Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кәсіпорынның қаржы ағымдарын басқару



Ұйымның қаржы ағымдарын басқарудың басты мақсатына жету, яғни қысқа және ұзақ мерзімді перспективада оның меншік иелерінің жағдайын максимизациялау келесі негізгі міндеттерді шешумен байланысты:

1) Ұйымның жақсы шаруашылық қызметті жүзеге асыру үшін қажет қаржылық ресурстардың жетккілікті көлемін қалыптастыру;

2) Инвестициялау бағыты бойынша қалыптасқан қаржылық ресурстарды бөлуді оңтайландыру;

3) Ұйымның қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану процесстерін тиімді бпақылауды қамтамасыз ету.

Ұйымның қаржы ағымдарын басқарудағы барлық аталған міндеттері өзара өте тығыз байланысты және ұйымның қаржы менеджментінің 3 негізгі құрамдас бөлігінің көрінісі болып табылады:

1. Оңтайлы қаржылық шешім қабылдау;

2. Оңтайлы инвестициялық шешім қабылдау;

3. қабылданған қаржылық және инвестициялық шешімдерді жүзеге асыруды бақылау бойынша тиімді іс – шаралар жасау.

Ұйымның қаржы ағымдарын басқару мазмұнын кезекті әрекеттер – басқару функцияларының жиынтығы ретінде қарастырамыз. Бұл кезде, олардың құрамынан басқару шешімін қабылдауды және қамсыздандыру функцияларын болжайтын, басқару шешімін қабылдауды болжамайтын, бірақ қаржы ағымдарын басқарудың негізгі функциялары бойынша шешім қабылдауда ақпараттық қамсыздандыруды қалыптастыратын негізгі функцияларды ажыратуға болады.

Енді, ұйымның қаржы ағымдарын басқарудың негізгі функцияларын қарастырайық.

Алдағы кезеңге қаржы ағымдарын жоспарлау ұйымның қаржы ресурстарын пайдалану бойынша яғни инвестициялық шешімдер және қаржы көздерін таңдау және қажетті қаржы ресурстарын тарту, яғни қаржылық шешімдер қабылдаумен, сондай-ақ қабылданған шешімдерді орындауды тұрақты бақылау (мониторинг) жүйесін жасаумен байланысты.

Ұйымның қаржы ресурстарын жоспарлау процесінде мыналар жүзеге асрылады:

1) Ұйымның инвестициялық мүліктерін және қаржыландыру мүмкіндіктерін талдау;

2) Күтілмеген жағдайларды болдырмау және ағымдағы және болашақтағы шешімдер арасындағы өзара байланысты түсіну үшін ағымдағы шешімдердің нәтижелерін болжау;

3) Бірқатар шешімдерден таңдап алынған шешімді негіздеу (осы нұсқа жоспардың соңында көрсетіледі);

4) Ұйымның қаржы жоспарында белгіленген мақсаттармен салыстырғанда жеткен нәтижелерін бағалау.

Қаржы ағымдарын жоспарлау обьектісі болып ұйымның ақша қаражаттарын қорларын қалыптастыру және пайдалану табылады. Ал нәтижесі – табыстар мен жинақталымдарды, яғни қаржылық жоспарларды құру және пайдалану.

Қаржылық жоспарды жекелеген қаржылық көрсеткіштер бойынша тапсырма ретінде, қаржылық көрсеткіштермен көрсетілген бизнес – жоспар ретінде немесе кәсіпорын дамуының көрсеткіштерінің өзара байланысын қамтамасыз ететін баланстық құжат ретінде қарастыруға болады. Жекелеген көрсеткіштер бойынша жоспарлы тапсырмалар барлық пайдаланылатын ресурстардың түрлерін сәйкестендіруді талап етеді: материлдық, еңбектік, қаржылық.

Қаржы ағымдарын жоспарлау әр түрлі көздер есебінен болжанған қаржы ресурстарының түсімін бағалау, сондай-ақ қалыптастырылатын ақша қаражаттарының қорларының құрамы мен құрылымын реттеу арқылы жүргізіледі. Жоспарланатын құжаттарды дайындау үшін ақпараттың 3 түрі қолданылады:

1) Басшылардың, басқарушылардың бағалуы;

2) өткен кезеңдердің қаржылық көрсеткіштері;

3) алдағы қаржылық қызметтің күтілетін жай күйі.

