Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Ндіріс және үдайы өндіріс



Өндіріс - бұл материалдық немесе рухани игіліктерді дайындау процесі. Өндірісті бастау үшін не өндіру керек және қалай өндіру керек мәселесі туады. Маркстік теория өндіріс факторлары ретінде адамның жұмыс күшін, еңбек заты мен еңбек құралдарын қарастырып, оларды екі үлкен топқа бөледі: өндірістің жеке факторы және заттық фактор. Жеке фактор адамның еңбекке деген физикалық және ақыл-ой қабілеттіліктерінің жиынтығы ретінде жұмыс күшін сипаттайды. Заттық фактор өндіріс құралдары болып табылады. Өндірісті ұйымдастыру осы факторлардың үйлесімді қызметін көздейді. Маркстік теория өндіріс факторларының өзара байланысы, олардың бірігу сипаты өндірістің әлеуметтік бағыттылығын, қоғамдағы топтардың құрамы мен олар арасындағы қатынастарды анықтайтындығынан келіп шығады.

Маржиналистік (неоклассикалық, батыс) теория өндіріс факторларының 4 тобын бөліп көрсетеді: жер, еңбек, капитал, кәсіпкерлік қызмет.

Жер - шаруашылық іс-әрекеттің негізі және табиғи байлық ретінде табиғи фактор. Ол кең мағынада қолданылады, өйткені ол белгілі бір көлемде табиғатпен берілетін барлық қазба байлықтарды қамтиды. Өндірістің басқа факторларынан айырмашылығы жердің маңызды қасиеттерінің бірі оның шектеулілігінде.

Еңбек - адамның ақыл-ой және физикалық қызметі, жинақтаған тәжірибе, жалпы және кәсіптік біліміне негізделген өзіндік қабілеттіліктерінің жиынтығы. Экономикалық теорияда өндіріс факторы ретінде еңбек адамдардың пайдалы нәтижеге қол жеткізу мақсатымен шаруашылық іс-әрекет процесіне жұмсайтын кез-келген ақыл-ой және физикалық күш-жігері.

Капитал - тауарлар мен қызметтер өндірісінде қолданылатын еңбек құралдарының жиынтығы ретінде қарастырылады. Капиталды тауарлар мен қызметтер өндірісінде және оларды тұтынушыларға жеткізуде пайдаланылатын инвестициялық ресурстар ретінде анықтауға да болады. Кәсіпкерлік қызмет - барлық басқа факторларды бір жүйеге келтіріп, өндірісті ұйымдастыруда білімі, іскерлік, белсенділік, кәсіпкерлік тәуекел арқылы олардың өзара бірлігін қамтамасыз ететін өндірістің ерекше факторы ретінде қарастырылады. Бұл адам капиталының ерекше түрі. Кәсіпкерлік қызмет өзінің ауқымы мен нәтижесі бойынша жоғары кәсіби дәрежелі еңбек шығындарына теңестіріледі.

Үдайы өндіріс бұл өндіріс процесінің қайталануы. ¥дайы өндіріс жәй және үлғаймалы ұдайы өндіріс болып екіге бөлінеді. Жәй ұдайы өндіріс - өндіріс процесінің алдыңғы масштабындағыдай қайталануы. Ұлғаймалы ұдайы өндіріс - барлық ұлғайтылған мөлшерде жаңартылу түсінігін береді.

Қоғамдық өнім қозғалысының барлық төрт сатысы бір-бірімен тығыз байланысқан және қоғамдық өндірісті құрайды.

Тиімділік қоғамдық өндірістің қалыптасуының басты көрсеткіші болып табылады. Ол өндіріс шығындарының нәтижелік қатынасымен анықталады.

К.Маркс 1885 ж. капиталдың ІІ-ші томында, өзінің капиталдың ұдайы өндірістік схемасында орындаған.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 852 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...