Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорынның қаржылық ағымдарының мәні мен түрлері



Қаржылық ағымдар мен капитал кәсіпорынның қаржыларының зерттеуінің негізгі объектісін көрсетеді.

Қаржылық ағымдар анықтамасынан, яғни пайда болуына қарай олар ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Өз кезегінде ішкі нақты формада стандарттық есептемеде таза пайда мен амортизация түрінде берілген, ол өзгеру формасында – кәсіпорыннның қызметкерлері алдында міндеттемелері, кәсіпорының табысының бі бөлігінің таза пайдасы түрінде, міндетті төлемдер табысының жалпы сомасынан есептелгеннен кейінгі – салықтар, алымдар, айыппұлдар, пениялар, проценттердің бір бөлігі және басқа да міндетті төлемдерден құралады.

Таза пайда фирманың қарамағында және оның басқару органының шешімімен бөлінеді.

Сыртқы немесе тартылған қаржылық ағымдар екі топқа бөлінеді: меншікті және заемдық. Бұндай бөліну фирма капиталымен шартталған, яғни нақты бір фирманың дамуына сыртқы қатысушылармен жинақтайды: кәіспкерлік немесе ссудалық капитал түрінде. Сәйкесінше кәсіпкерлік капиталдың салымының нәтижесі болып тартылған меншікті қаржылық ағымдардың пайда болуы табылады, ал ссудалық капиталдың салымының нәтижесі – заемдық қаражаттар болып табылады.

Фирма капиталы ұзақ мерзімге дейін ақшалай формада қала алмайды, себебі, себебі ол жаңа табыстар табу керек. Ақшалай формада ақша қаражаттарының қалдықтары түрінде фирманың кассасында немесе оны банктің есеп шотында тұра берсе, олар фирмаға табыс әкелмейді. Капиталдың ақшалай формадан өндірістік формаға айналуы қаржыландыру деп аталады.

Қаржыландыру екі формаға бөлінеді: сыртқы және ішкі. Бұндай бөліну қаржы ағымдарының формалары арасында мықты байланыспен шартталған және фирма капиталының қаржыландыру процесімен. Қаржыландыру мінездемесі мен түрлері 1-ші кестеде көрсетілген.

Кәсіпорындарды құру кезінде материалдық активтерді, негізгі құралдарды, айналым құралдарын қамтамасыз ету көзі жарғылық капитал болып табылады. Соның есебінен кәсіпкерлік іс-әрекеттерді орындау үшін жағдайлар жасалынады. Жарғылық капитал кәсіпорынның жарғылық іс-әрекетін қамтамасыз ету үшін меншік иелерінің ұсынған қаражаттар сомасын көрсетеді.

«Жарғылық капитал» категориясының құрамы кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық формасына байланысты:

- мемлекеттік кәсіпорын үшін – толық шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорынның мемлекеттің бекіткен мүліктің құндық бағасы;

- ЖШС үшін – менщік иелерінің сомасының үлесі;

- Акционерлік қоғам үшін – барлық типтегі акциялардың жинақталған номиналдық құны;

- өндірістік кооператив үшін – істі жүргізу үшін қатысушылардың ұсынған мүліктің құндық бағасы;

- ­арендалық кәсіпорын үшін – кәсіпорын қызметкерлерінің салымдар сомасы;

- басқа формадағы кәсіпорын үшін, құндық балансқа бөлінген, толық шаруашылықты жүргізу құқығына ие кәсіпорынның мемлекеттің бекіткен мүліктің құндық бағасы.

Кәсіпорынды құру үшін оның жарғылық капиталына салымдары ақшалаі қаражаттар, материалдық және материалдық емес активтер болуы мүмкін.

Жарғылық капитал қаражаттарды бастапқы түрде инвестициялау кезінде құрылады. Оның көлемі кәсіпорынды тіркеген кезде жарияланады, ал жарғылық капиталдың мөлшерін өзгерту тек заңнамамен және учредительдермен қарастырылған құжаттарда көрсетілген жағдайларда және тәртіпте рұқсат етіледі.