Қаржылық жоспарларды жүзеге асырудың 2 негізгі әдісттемелік тәсілін ажыратуға болады. Олардың біріншісі, басқарма бұрын таңдап алынған қаржылық саясатты жалғастыратындығын күту. Қаржылық саясаттағы өзгерістерді жақтаушылар қауіп төндіретін жағымсыз оқиғаларды ескерту және өзгеріс енгізудің қажеттігін дәлелдеу үшін бұл тәсілді жиі пайдаланады. Қаржылық жоспарлау қаржылық тәсілінің негізінде кәсіпорын басқармасының қаржылық саясаты бірқатар өзгерістерге ұшырайтындығын болжау жатыр. Бұл жағдайда қаржылық жоспарлаудың міндеті – ұйымның қаржылық қызметі мен қаржылық жағдайына басқарманың жаңа бағытының мүмкін болатын әсерін көрсету.

Қаржы ағымдарын жоспарлауда маңызды орын – нақты қажет болып табылатын бірақ, қаржылық болжам оны бағалау мен қабылдаудан кейін ғана қаржылық жоспар болатындықтан жеткіліксіз элемент болып табылатын оларды болжай алады. Сондықтан, қаржылық болжауды қаржылық жоспарлаудың маңызды құрамдас бөлігі ретінде сипаттауға және кәсіпорынның болашақтағы қаржылық дамуының мүмкін жолдарын зерттеу мен жасау ретінде анықитауға болады. Оның міндеті – болджанаған кезеңде қажет қаржылық ресурстар көлемін анықтау оларды қалыптастыру мен орын лаып жатқан тенденцияларды талдау негізінде және оларға әр түрлі факторлардың әсерін ескерумен айтарлықтай тиімді пайдалану бағытын табу. Болжау кәсіпорынның нарықтағы тұрақты жайы мен берік қаржылық тұрақтылығына жетуді қамтамасыз ететін қаржылық саясатты жасаудың мүмкін болатын баламаларын қарастыруға мүмкіндік береді. Қаржылық болжау көмегімен қаржылық ресурстардың болуымен инвестицияға қажеттіліктерді үйлестіре отырып, кәсіпорын қызметінің түрлі бағыттарын өзара анықтайды; ол әр түрлі әдетте қарама қайшы мақсаттарды – мысалы, кәсіпорынның жалпы ресурстарындағы қарыз қаражаттарының үлесін сату көлемінің арттырумен бір уақытта төмендетуді сәйкестендіруге мүмкіндік береді. Қаржылық болжау кәсіпорынның қаржылық дамуының әр түрлі көріністерін салыстыруға және алынған ақпаратты жүйелендіру және мәнін ашу негізінде олардың ішінен ең оңтайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді. Қаржылық болжау кезінде инфляциялық құрамдауыштар міндетті түрде ескерілуі және оған барлық есептеулерді түзетулер жасалуы өте маңызды.

Қаржы ағымдарының қозғалысын ұйымдастыру өз кезегінде оны құрайтын қаржыны басқару жүйесінің бірі болып табылатын ақша қорларын басқару механизмін қалыптастырумен байланысты, және екі аспектіні кіріктіреді: Олардың қалыптасу көздерін анықтау мен оңтайландыру және жинақталатын ақша қаражаттарын тиімді пайдалану. Отандық экономикалық әдебиеттерде ұйымның қаржыларын басқару жүйесі “қаржылық механизмі” деп аталады, ол аталған мақаланың авторларының пікірінше “бір бағытты” болып сипатталуы мүмкін себебі, ұйымның қаржы ресурстарын пайдалануды қарастырмай, тек оларды қалыптастыруға ғана мән береді. Сондықтан, “қаржылық механизмі” терминін “қаржылық –инвестициялық механизм” терминіне өзгерту керек, себебі осы атау ғана қаржы менеджментінде қабылданатын егізгі шешімдердің 2 негізгі шешімдерін жүзеге асыру процессін көрсетеді: қаржылық және инвестициялық.

