бас қосып, Пугачев үндеуіне келісетіндіктері туралы ұйғарымға келді. Сол жылы Кіші жүз қазақтары Жайық бекінісіне жиі-жиі шабуыл жасады. Жекелеген жасақтар Жаңаөзен уезі менЕділ жағалауына дейін барды. Қазақтар Пугачев армиясының әскери қимылдарымен ұйымдасқан түрде байланыста болмағанымен, олардың шабуылы Ресей үкіметі әскерінің күшіне қарсы тұра білді. Бұл соғыс қазақ халқының өміріне айтарлықтай әсер етіп, Ресей үкіметінің болашақтағы отаршылдық саясатына қарсы күресіне негіз қалады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 1252 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...