Жарғылық капиталдың құрылуы қосымша қаражаттар көзінің құрылуымен бірге жүруі мүмкін, яғни – эмиссиондық табыс. Бұл көз акция бастапқы эмиссиясы кезінде номиналдан жоғары бағада сатылған жағдайда туады. Бұл сомаларды алу кезінде олар қосымша капиталға қосылады.

Өнімді өндіру, жұмысты орындау, қызмет көрсету процесінде реализациядан алынған пайда сомасымен анықталған жаңа құн пайда құрылады.

Реализациядан алынған пайда қаражаттарының өнім өндіруге, ақша қаражаттары қорының құрылуына кеткен шығындарды жабуға кеткен негізгі көзі болып табылады, оның уақтылы түсуі қаражат айналымының үздіксіздігін, кәсіпорынның іс‑әрекеті процесіндегі үздіксіздігін қамтамасыз етеді. Уақытында түспеген пайда іс-әрекеттің іркілісін, табыстың төмендеуін, келісімшарт міндеттемелерінің бұзылуын, айыппұл санкцияларын тудырады.

Пайданы қолдану таратушылық процестердің бастапқы кезеңдерін көрсетеді. Алынған пайдадан кәсіпорын шикізатқа, материалдарға, отынға, электрэнергияға, басқа еңбек құралдарға кеткен материалыдқ шығындарды жабады, және де кәсіпорынға көрсеткен қызметтер үшін де. Пайданың ары қарайғы бөлінуі амортизациялық аударымдардың негізгі қорлары мен материалдық емес активтерінің құрылу көзі ретінде құрылуымен байланысты. Пайданың қалған бөлігі – бұл жалпы табыс немесе еңбекақы төлеуге және кәсіпорынның пайдасының құрылуына бағытталған қайта құрылған құн, және де бюджеттік емес қорларға, салықтарға, басқа да міндетті төлемдерге аударымдар.

Реализациядан түскен пайда қаражаттардың айналымының аяқталуын куәландырады. Пайданың түсуіне дейін өндіріс шығындары мен айналымдар қаражаттардың айналысының құрылу көзі есебінен қаржыландырылады. Қаражаттардың жұмыс істеуіне салынған айналым нәтижесі – шығындарды жабу және қаржыландырудың меншікті көзін құру: амортизациялық аударымдар мен пайда.

Амортизациялық аударымдарды тағайындау – материалдық емес активтер мен негізгі өндірістік қорлардың құрылуын қамтамасыз етеді. Амортизация экономикалық мәні бойынша – негізгі қаражаттарының құнының бірте – бірте тасымалдану процесі және материалдық емес активтердің өндіріліп жатқан өнімге тозу мөлшері, реализация процесінде ақшалай формаға ауысуы және амортизацияланатын келесі активтердің құрылуы үшін ағымдардың жиналуы. Бұл инвестициялық процесті қаржыландырудағы мақсатты көзі.

Пайда экономикалық категория ретінде – бұл өсу еңбегінен құрылған таза табыс. Пайда кәсіпкерлік іс-әрекеттің қаржылық нәтижесін көрсететін экономикалық көрсеткіш болып табылады. Пайда кәсіпорын қарамағында қалады – бұл оның қажеттіліктерін қаржыландыратын көп мақсатты көзі болып табылады, бірақ оны пайдаланудың негізгі бағыттары жинақтау немесе тұтыну ретінде анықтауға болады.

Пайда экономикалық мазмұны бойынша әртүрлі қажеттліктерді қаржыландыру көзі болып табылады. Оны бөлуде мемлекет ретіндегі қоғамның мүдделері, кәсіпорындардың кәсіпкерлік және жабдықтаушыларының мүдделері, жеке жұмысшылардың мүдделері қиысып отырады. Амортизациялық аударымдардан ерекшелігі пайда толығымен кәсіпорын пайдалануына қалмайды, оның көп бөлігі бюджетке салық түрінде түседі, бұл таза табысты бөлудегі кәсіпорын мен мемлекет арасында пайда болатын қаржылық қатынастардың тағы бір сферасын анықтайды.

