Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сыныс заңы және оның факторлары



Ұсынысқа әсер ететін бағалық емес факторлар мыналар:

Ресурстардың бағасы;Технология;Басқа тауарлардың бағасы;Қолайлы жағдайды күту;

Сатушылар саны;Салық пен жәрдем қаражат.

Ұсыныс көлемі - өндірушілердің немесе сатушылардың сатуға дайын белгілі тауардың саны. Тауарлардың санына келесі факторлар эсер етеді: технология, ұқсас тауарлардың бағалары, өндіріс ресурстарының бағалары, салық және дотациялардың көлемі, табиғат жағдайы, климат т.б.

Ұсыныс бағасы - өндіруші тауардың белгілі көлемде сатуға дайын мини малды баға. Ұсыныс көлемі және оған эсер ететін факторлар тәуелділігі ұсыныс функциясымен анықталады:

Qs= f (P,K, T, N, B);мұндағы: P-ресурстар бағасы;

K-қолданылатын технология;T-салықтар мен субсидиялар;N-сатушылар саны;

B-басқа да факторлар.

Ұсыныс заңы бойынша тауар бағасының жоғарылауы ұсыныс көлемінің жоғарылауына алып келеді және баға төмендегенде ұсыныс көлемі төмендейді. Ұсыныс заңы тауар көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.

Ұсыныс көлемінің өзгеруі бағалы факторлар өзгеруіне байланысты. Графикте бұл өзгеріс ұсыныс қисығының бойымен жылжуына алып келеді. Егер ұсыныс көлемі жоғарыласа, онда ұсыныс қисық бойымен жоғары қарай жылжиды, ал төмендесе керісінше.

Егер ұсынысқа эсер ететін бағалық емес факторлар өзгерсе, онда ұсыныс көлемі өзгереді. Ұсыныстың өзгерісі ұсыныс қисығының оңға немесе солға жылжуына алып келеді. Ұсыныс жоғарыласа ұсыныс қисығы оңға қарай жылжиды.

Ұсыныс - бұл өндірушілердің белгілі бір баға бойынша сатуға дайын тауарларының мөлшері. Тауардың бағасы мен оған деген ұсыныс арасында тура байланыс бар, яғни баға өскен сайын сол тауарларға ұсыныс артады және керісінше, баға төмендеген сайын тауар ұсынысы да төмендейді. Осы тура байланыс ұсыныс заңы деп аталады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1174 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...