Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Маркетинг қағидалары мен қызметтері



Маркетинг қызметінің негізгі мақсаты – тұтынушы мен өндірушіні бір бірімен тығыз байланыстыру, бір бірін табуға көмектесу болып табылады. Маркетинг қызметіне келесілер жатады:

· Әртүрлі тұтынушылар топтарының мұқтажын, қажеттіліктерін, сұранысын анықтау;

· Тұтынушыға керекті және қажеттілігін қанағаттандыратын тауар шығару;

· Тауардың құндылығына сәйкес тұтынушыға қолайлы және өндірушіге пайданы жеткілікті деңгейде қамтамасыз ететін баға қою;

· Өндірген тауарды тұтынушыға ең пайдалы және ыңғайлы арнамен жеткізуді анықтау;

· Рынокқа, сұранысты қалыптастыруға және өтімді ынталандыруға белсенді әсер ету жолдарын табу.

Маркетингтің негізгі қағидалары оның концепциясынан қалыптасып, мыналардан тұрады: 1) фирманың нақты белгіленген коммерциялық түпкі әрекет нысанасына бағытталған ұзақ уақытқа арналған мақсатына сәйкес рынок үлесіне жету. Мақсатқа жетуге арналған маркетинг қызметі үш негізгі компонентін анықтайды: мерзімін, ресурстарды, жауапкершілікті. Осыдан тұтынушылардың төлей аларлық мүмкіндіктерінен бастап барлық маркетингтік жағдайдың ұзақ мерзімге арналған болжамын белгілейді. 2) фирманың өз алдына қойған мақсаттарына жету жолдарын комплексті түрде айқындау. Өйткені табысты әрекетті тек қана барлық маркетинг құралдары жиынтығы ғана қамтамасыз етеді. 3)әрекеттенуге таңдап алған рыноктың жағдайын және өз талабын барынша ұштастырып есепке алу, сонымен бірге ол рынокқа нысаналы әсер ету. Өндіруші өзінің тауары мен фирмасын тұтынушымен ұтымды және тығыз қарым қатынасын қамтамасыз ету үшін тұтынушылардың талаптарына неғұрлым бейімделу мақсатымен әсер ету. 4)«келешекті сезу» және соған байланысты жаңа тұтыну қасиеттерімен тауарын өңдеу. Тек осы жолмен ең жоғары коммерциялық нәтижеге жетуге болады. 5)фирманың сыртқы ортасының өзгерісіне өзіне ыңғайлы тез және тиімді реакция қамтамасыз ететін белсенділік, бастаушылық, іскерлік көрсету. Ондай болмаған жағдайда коммерциялық табысқа жету және бәсекелестік артықшылық алу мүмкін емес. Қазіргі кезде ғылым, техника, технология салалары тез дамуда. Бұл бәсеке жағдайын тез арада өзгертіп, маркетинг концепциясын творчестволық қолданғанды, тез арада өзгертіп жатқан рынок жағдайларына бейімделу жолдарын іздегенді талап етеді. Тек осы әдіспен фирма тиімді жұмыс істей алады.

3.

4. Маркетинг тұжырымдамалары, олардың ерекшеліктері және рөлі. Маркетинг тұжырымдамасы фирма қызметінің басты мұраты- сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының өсу мен мол пайда табу мақсатына жетуді көздейді. Маркетинг тұжырымдамасы мына сатылардан тұрады: өндірістік, тауарлық, өткізу, маркетинг(тұтыну), әлеуметтік этикалық.

Өндірістік тұжырымдама- бұл тарихи тұңғыш қалыптасқан маркетингтің өндірістік концепциясы арасында кең тараған тауарларды қолайлы бағамен сатылуын көздейді деген пайымдауға негізделген. Ол техниканы және өндіру процесін жетілдіру, өндіріс көлемін ұлғайту, өндіріс шығындарын азайтуды талап етеді.Осы концепция екі жағдайда қолданылады:а) сұраныс ұсыныстан көп болғанда өндіріс көлемін ұлғайтуға болады. б) тауар шығындарын кең өндіру арқылы төмендетуге болады, ал төмен шығын төмен баға арқылы сатуды қамтамасыз ету, пайданы ұлғайту.

Тауар тұжырымдамасы- концепция негізі тауарды жетілдіру, сапасын,дизайнын, орауын жақсартуға көңіл бөледі. Бұл тұжырымдаманың негізгі қағидасы тұтынушының өзінің сапалық сипаттамалары бойынша бәсекелестердің ұқсас тауарларынан асып түсетін тауарлар мен қызметтерге бейімдеу. Тұтынушылар жоғары сапалы және пайдалану сипаттамалары жақсы тауарларға ықыласты пейіл танытады. Сондықтан фирманың барлық күші үнемі тауарды жетілдіруге жұмылдырады.

Өткізу тұжырымдамасы ұйымдарды мынадай мақсаттарды орындауға бейімдейді: өндірілген тауарды сату, сатып алушыларды табу, өткізу бойынша жоспарды орындау. Өндірушілер және сатушылар өз қызметін, маркетингтің барлық құралдары мен тетіктерін қолдана отырып, тауарларды өткізуге және сатуға бейімдейді. Осы тұжырымдаманы қолданатын өндірушілер тауарлар тапшылығында және монополия жағдайында жұмыс істейді.

Маркетингтік тұжырымдаманың мәні: ұйымның табысты қызмет етуінің шарты тұтынушының қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын анықтау және оларды қанағаттандыру есебінен фирма мен компаниялардың өз мақсаттарына жетуі. Демек, маркетингтік тұжырымдама – клиенттердің мұқтаждықтары мен қажеттіліктерін өтеуге бағытталған фирма жұмысын бір арнаға біріктіру және оларды бәсекелестермен салыстырғанда тауармен тиімді қамтамасыз ету.

Әлеуметтік – этикалық маркетинг тұжырымдамасы- қоғам, тұтынушы, фирма арасындағы қатынас, яғни негізгі факторы осылар болып табылады. Бұл қоршаған ортаға, экологияға, демографияға байланысты дамып отырады. Бұл тұжырымдама мынадай сәйкестендірілген үш факторды пайдалануды талап етеді: фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттілігі, қоғам мүдделерін қанағаттандыру. Әлеуметтік этикалық тұжырымдама негізінде тұтынушылар мүддесі, қоғамның игілігі, компания пайдасы болып табылады.





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 5653 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...