Пайданың осы бөлінуден қалған бөлігі кәсіпорын иелігіне өтеді.

Жинақтауға бағытталатын амортизациялық аударымдар мен пайданың бір бөлігі кәсіпорынынң өндірістік және ғылыми-техникалық дамуына, қаржылық активтерді бағалы қағаздар сатып алу арқылы құруға пайдаланатын ақша ағымдарын құрайды. Жинақтауға бағытталған пайданың басқа бөлігі кәсіпорынның әлеуметтік дамуына жұмсалады. Пайданң тағы бір бөлігі тұтынуға жұмсалады, соның нәтижесінде кәсіпорын мен тұлғалар арасында қаржылық қатынастар пайда болады.

Пайданы бөлу арнайы қорларды – жинақтау қоры, тұтыну қоры, резервтік қорды құру арқылы жүргізілуі мүмкін немесе таза пайданы жеке мақсаттарға жұмсау арқылы жүргізілуі мүмкін. Бірінші жағдайда кәсіпорында қаржылық жоспарға қосымша ретінде тұтыну мен жинақтау қорларының шығындалу сметасы құрылады. Екінші жағдайда пайданы бөлу қаржылық жоспарда көрсетіледі.

Жинақтау қоры ғылыми-зерттеу, жобалық, құрылыстық және технологиялық жұмыстарға, технологиялық процестер мен өнімнің жаңа түрлерін жасау мен танысуға, технологиялық қарулану мен қайта құрумен байланысты шығындарға, ұзақ мерзіді қарыздар мен олар бойынша пайыздар төлемін жабуға, өнімнің өзіндік құнына байланысты қысқамерзімді қарыздар бойынша пайыздарды, айналым қаражаттарының өсімін, табиғатты қорғау шараларына шығындарды, басқа кәсіпорындардың жарғылық қорын құруға құрылтайшылардың салымы ретіндегі жарналарды, егер кәсіпорын кеңес, ассоциация, концерн құрамына кіретін болса, соларға жарналарды төлеуге қолданылады.

Тұтыну қоры әлеуметтік даму мен қажеттіліктерге жұмсалады. Оның есебіне кәсіпорынның балансындағы әлеуметтік – тұрмыстық объектілерді жөндеу, өндірістік емес объектілерді құру, сауықтыру және мәдени шараларды жүргізу бойынша шығындар қаржыландырылады, кейбір арнайы сыйақыларды төлеу, материалдық көмек көрсету, зейнетақыға қосымша төлемдер, асханадағы тамақтану бағасының қымбаттауы бойынша өтемдер жүргізіледі.

Пайда – резервтік қор құрылуының негізгі көзі. Бұл капитал шаруашылық қызметтегі күтілмеген шығындар мен мүмкін болатын жоғалтулардың орнын жабуға арналған. Резервтік капитал құрылу тәртібі кәсіпорын қызметін реттейтін нормативті құжаттармен, сондай‑ақ жарғылық құжаттармен анықталады.

Қазіргі кезде шаруашылық жүргізуде кәсіпорындардағы амортизациялық аударымда мен пайданы бөлу мен пайдалану арнайы ақша қорларын құруды көбінесе талап етпейді. Амортизациялық қор құрылмайды, ал пайданы арнайы қорлаға бөлу туралы шешім кәсіпорынға жүктеледі, бірақ бұл кәсіпорынның қаржылық ағымдарын қолдануды көрсеттетін бөлу процестерінің мәнін өзгертпейді.

Кәспорын қаражаттарының көзі ретіндегі қосымша капитал негізгі қорлар мен басқа материалдық құндылықтарды қайта бағалау нәтижесінде пайда болады. Нормативтік құжаттар бойынша оны тұтыну мақсаттарына қолдануға тыйым салынады.

Қаражаттардың ерекше көзі әлеуметтік арналымдағы және мақсаттаы қаржыландыру қорлары болып табылады, яғни олар: қайтарусыз алынған құндылықтар, сондай-ақ әлеуметтік –мәдени және коммуналдық тұрмыстық объетілерді ұстаумен байланысты өндірістік емес қызметті қаржыландыруға бағытталаған қайтарылатын және қайтарылмайтын мемлекет қаражаттары, толық бюджетпен қаржыландырылатын шығындарды қаржыландыру т.б.

