Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тұтыну нарығын сегменттеу түсінігі және қағидалары



Рынокты сегменттеу - тұтынушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында олардың мінез-құлқы мен тұтыну ерекшеліктеріне байланысты нарықты топтарға бөлу процессі. Сементтеудің негізгі мақсаты фирма үшін мақсатты аудитория табу. Тұтыну тауарлары рыногын сегменттеуде мына қағидалар алынады:

· Географиялық негізде рынокты сегменттеуде сатып алушыларды мекендеу орнына немесе климат жағдайына байланысты бөледі.

· Демография негізінде рынокты сегменттеу мына көрсеткіштермен сипатталады: жынысына қарап тұтынушыларды бөлу, жасына қарай, ұлтына қарай, біліміне қарай, табыстың деңгейіне қарай, отбасы адам санына қарай... демографиялық сегменттеуді жүргізу үшін халық санағы кең мүмкіндік береді.

· Психографиялық негізінде тұтынушылар сипаттамалары бір тұтас кешенді болып келеді және мына көрсеткіштерге сүйенеді: қоғамдық топтарға қарай сегменттеу(жалпы тұрмысына қарай қандай тауарларға сұранысы болады); өмір тануына қарай сегменттеу(әсем заттарға құштарлығы); елікпе мінез жандар, ел көзіне түскенді жат көретіндер, атаққұмарлар.

· Тұтынушылардың құлығына қарай рынокты сегменттеудің маңызды белгілері мыналар: сатып алу себебіне қарай тұтынушыларды бөледі(күнде сатып алушылар; тек аса қажетті жағдайда сатып алушылар); іздеген ұтымына қарай(өнімнің сапасы; сатушы көрсететін қызметі, тауардың тұтынуынан түсетін үнем); тұтынушының міртебесіне қарай (тауарды тұңғыш рет тұтынады; бұрын тұтынған; әлеуетті тұтынушы; жаңа сатып алушы); тұтынудың үдемелі қарқынына қарай; орташа тұтынатын тұтынушы; белсенді тұтынатын тұтынушы); тауармен таныстығына қарай өз пікірін сақтау дәрежесіне қарай (өз пікірін сақтаушылар; пікірі өзгерсе де уадесінде тұратындар; пікірі мен уадесі тұрақсыздар; айнымалылар)





Дата публикования: 2015-01-13; Прочитано: 2086 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...