Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Жауап: рынокты әртүрлі көзқараспен бірнеше сегменттерге бөлуге болады



Жауап: рынокты әртүрлі көзқараспен бірнеше сегменттерге бөлуге болады. Себебі тауардың сұранысы, тұтынушының көптеген ерекшелігіне байланысты. Сол ерекшеліктерді топтастыра отырып, сегменттеуге болады. Мысалы тұтынушы тауарларын сегменттеуде мынадай принциптер алынады: демографиялық, психографиялық, тұтынушы құлығы.

Әйелдер аяқ киімін алатын болсақ тұтынушы сегменттеу қорытындысы бойыншы демографиялық принциптерге сүйене отырып, соның ішінде жас шамасына қарай ыңғайлы аяқ киімдерді көп шығару керек. Себебі орта жастағылар жұмысы және басқа жағдайларға байланысты сәндіге қарағанда ыңғайлы аяқ киімді көбірек тұтынады.

Шашқа арналған косметиканы психография жағдайында негіздейтін болсақ, еліктеуіштер, жұлдыздар, жасөспірімдер көп қолданады. Соған қарап өнім шығарушылар емдік косметикаларға қарағанда қарапайым гельдерді көбірек шығаруы керек.

Балалар ойыншығын сегменттеу қорытындысы бойынша ой-өрісін дамыту мақсатындағы 5-7 жас аралығындағы балалар ойыншығы жиі тұтынылады.

Құрғақ таңертеңгі асты сегменттеу қорытындысы: таңғы асты көбінесе ауқатты адамдар, уақыты жоқтар, балаларына көп назар аудармайтындар тұтынады. Сондықтан бұл тауардың сапасын арттыру қажет.

Кір жуу машинасын сегменттегенде өндірушілер толық автоматтандырылған кір жуу машинасын шығарғандары дұрыс. Себебі, кір жуу машинасын қолданатын адамдардың көбінесе уақыты жоқ жұмыс басты болып келеді. Сондықтан да оларға толық автоматтандырылған, яғни жуып, сығып, кептіретін қасиеті бар кір жуғыш машина ыңғайлы болып табылады.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 299 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...