Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Astana motors” АҚ қаржылық–экономикалық дамуы



“Астана - Моторс” компаниясы 1993 жылы ашылды, ол ресми авиомабиль бизнесінде бірінші болды және елдегі өркениетті автомобиль нарығының қалыптасуына негіз салды.

“Астана – Моторс” АҚ ресми президенті – Нұрлан Смағұлов.

Оңтүстік астанада “Toyota Motor corporation” бірінші дилерлік орталығын - “Toyota Center Almaty” ашқанда, оны тұтынушылар мойындады және ол олардан кейін нарыққа келгендермен қатаң бәсекелестік күресті ынталандырды. Қазіргі күнге дейін Toyota автомобильшілердің барлық өспелі ресурстарна жауап беріп отырып, Қазақстанда сату лидері болып қалуда. Нарық тек сандық емес, сапалық жағынан да өсті Нарық арнайы толықпривадтық автомобильдер үшін де жетілді – 2001 жылы Қазақстанға Subaru маркасы да келді.

Қымбат автомобильдер тапшылығын жаба отырып, 2003 жылы “Астана-Моторс” Hyundai жаңа брендімен нарыққа шықты. Бірақ, компания сонда да өзінің таңдаған бағытын – қызмет сферасын тұрақты кеңейту бағытын өзгертпеді. 2005 жылдың жазында компания брендінің потрфелі тағы да 3 әйгілі маркалармен толықтырылды: B неміс BMW және жапондық Honda және Mitsubishi. Алматы, Астана, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Петропавл,Семей, Өскемен және Шымкенттегі жұмыс істеп тұрған автоорталықтарынан басқа таяу болашақта олардың баламалардың республиканың басқа да қалаларында ашу жоспарлануда.

Ресми дилерлердің сату қортындысы бойынша ол республиканың автомобиль нарығының 30 % астамын алып жатыр. Қазіргі кездегі “АҚ” нарықта сатып алынған әрбір үшінші автомобиль “Астана Моторс” Қазақстандық Моторлық компаниясынан сатып алынған. Меншікті аумақты жұмыс істей отырып және ең жаңа құрал–жабдықтарды пайдалана отырып, біз өз клиенттерімізге кепілді және кепілден кейінгі қызмет көрсету мен жөндеуді қамтамасыз етеміз.

Автомобиль нарығында компания орнын мойындау белгісі ретінде біз 2004 жылы “Қазақстандағы автомобильдер № 1” сияқты “Жыл таңдау” фестиваль конкурсының жоғарғы жүлдесін алдық. “астана Моторстың” жоғары білікті кәсіби мамандарының командасы алдағы уақытта да ел мүддесіне жұмыс істеуді көздеуде.

1993 жылы маусымда алдын ала төлеу шарттарында Toyota автомобильдерін тікелей жеткізу туралы бірінші келісім- шарттарға қол қойылады, ол қазан айында Алматы қаласында мамандырылған бірінші авсалон ашылды.

1994 жылы Toyota автоорталығы ұйымы үшін “Металлист” зауытының 1 бөлігі сатып алынды. Мамыр айында ВАЗ, ГАЗ, КАМАЗ, УАЗ автомобильдерін қамсыздандыру үшін қосымша бөлшектерді басқару қалыптасты, желтоқсанда техникалық қызмет көрсету (ТҚ) және жапондық автомобильдерді жөндеу бойынша бірінші мамандырылған техникалық қызмет көрсету сервисі (ТҚС) ашылды.

1995 жылы бірінші автомобиль көлігін сертификаттау сферасында мемлекеттік емес компания “каз сертико” ЖШС құрвлды. OTYOL - IVECO және FORD компанияларымен дилерлік келісім шарттар жасалды. Алматы қаласының әкімшілігіне OTYOL - IVECO-ң 10 автобусы сатылды. Қазақстандағы бірінші TASS (Toyota Autorised Service Station) ашылды. Mobil Oil компаниясымен дистрибьютерлік келісім шартына қол қойылды.

1996 жылы – Қазақстан Республикасындағы Mobil ресми дисттрибьюторының – “Стандарт ойл” ЖШС құрылды. “3 – ші таксомотрлық парк” АҚ-ң акцияларының бақылау пакеті сатып алынды, ғиммарат қайта құрылды.

1997 жылы Астана Моторс” КМК Астана қаласында филиалын тіркеуден өтті Астана қаласында автосалоны ашылды, оған Қазақстан Республикасының Президенті – Н.А.Назарбаев қатысты. “3-ші таксомоторлық парк” АҚ іске қосу үшін TOFAS SAHIN таксиінің бірінші париясы жеткізілді. Бірінші Toyota CARAVAN - Мәскеу – Алматы авто жүруіне қатысты. Компания қызметінің басынан ВАЗ автокөліктерінің 5000 сатылды.

1998 жылы Бішкек қаласында (Қырғызстан Республикасы) филиалы ашылды. “Целин - Лада” АҚ-ң акцияларының бақылау пакеті сатып алынды (Астана қаласы).

Екінші Toyota CARAVAN - Алматы – Тбилиси авто жүруіне қатысу. “3-ші таксомоторлық парк” АҚ іске қосу үшін 100 такси Hyundai Sonata III жеткізілді.

1999 жылы “3 – ші таксомоторлық паркі” АҚ іске қосу үшін қалалық маршруттарға 20 Hyundai County автобустары және 70 Hyundai H – 100икроавтобустар жеткізілді.

2000 жылы Астана қаласында “Астана Моторс” КМК филиалының негізінде “Toyota Center Astana” ЖШС құрылды. Астана қаласында Toyota автоорталығы ашылды.

