Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. 1) Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біліп



Жауабы:

1) Фирма баға стратегиясын таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біліп, оларды талдауы қажет. Көбінесе ол, сыртқы себептерден болады. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар: шығндар, тұтынушылар, тауар қозғалысына қатынасушылар, бәсекелестер және мемлекет. Электронды термометрге деген сұраныстың азаюына себеп болып отырған осы факторладрдың ішіндегі тұтынушылар тобы. Соның ішінде этикалық сатып алушылар өздерінің сатып алуымен бұрынғы фирмалардың шығаратын тауарларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын. Сол себептен, бағасының жоғарылығына қарамастан тұтынушылар тауардың сапасына, тиімділігіне, қолайлылығына көп мән беріп отыр. Сонымен қатар жаңадан шыққан электронды термометрге бейімделе алмай, әлі де сапасына күмәнділікпен қарайды.

2) Бағаны құру әдістері: орта шығындарға пайданы қосу әдісі, нысаналы табысқа жетуге бағытталған әдісі, тауардың «құндылығын сезіну» негізінде бағаны есептеу әдісі, кәдуілгі баға әдісі.Осы әдістерінің ішінде тауардың «құндылығын сезіну» әдісін қолданғым келеді. Себебі, бұл әдісте шығындар екінші қатарға, ал тұтынушы мен олардың тауарды қабылдауы бірінші қатарға қойылады. Сатушы тауардың құндылығын алушыға көрсету үшін бағадан тыс әсер ету шараларын кеңінен қолданады: сервис қызметі, ерекше кепілдеме беру, т.б. жеңілдіктер мен ынталандыру әдістері.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 296 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...