Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Маркетингтік зерттеулердің мәні мен қағидалары



Маркетингті зерттеу – маркетингтік әрекеттерінің ең негізгі буынын ажыратады. Маркетингтік зерттеу дегеніміз маркетингтік дұрыс шешімдерін қабылдау үшін және фирма әрекетіндегі мәліметсіздік жағдайды төмендету үшін мәліметтерді жинау, оларды өңдеу, талдау үрдісі болып табылады. Маркетингтік зерттеулердің мақсаттары әртүрлі болуы мүмкін. Ең бастысы ол зерттеулер әлеуетті тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы рынокты таңдап алу үшін тауарға деген бүгінгі және болашақ сұранысты белгілеу болып табылады. Адамның әрекетінің өзі көп жағдайда зерттеуге негізделген. Адамдар немесе тұтынушылар өз әрекетінде интуицияға жоспар болжамдар үнемі жетілдіріп жақсартып отыруға сүйенеді. Маркетинг өз әрекетінде тұтынушының осы қасиетін пайдалана отырып фирманы нарықтағы жетістікке жеткізуге тырысады. Зерттеудің негізі Ақпарат болып табылады. Маркетингтік зерттеулер тиімді болуы үшін келесі талаптарға сүйенеді: 1) зерттеулер кешенді түрде жүйелі жүргізіліп отырылуы тиіс. 2) зерттеуде ғылыми әдістерді көп қолдануымыз керек. 3) зерттеу заңға сәйкес нормативті деңгейде жүргізілуі керек. 4) зерттеу шаралары басынан аяғына дейін толықтай жоспарланып тиянақталып отыруы керек.

Маркетинг зерттеулердің міндеттеріне мыналар жатады: фирманың нарықтағы бәсекелестік позициясын анықтау, оның өткізу және баға саясатын, тауарды нарыққа жылжытудың мәселелерін бағалау, тұтынушылардың мінез құлқын зерттеу, олардың талғамдарын анықтау, нарықтың әлеуетті мүмкіндіктерін зерттеу, сатып алушылардың жаңа тауарға деген әсерін, бәсекелестер тауарын, макроортаны талдау.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 2214 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...