Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Батыс археологиялық мектептер



Мақсат: археология ғылым ретінде қалыптасуы және дамуы. Батыс Европалық археологиялық мектептін қалптасуы

Жоспар:

1. Еуропа археологиясының қайнар көздері

2. Төңкерiске дейiн өткен зерттеулер

3. Қазiргi заманғы зерттеулер

Әдістемелік нұсқа: Еуропа археологиясының қайнар көздері. Әр-түрлi елдердегi алғашқы қауымдық археологияның даму топтамасы Римдiк - Германдық комиссияның тапсырмасымен құралып және 30-шы жылдары оның баяндамаларында жариялаған болатын.

Еуропалық археологияға жалпы шолу Л. Нидерленің «Тарихтан бұрыңғы замандардағы адамзат», К. Шухгардтың «Ежелгі Еуропа», Г. Чайлдтың «Еуропа өркениетінің бастаулары» және Ч. Хокстың «Тарихи Еуропа негіздері» атты кiтабтарда берілген болатын.

Г.Чайлдтың еуропалық өркениеттiң бастаулары атты жұмысы, салыстырмалы археология мәлiметтерiнiң тарихи тұрғысына негiзделіпмезолиттен бастап қола ғасырына дейінгі Еуропа дамуын суреттеді. Археологиялық мәдениет адам қоғамының,ондағы өзгерiс және қозғалыс осы жұмыста балама ретінде қарастырылады. Чайлдты өз жұмысында археологиялық зерттеудiң осы заманғы әдiстерді қолданды: әр түрлi мәдениеттерді салыстырмалы түрде зерттеп, мәдени-тарихи жалпы дамутенденциясынанықтады.

Көпшiлiк еуропа елдерінде археология туралы мақалалар бастырып шығарылды мысалға, Испаниядағы П.бош-Гимпердің Иберия түбегiнiң нәсiлдері туралы ғылымы, Даниядағы И. Бронстедтің Тарихқа дейінгі Даниясы, Германиядағы Э. Шпрокгоффтың «Солтүстік мегалитикалықмәдениет», В. Буттлердыңнеолит жөніндегі «Дунай және Батыс әлемінің мәдени шеңбері». Ал Румыния және Карпат - Дунай облыстарында В. Пырванның ғылыми- археологиялық зерттеулері өте мәнді рөл атқарған, әсіресе оның Готика және Дакия атты қорытынды жұмыстары.

Поляк археологиясы үшiн И.Костшевскийдiң, әсіресе оның «Польша тарихы на дейнг3 д2уир», «Мезолит дәуірінен бастап, халықтың ұлы қоныс аударуына дейін»«Ұлы Польша тарихы» жұмыстарының маңызы зор.

Периодизацияға арналған еңбектері үшін палеолиттiң ең iрi зерттеушiлерiнiң бiрi француз археологi А.Брейл атап өтуге болады. Төменгi палеолиттi зерттеуші Брейль жұмыстарының арқасында, тағы екi кезең енгiзiлдi: клектондық (шеллем және ашелем аралығы) және леваллуальдық (ашелем және мустьенiң аралығы).

30-шы жылдары А.Руст Гамбург маңайындағы Мейендорф және Штельмоордың ауылдарында қазба жұмыстарын жүргізді. Солтүстiк-батыс Еуропада палеолит дәуірінің соңына жататын ескерткiштер қазiргі кезде гамбурстық,федермессерлік, аренсбурстық мәдениеттерiмен байланысты, ал шығыс Еуропада - Свидерстық. Мезолит зерттеуiнде А.С.Макалистер және Кларк Грэхемiнiң жұмыстарының орны ерекше.

