Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Түркі кезеңінің ғалымдары мен ойшылдары. Әл-Фараби, М.Қашқари, А.Иассауи, Ж.Баласағұн және т.б



Әл-Фараби 870 жылы Сыр бойындағы Арыс өзені Сырға барып құятын өңірдегі, Фараб қаласында дүниеге келді. Фарабидің толық аты-жөні Әбу-Насыр Мұхаммед Ибн Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан Әл-Фараби, яғни әкесі Ұзлағ, арғы атасы Тархан. Туған жері қазақтың ежелгі қаласы Отырарды арабтар Барба-Фараб деп атап кеткен, осыдан барып ол Әбунасыр Фараби, яғни Фарабтан шыққан Әбунасыр атанған. Әл Фараби, Әбу-Насыр (Әбу-Насыр Мұхаммед ибн Мұхаммед ибн Тархан ибн Ұзлақ әл-Фараби ат-Түрки) (870-950) - Аристотельден кейін дүниежүзі білімі мен мәдениетінің екінші ұстазы атанған данышпан, энциклопедист ғалым, ойшыл, философ, математик, астролог, музыка теоретигі.

Қожа Ахмет Яссауи. Қазақстан мен Орта Азиядағы сопылық поэзиясының көрнекті өкілі, дуалы ауыз данышпан, кемеңгер ақын ағартушы АхметЯссауи 1093 жылы немесе 1094 жылы көне Исфидзат (Сайрам) қаласында дүниеге келген. Оның ата-анасы Ибраһим Ата мен Қарашаш Ана осында тұрып, осы жерде қайтыс болған. Араб, парсы авторларының жазбаларына қарағанда Ахметтің әкесі өз заманының сауатты, көзі ашық адамы болған. Тіптен балауса, бүлдіршін Ахметке араб, парсы тілдерін Таяу Шығыстағы Исфахан, Бағдат қалаларынан ұстаздар жалдап үйретеді. Он алты жасында-ақ болашақ ақын, шығыс поэзиясын, әдебиетін, философиясын жетік меңгереді. Он жеті жасынан бастап, өзі де өлең жаза бастайды. Өз жырларын шығыс авторларынан бірінші болып, сол кездегі шойырлар секілді араб, парсы тілдерінде емес, өзінің ана тілі – түркі тілінде жазған. Иссауи шығармаларының құндылығы осында.

Жүсіп Баласағұни (1021-1075) Баласағұн қаласында туған. Ол түрік отбасынан шыққан, жас кезінен бастап жақсы білім алып, әдебиетпен шұғылданған, парсы-тәжік әдебиетін көп оқыған. «Құдатғу білік» деген 6250 беттен тұратын поэма жазған. Осы еңбекте ол ел басқарған әкімдерді жаман қылықтан сақтандырған. Бұл шығармада Жүсіп Баласағұн өз заманындағы өмір шындығын, қоғамдық сана және белгілі бір әлеуметтік топтардың саяси тұжырымдамасы өзіндік бейнемен көрсетілген. Жүсіп өзінің еңбектерін Қарахан әулетінен шыққан Боғра-қара-хақанға тарту еткен. Осыдан кейін хан оны жоғарылатып, мемлекеттік бақылау қызмет басшысы етіп қояды. Оның бұдан арғы өмірі туралы деректер жоқ.

Махмұд Қашқари. Түркі тілдерін дүние дүзінде ең алғаш зерттеген-энциклопедист, ғұлама ғалым-Махмұд. Ол -Хұсайн ибн Мұхаммедтің баласы. Әкесі Барысханда туған, кейін қызмет бабымен Қашқарға барып тұрған. Шамалап айтқанда ол 1029-1038 жылдардың арасында дүниеге келген. Әкесі сол кездегі Орта Азияны билеген қаған тұқымынан, ақсүйек әулетінен шыққан. Махмұдтың ана тілі- Қарахан мемлекеті қағандарының, яғни Шығыс Түркістан түркілерінің тілі. Оның өмірі мен қызметі жайында тиісті мәліметтер жоқ. Бізге жеткен бір-ақ еңбегі бар- «Диуани Лұғат аттүрік» (1070-1074 жж. Бағдатта жазылған).

29. Шыңғыс ханның Орта Азия мен Қазақстанды жаулауы. 1219-1224ж. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі - Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. ХIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты. 1224 жылы Қазақстан арқылы арқылы Ертістегі Шыңғыс ордасына оралады.





Дата публикования: 2015-02-03; Прочитано: 8248 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...