Кәсіпорын қаржысы қатынастар сияқты шаруашылық қызметте пайда болатын экономикалық қатынастардың бір бөлігі болып табылғандықтан, оларды ұйымдастыру принциптері кәсіпорынның шаруашылық қызметінің негізімен анықталады. Осыдан келе, қаржыны ұйымдастыру принциптерін келесі түрде құруға болады: қаржылық қызметтегі тәуелсіздік, өзін-өзі қаржыландыру, қаржылық –шаруашылық қызметтің нәтижелеріне мүдделі болуы, оның нәтижелері үшін жауапкершілікте болу, кәсіпорынның қаржылық – шаруашылық қызметін бақылау.

Өзін-өзі қаржыландыру – нарықтық экономика жағдайындағы кәсіпорынның сәтті шаруашылық қызметінің міндетті шарты. Бұл принцип өнім қндіріс бойынша шығындардың толық қайтарылымы мен кәсіпорынның өндірістік техникалық базасының кеңеюіне негізделеді, яғни әрбір кәсіпорын өзінің ағымдағы және капитал шығындарын меншікті қаражат көздері арқылы жабады. Өзін-өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті, шығыны көп және пайдалылықтың жеткілікті деңгейін қамтамасыз етпейтін өнімді өндіретін кәсіпорындарда қолданылмайды. Оларға тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар транспорты, бюджеттен қаржыландырылатын ауылшаруашылық және басқа да кәсіпорындар жатады. Сондай-ақ шаруашылық қызметі кәсіпкерлік болып табылмайтын және өнімді өткізуден алынған қаражаттар есебінен қаржыландырылатын қорғаныс кәсіпорындары жатады.

Қаражаттардың уақытша жеткіліксіздігі жағдайында олар қарыздық қаржылық ағымдар есебінен қамтамасыз етілуі мүмкін.

Фирманың тартылған қаыздық қаржылық ағымдары көбінесе төмендегідей нысандарда кездеседі:

- банктік несиелер мен қарыздар;

- фирманың облигациясын шығару мен сатудан түскен қаражаттар;

- нарықтық банктік емес басқа субъектілерінен алынған қарыздар.

Отандық тәжірибе жағдайында банктік және банктік емес ұйымдардан қайтарылатын негізде ақша ағымдарын тартудың маңызы зор. Қазақстанда несиелер мен қарыздарды несиелік институттар – банктер бере алады. Банктік емес ұйымдардан қайтарылатын негізде алынған қарыздар заңнамаға сәйкес фирманың табысы ьолып табылады және салық салынады.

Орталықтандырылған жоспарлы экономикады кәсіпорындар белгілі бір жағдайларда банктің ұзақ мерзімді қарыздары түріндегі қосымша қаражаттарды тарта алатын болады. Отандық кәсіпорындар банктік несиелерді қызметті қысқа мерзімді қарыжландыру құралы ретінде пайдалануда тәжірибесі жеткілікті. Ал капитал көзі ретіндегі банктермен қарым-қатынас тәжірибесі нашар. Оның себебі көп – кәсіпорын мен банктер тарапынан тәжірибесі мен дәстүрлі қалыптаспаған, жоғары инфляция және Орталық банктің есепке алу ставкаларын жүргізу ұзақмерзімд несиелерді алуды төмендетеді және т.б.

Нарықтық экономикада ұзақмерзімде қарыз қаражаттарын тартудың кең таралған нысаны акционерлік қоғам бір жылдан кем емес мерзімге шығаратын облигациялық қарыз, сондай‑ақ үлестікбағалы қағаздарды шығару болып табылады. Нарық жағдайындағы қаржы менеджменті тәжірибесінде кәсіпорын қызметін қаржыландырудың басқа да жолдары белгілі. Оларға опциондар, қарзыдқы операциялар, лизинг, франчайзинг жатады.





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 1520 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.016 с)...