XX ғасырда неолит туралы ұғым кеңіді, бірақ осы уақытқа дейін Швейцария жық ауылдары мен Еуропа мегалитикалық ескерткiштер негiзiнде шектеулі еді. Батыс, Атлантика маңайлы Еуропаның бiр бөлiгiнiң неолитиялық ескерткiштерi ұжымдық жерлеулер бойынша зерттелген,осы тақырып бойынша Испаниядағы Лайснер,Швейцариядағы Вуга, Голландиядағы ВанГиффен, Франциядағы Пуассон, Британиядағы Ле Рузикстратиграф талдауын жасаған болатын. Бiр уақыт ішінде керамика кешендерiнiң очергi, және олардың талдаулары жаңа мәдениеттердiң ашылуына әкелді, дегенмен неолитиялық дәуiр шектерiндегi бiр уақытта пайда болған мәдени құбылыстардың жиыны жария етілді.

Еуропада табылған қола және ерте темірдәуірінің ескерткiштерi бойынша классификация мен хронологизацияны бавариялық археолог

П.Райнек жасады. Өз жұмыстарында Райнек Оңтүстiк Германияның қола және темір дәуірін сегіз кезеңге бөлген еді. Райнектің зерттеулерiнде Солтүстік дамыту пен Орталыі Еуропаның дамуы әртүрлi мақамда өткен болатын, тiптi бір кезеңде деәр-түрлі деңгейде болды. XX ғасырда периодизацияның әмбебап схемаларының тіпті жарамсыздығы мойындалды. Қола дәуірінің Орал, Дунай, Жерорта теңiздiк провинцияларын ажырата бастады, материалдардың толық зерттелуi бiр уақытта өмір сүрген мәдениеттердiң болғанынадәлел болды. Хронология бойынша«қола және ерте темірдәуірдің хронологиясы»атты қорытынды жұмыс,Нильсен Обергтың ғылыми еңбектерiнде көрсетілген болатын. Еуропаныңэнеолит және ерте қола дәуірінің хронологиясы Владимир Милойчичының Орта және Еуропа оңтүстiк-шығыс неолитiнің хронологиясы атты монографиясы болып табылады. Барлаудың мақсаттары үшiн Археологияда соңғы жылдары геофизиканың кейбiр тәсілдері қолданылады, әсіресе ежелгi объекттердiң орналасқан жерiнэлектр өткiзгiштері арқылыанықтау тәсілі.

Сұрақтар:

1. Еуропа археологиясының қайнар көздері?

2. Төңкерiске дейiн өткен зерттеулер?

3. Қазiргi заманғы зерттеулер?

Негізгі әдебиет

Маргулан А.Х., Акишев К.А., Кадырбаев М.К., Оразбаев А.М. Древняя культура Центрального Казахстана. Алма-Ата, 1966.

Марғұлан Ә. Беғаза-дәндібай мәдениетті. Алматы, 2006

Байпақов К., Таймағанбетов Ж. Қазақстан археологиясы. Алматы, 2008

Вагнер Г.А. научные методы датирования в геологии, археологии и истории. М., 2006

Черных Е.Н., Завьялов В.И. Археология и естественнонаучные методы. М., 2005

Қосымша әдебиет

Тәуелсіздік кезіндегі Қазақстан археологиясы: қортындылары мен келешегі. 1-2 Том., Алматы. 2011

Роль естественно - научных методов в археологических исследованиях// сборник научных трудов. Барнаул, 2009

Петров А.Е. Фальсификация исторических источников и конструирование этнократических мифов. М., 2011

Мартынов А.И. Культурогенез. М., 2008

Ткачев А.А. Центральный Казахстан в эпоху бронзы. В двух частях.Тюмень, 2002. ч.I – 289 с. ч.II – 243 с.

Винаградов Н.Б. Степи южного урала и Казахстана. Челябинск. 2011

Кузьмина Е.Е. Древнейшие скотоводы от Урала до Тянь-Шаня. Фрунзе, 1986.

Черников С.С. Восточный Казахстан в эпоху бронзы // Материалы и исследования по археологии СССР (МИА), № 88. М.-Л.,1960.





Дата публикования: 2015-01-14; Прочитано: 798 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...