Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сұраныс заңы және оның факторлары



Сұраныс - бұл белгілі тауарға төлем қабілеті бар қажеттілік, яғни белгілі бір уақыт аралығында тиімді бағаға сатылып алынуы тиіс тауардың мөлшері. Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, олардың ішіндегі негізгісі – баға болып табылады. Баға мен сұраныс арасында кері байланыс бар: тауардың бағасы өскен сайын сол тауарға деген сұраныс төмен болады және керісінше тауарға баға арзандаған сайын оған деген сұраныс жоғары болады. Осы кері байланыс сұраныс заңы деп аталады.

Сұранысқа әсер ететін бағалық емес факторлар мыналар:

1 Сатып алушылар саны; 2 Сатып алушылардың табысы; 3 Балама тауарлардың бағалары;

4 Қолайлы жағдайды күту; 5 Тұтынушылардың талғамы.

Тұтынушылардың талғамы әртүрлі, сондықтан олардың барлығын ескеру қиын, бірақ даму бағыттарын анықтауға болады. Егер бір тауарға тұтынушылардың ұнатуы жағымды өзгерсе ол сұранысты көбейтеді және қисықты оңға жылжытады. Сатып алушылар санының көбеюі сұранысты арттырады. Тұтынушылар табысы өскен сайын әсіресе, сапалы тауарларға сұраныс артады. Егер бір тауардың бағасы қымбаттаған уақытта екінші тауарға деген сұраныс көбейетін болса, онда мұндай тауарлар бірін-бірі ауыстыратын немесе субститут тауарлар деп аталады. Ал бірін-бірі толықтырушы тауарлар сублемент тауарлар деп аталады. Бірін-бірі өзара алмастырушы тауарларға қарағанда өзара толықтырушы тауарларға сұраныс бір уақытта ұсынылады

Сұраныс көлемі дегеніміз тұтынушылардың сатып алуға дайын тауарлар көлемі (саны). Сұраныс бағасы - тауарлардың белгілі көлемін төлеуге дайын максималды баға. Сұраныс функциясы - сұраныс көлемі және оған әсер ететін факторлар арасындағы тәуелділік. Сұраныс функциясының жалпы түрі келесідей болады: Qd = f (P, I, T); мұндағы: Qd - тауардың сұраныс көлемі; Т - тұтынушылардың талаптары мен ұнатулары; Р - тауардың бағасы; I – табыс.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 3597 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...