2001 жылы Қазақстан Республикасында SUBARU автокөлік маркасын тікелей жеткәзу туралы Fuji Heavy Industries (Жапония) дистрибьютерлік келісім шартына қол – қойылды, “Субару Центр Қазақстан” сауда маркасынан “Созвездие авто” ЖШС құрылды.

2002 жылы келесі мекен жайлар бойынша автоорталықтар ғимараттары сатып алынды: Сүйінбай даңғылы 151 (Баянауыл көшесінің қиылысы). “Toyota Center Almaty” жаңа орынға көшті. SUBARU автоорталығы ашылды.

2003 жылы қалалық маршруттарда пайдалану үшін 50 Hyundai County автобустар жеткізілді. “Алма – Ата, ART “ галереясы ашылды. Автокөліктерді көрсету және сату үшін Outdoor display ашылды. “ Hyundai Motor Company” мен дистрибьютерлік келісім шартқа отыру бойынша тендерді ұтты. “Hyundai Center Kazakhstan” сауда ашылды.

2004 жылы Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Өскемен және Шымкент қалаларында филиалдары ашылды. “Subaru Center Kazakhstan” сауда маркасымен “Созвездие Авто” ЖШС және “Subaru” бөлімшесімен “Fuji Heavy industries” арасында дистрибьютерлік келісім шарт жасалды. “Hyundai Motor Company” және “Hyundai Center Kazakhstan” арасында дистрибьюетрлік келісім шарт жасалды. Бүкіл Орта Азияда ең үлкен және заманға сай “Hyundai Motor Kazakhstan”–ға өндірушілердің жоғары сенімділігін білдіреді. “Жыл таңдауы” фестиваль – конкурсындағы жеңісі. “Астана Моторс” Қазақстандық Моторлық Компанияның “Қазақстандағы автомобильдер № 1 титулын алды. Қазақстандағы бірінші автокөлік компанияларының клиенттерін ресми ұйымдастыру – “Астана Моторс” Достар клубы” презентацияланды. 2400 Toyota, Subaru және Hyundai автокөлік маркалары.

2005 жылы Компания “Subaru Sales award – 2004” беделді жүлдесін алды: “Астана Моторс” Қазақстандық Моторлық компаниясы сату динамикасы боойынша әлемдегі Subaru ресми дистрибьюторынан 3 – орынды алды: өсу жылына 202 % құрады.

Компания “BMW AG” неміс автокөліктерінің және жапондық “Honda Motor Corporation” ресми импортері - “Бавария” автоорталығы акцияларының 100 % иеленді, сондай-ақ Mitsubishi әйгілі брендінің автокөліктерін сату басталды.

Қоғам ашық болып таьылады, шекителмеген мерзімге құрылады, коммерциялық ұйым болып табылады. Қоғам ісін басқару мыналармен қамсыздандырылады:

1) Жоғарғы органмен – акционерлердің жалпы жиналысы;

2) Атқарушы органмен – билікпен. Оны қоғам президенті басқарады;

3) Директорлар кеңесімен;

4) Ревизиялық комиссияның бақылау органымен.

Қоғам қызметінің басты мақсаты – жарғыда қарастырылған қызметті жүзеге асыру арқылы пайда табу.

Қоғамның жарғылық қоры 1 00000 теңгені құрайды.

Бух есеп жүргізу және қаржылық есеп беру “ASTANA MOTORS “ АҚ қабылдаған есеп саясатты негізінде жүзеге асырылады.

“ASTANA MOTORS “ АҚ қызметін есепке алудың бүкіл жүйесі шартты түрде келесі түрлерге бөлінеді:

- Қаржылық есеп;

- Өндірістік есеп;

- Статистикалық есеп;

- Кассалық есеп.

Бух есепті жүргізу әдісі:

- Синтетикалық және аналитикалық есептік реестрлер мен қаржылық есеп берулерді жүргізу үшін ДҚ-де автоматтандырылған;

- Қағаздық тасымалдаушыларда автоматтандырылған - шаруашылық операцияларының жасалу мезетінде алғашқы құжаттарды ресімдеу үшін.

Есептік - бухгалтерлік ақпарат “өндірістік туралы Ережеге” сәйкес сақталады.

Жылдық қаржылық есеп беру үшін Есепті кезең болып – Күнтізбелік жыл табылады. Жылдық есеп беру тәуелсіз аудиторлардың тексеруінен кейінгі жалпы жиналыста беккітіледі.

“ASTANA MOTORS “ АҚ. Шаруашылық –қаржылық операциялар фактілерін топтауды тіркеу үшін жарғылық қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып, Бас жоспар негізінде жасалған шоттардың жұмыс жоспарын (ШЖС) пайдаланады. ШЖЖ –да қарастырылмаған операциялар туындаған кезде қоғам оны жасау қағидаларын пайдалана отырып, жоспарды толықтырады.

Өткізуден түсетін, пайда төмендеп келуде және 2005 ж базалық кезеңмен (2004) салыстырғанда пайда теріс мәнді құрады. Өткізуден түсетін пайданың азаюы сату рентабльділігі көрсеткіштерінің азаюына әсер етті. Ол 2004 жылы 16,58 % құраған, ал 2005 жылы ол “минус” таңбасымен болды.

Талданатын кезеңде қолданыстағы бағадағы өнімнің өзіндік құнының өсу қарқыны 488 % құрады. Бұл сату көлемінің қысқаруымен, сәйкесінше туралы шығындардың өскен сомасында өзгермелі шығындар сомасының өзгеруімен түсіндіріледі.

Негізгі қорлардың қор қайтарымдылығы базалық кезең көрсеткішінен шамамен 2,2 есе өсті. Негізгі қорлар құнының 2005 жылы азаюы негізгі қорлардың тозуының өсуімен болды. Бұл компания үшін оң көрсеткіш болып табылады.





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 868 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.009 с)...