Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ақшаның мәні ,міндеттері



Ақшаның ролі барлық кезеңдерде ғалымдарды қызықтырып келеді. Ағылшын экономисті У.Гладсонның байқағанындай, ақша ретінде бағалылығы тұрақты болып табылатын танымал айырбас заттары қолданылды. Оларға балталар, балық аулайтын қармақтар, маталар, терілер, пышақтар, семсерлер, найзалар, жебелер, ұлу қабыршақтары және т.б. жатады. Бұндай түрлілік кейбір экономистерге осылай айтуға мүмкіндік берді: «ақша бұл тауарлар және қызметтерге айырбасталатын жалпылама тауар». Ақшаның шығуын зерттеуде екі тәсіл бар: субъективтік және объективтік. Субъективтік тәсіл - адамдар next

арасындағы бұл туралы келісім нәтижесінде ақшаның пайда болуы. Объективтік тәсіл - ақша тауар – ақша қатынасы нәтижесінде, яғни барлық тауар массасына эквивалент ролін атқаратын процесс.

Тауар өндірісінің дамуына байланысты несиеге тауарларды сату қажеттілігі пайда болады. Олар вексельдер, банкноттар, чектер.

Вексель - ұстаушының белгілі уақытта вексель соммасын төлеуге құкық беретін борыш міндеттеме қағазы. Ол айналымға жіберіледі және ақша қызметін атқарады.

Банкнот - банк векселі. Банкноттың қағаз ақшалардан ерекшелігі:

• қағаз ақшалар алтынмен қамтамасыздандырылған. Банкнот несиелік (коммерциялық вексельдер) және металдық (банктың алтын қорымен) қамтамасыздандырылады;

• қағаз ақшалар - мемлекетпен, банкноталар - орталық эмиссиялы банкпен шығарылады;

• қағаз ақшалар - айналым құрал қызметін, банкноталар - төлем құралы қызметін атқарады;

Чек - бұл арнаулы құжат, онда чекке қол қойған адамның ағымдағы шот есебінен белгілі бір соманы беру немесе аудару туралы банкіге берілген жазбаша құжат. Оның негізгі үш түрі бар:

· атаулы (таралуы шектеулі);

· ордерлі (чек ұстаушы оны индоссамент арқылы жаңа иеленушіге бере алады);

· ұстанушы (индоссаментсіз берілуі);

Әлемдік ақшалар ол ақшаның мемлекет аралық деңгейде барлық қызметті атқаруы. Әлемдік ақшалар үш түрлі қызмет атқарады:

1). халықаралық төлем құралы;

2). халықаралық сатып алу-сату құралы;

3). қоғамның байлығын сипаттаушы құрал.

Сонымен, ақша тауар өндірісінің қажетті элементі. Оның тауарлар дүниесіндегі ерекшелігі: ақша жалпы эквивалент рөлін атқарады, бүкіл тауарлардың құн өлшеуіші.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 705 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...