Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Әр түрлі категориядағы тауарларды (күнделікті сұраныстағы және люкс-класс тауарлары) өндіретін



Әр түрлі категориядағы тауарларды (күнделікті сұраныстағы және люкс-класс тауарлары) өндіретін компанияның басшылары саясатын сұраныс деңгейіне бағыттап құрастырады, тұтынушылар үшін осы тауарлардың құндылығын арттыру бойынша стратегияларды ұсыныңыз.

Стратегия түрлері
Жауабы:

                                                                                     
       
 
     
дифференциялданбаған (фирма көпшілікке арналған)
 
 
     
дифференциалды
 
нысаналы (мақсатты)
   
шоғырланған
 
мақсатты
 
 
 
 
   
Тауар түрлері
 
       
 
 
   
Күнделікті қолданылатын тауарлар (бағасына қарамастан, сапасының жоғарылығына көп мән берілетін тауарлар)  
   
Люкс-класс тауарлар (тұтынушылардың талғамына сәйкестендіріліп, яғни сыртқы дизайні, әсемдігіне мән берілетін тауарлар)
 
   
         
       
 
 
   
нан
 
 
       
иіс су  
 
брэнд киімдер
         
I pod I phone
 
 
 
 
 


Мен, күнделікті қолданылатын тауарлар санатына нарықты жаппай жаулап алу стратегиясын ұсынамын. Себебі, бұл стратегияда өндіруші өзінің тауарын барлық тұтынушыға бірдей ұсынып, бір типті өндіріспен өтімді біркелкі ынталандыру тәсілдерімен айналысады, соның негізінде, әлеуметтік нарық ұлғаяды.

Мен, люкс-класс тауарлар санатына нысаналы маркетинг стратегиясын ұсынамын. Себебі, бұл стратегияда өндіруші сегменттерді айырып, олардың ішінен біреуін немесе бірнешесін таңдап алып, солардың талабына сәйкес өндіріп, өзінің арнайы маркетинг кешенін қолданады.

12. Тапсырма Әр түрлі тауарларды өткізуді ұйымдастыру бойынша бірнеше мысал келтіріңіз, өткізу арналарының әр түрлі нұсқаларын қолданыңыз (өзіңіздің таңдауыңызды нақтылап түсіндіріңіз)

Мысалы, тіс пастасы тауарын өткізу үшін қарқынды өткізу стратегиясын қолданамын. Яғни бұл стратегияда фирма рынокты максималды қамту үшін және сату көлемін молынан көбейту үшін мүмкіндіктерді максималды сауда орындарын таңдайды. Бұл стратегия әдетте үш деңгейлі арнада әрекет жасайды. Бұл жағдайда көтерме және бөлшек саудалар арасында ірі көтерме саудадан тауарды сатып алып делдалдар ұсақ көтерме саудасын жүргізеді. Тіс пастасына бұл өткізу арнасын таңдау себебім тіс пастасы географиялық принципке сай яғни тауар аумақ бойынша кең таралу мүмкіндігі жоғары.

Екінші бір мысал, IPAD тауарын аламын. Тауарды өткізу стратегиясы ретінде тауарды іріктеп өткізу жүйесін таңдадым. Себебі бұл стратегияда баға мен тауар қасиеттерін салыстыра отырып, тұтынушының таңдамалы өнімдерін өткізуге қолайлы болады. Бұл стратегияда көбіне нөл деңгейлі арнаны, кей жағдйда бір деңгейлі арнаны қолданылуы мүмкін. Себебі тауардың сапасы мен бағасы өте жоғары болғандықтан, тауарды тұтынушыға жеткізудегі кедергілер мен сенімсіздікті төмендеті қажет болады. Яғни біздің жағдайда тауарды өндіруші фирма тұтынушыға тікелей өзі жеткізеді немесе сенімді бөлшек сауда агентін таңдайды.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...