Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Экономикалық теорияның зерттеу әдістері



Экономикалық теория кез-келген ғылым сияқты өзінде шаруашылық өмірді оқып білетін әдісі бар методологияны туралайтын әр түрлі тарту формасымен тәсілін қолданады.

Жалпы ғылыми әдіс - бұл ежелгі грек философтарының негізі мен кейінгі дамыған ғылымдардың ұрпағындағы диалектика материалдық принцип. Осы әдіске байланысты барлық экономикалық процестер үнемі қозғалыста болады.

Бұл процестерді оқып білуде тарихи және логикалық әдіс қолданылады.

Тарихи әдіс пайда болған, дамыған және бірін-бірі ауыстырған дәйектілік көрінісіне талдау жасауға көмек көрсетеді.

Логикалық әдіс осы көріністі зерттеуде оның тарихи жолындағы айнадай бейнесіне қызмет етпейді. Ол бар, танып білген көрініске және абстрактіге енуді болжамдайды. Экономикалық зерттеулердің маңызды әдісі – ғылыми абстракция. Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеу пәнін жеке, кездейсоқ, қысқа мерзімді, дара құбылыстардан біздің түсінігімізді оқшаулап, оның тұрақты, әрдайым қайталанатын мәнін, маңызын ашу. Абстракциялау нәтижесінде экономикалық құбылыстардың жекелеген жақтарын сипаттайтын ғылыми ұсыныстар пайда болады және логикалық түсініктер немесе экономикалық категориялар қалыптасады. Мысалы, тауар, баға, ақша, бәсеке және т.б.

Экономикалық ғылымда қолданылған алғашқы тәсіл- бұл формальды логика. Формальды логика – бұл ойдың оның құрылымы, формасы жағынан зерттелінуі. Формальды логиканың қарапайым категориясы - түсінік. Ол зат жөніндегі ойды белгілейді. Формальды логиканың әдіс-тәсілдеріне қадағалау, синтез және анализ құралдары бойынша алынған материалдық өңдеу, индукция және дедукция, салыстыру, ұқсату, гипотеза, дәлелдеме, заңдар мен категориялар жүйесінің конструкциялануы, оларды тексеру, жүргізілген эксперименттер, модельдер және т.б. жатады.

2.Қоғамдағы өндірістің мәні, әдістері.

Күнделікті өмірде "экономика" және "өндіріс" – ұқсас ұғымдар. Бірақ экономикалық теорияда олар әртүрлі мазмұнға ие. Өндіріс бұл экономиканың тек бір бөлігі ғана. Экономика әрқашан өндірістен тұрады, бірақ өндіріс әрқашан экономика бола бермейді, демек, экономика ұғымының көлемі өндіріс ұғымынан әлдеқайда ауқымды.

Адам мен қоғамның өмірінің негізінде өндірістің шаруашылық қызметі жатыр. Өндіріс - бұл адамдардың табиғаттың заттарына ықпал жасай отырып, материалды және рухани игіліктерді өндіру процесі. Игіліктер деп адамдардың мақсаты мен талабына жауап беретін, олардың кажеттіліктерін қанағаттандыратын заттарды айтамыз. Оларды екі топқа бөлуге болады: табиғи заттар (жер, орман, өзен, көлдер т.б.) және экономикалық игіліктер - адамдардың саналы өндірістік қызмет нәтижелері.

Еңбек - бұл адамдардың материалды және рухани игілік пен қызметті құру бойынша мақсатқа сай қызметі. Еңбек заттары дайын өнім жасаудағы адамның еңбегі мен ықпалы. Еңбек құралдары адамның еңбек заттарына ықпал жасайтын құралдары. Қандайда бір тауар құруға қажетті еңбек заттары мен құралдары өндіріс құраддарын белгілейді.

Игіліктер өндірісі: 1-ден, адам мен табиғатың қарым-қатынасы; 2-ден адамның шаруашылық қызмет процесінде өзара әрекеттерін көрсетеді. Өзара байланыстың 1-ші түрін өндіргіш күштер деп атайды; 2-шісін экономикалық қатынастар деп;атайды.

Өндіргіш күштер бұл қоғамдық өндірістің өзара әрекетіндегі жеке (жұмыс күш) және заттай (өндірістің құралдары) факторлар.

Қоғамдық өнім адамдардың жыл бойғы қызметтерінің нәтижесі болып табылады. Өз айналымында ол төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс қоғамдық өнімді өндірудің бастапқы сатысы, осыдан қозғалыс басталады. Ол қоғамның өмір сүруі және дамуы үшін қажетті материалдық өнім өндіру процесі. Адамзат қоғамы дамуының барлық сатыларында да өндіріс басты орын алады.

Бөлу өндірілген өнімде адамның әрбір анықталған үлесін білдіреді. Айырбас бұл бір тауарлар келесі тауарларға айырбасталатын процесс. Бір шынжырдың бойы сияқты бөлу мен айырбас өндіріспен байланысқан. Айырбас пен бөлу өндіріс пен тұтыну арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.

Тұтыну өз алдына адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін құрылған игіліктерді қолдануды көрсетеді. Өнімді қолданудағы нәтиже қорытындысы тұтыну болып табылады.





Дата публикования: 2014-12-28; Прочитано: 1402 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...