Ұйымның қаржы ағымдарының қозғалысын реттеу қаржылық жоспарды жүзеге асыру кезінде туындайтын, одан ауытқұуларды жою процессі ретінде қарастырылуы мүмкін. Инвестициялық және қаржылық шешімдерді жүзеге асырумен және осы шешімдерде негізге алынған мақсаттарға жету үшін олардың тиімділігінің жетіспеуі жағдайында оларға сәйкес қаржы ағымдарының қозғалысын орындаумен байланысты барлық ұйымдастырушылық – техникалық іс шаралар реттелуі мүмкін. Мұндай іс шараларға мыналар жатады: инвестициялық бағалау процессі; Шаруашылық жүргізуші субьектісінің қаржылық ресурстарын және оның құрамдас бөліктерін пайддалану процессі; Шаруашылық жүргізуші субьектісінің негізгі және айналым капиталын, меншікті және қарыз қаражаттарын басқару бойынша нақты іс әрекеттер және т.б. Сонымен қатар, бақылау іс- шаралары да реттелуі мүмкін, мысалы: қаржылық ақпарат мониторингінің процессі немесе ішкі қаржылық тексерулер нәтижелері бойынша, егер олардың тиімділігі аз болса, басқару шешімдерін жасау әдістері.

Ұйымның қаржы ағымдарын басқару бойынша шешім қабылдау мен жүзеге асыруға, сондай – ақ сәйкес бақылау іс-шараларын жасау және жүзеге асыруға жауапты қызметкерлерді мотивациялау (ынталандыру) яғни, сңғы нітижеде ұйымның службасы жұмысшыларын мотивациялау да маңызды болып табылады. Аталған жағдайда мотивациялау функциясы ұйымның қаржыгерлерінің айтарлықтай тиімді жұмысын қамтамасыз ететін материалдық және моральдік ынталандыру жүйесін жасау мен пайдалануға негізделуі тиіс.

Ұйымның қаржы ағымдарының қозғалысын бақылау (мониторинг) нақты қаржы ағымдарының ұйымның жоспарланған ақша қаражаттары бюджетіне сәйкестігін тексеруге, сондай-ақ тексеру нәтижелеріне сәйкес келетін басқару шешімдерін жасауға бағытталған.

Ұйымның қаржы ағ,ымдарын басқаруды қамтамасыз ететін функциялар ретінде бухгалтерлік есеп пен қаржылық талдау қарастырылуы мүмкін.

Бухгалтерлік есеп – бұл белгілі бір ұйым туралы қаржылық ақпаратты қадағалау, өлшеу, өңдеу және беруді жүзеге асыратын жүйе. Аталған жағдайда оның негізгі міндеті – ұйымның осы ақпаратты оның қаржы ағымдарын басқару бойынша шешім қабылдауға пайдалану мақсатын қамтамасыз ету. Бұл кезде ақша қаражаттарының шоттары бойынша жатқызуға және ақша қаражаттарының қозғалысы туралы мәліметтерге ерекше көңіл бөлген жөн.

Қаржылық иалдауды ұйымның қаржы ағымдарын басқару жүйесіндегі талдау, яғни ұйымның нарықтық құнын арттыру резервтерін анықтау және тиімді қалыптасуды қамтамасыз ету мақсатында оның қаржылық жағдайы мен қаржы ағымдарын зерттеу ретінде қарастыруға болады.

Қаржы ағымдарын басқаруды қамтылатын проблемалар шеңбері айтарлықтай кең, солай бола тұра, олардың ішіндегі бірінші кезекитегісі – ұйымды өзінің шаруашылық қызметін сәтті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жағдайда, ұйым нақты қанағаттандырылатын сыртқы көздер есебінен қаржыландыруға қажеттілікті дұрыс есептеу ерекше мәнге ие. Сондықтан, ұйымның қаржы ағымдарын басқару элементі ретінде қаржылық талдау құрылымы 3 құрамдас элементтен тұрады:

1) Қаржылық жағдайды талдау;

2) Тәуекелді талдау;

3) Қаржыландыруға қажеттілікті талдау.

Қаржылық жағдайды талдау барысында ұйымның өз қызметін қаржыландыру қабілеті, яғни қалыпты қалыптасуы үшін қажет қаржы ресурстарымен қамсыздандырылғандығы, оларды орналастыру мақсаттылығы мен пайланау тиімділігі зерттеледі. Талдаудың ақпараттық базасы – кәсіпорынның бухгалтерлік қаржылық есеп беру мәлііметтері.

Ұйымның қаржылық жағдайын талдау 2 бағытқа бөлінеді: қаржылық коэффициенттерді талдау және қаржылық ағымдарды талдау. Қаржыылқ коэффициенттерді талдау ұйымның қаржылық жағдайын статистикалық бағалауға мүмкіндік береді, ал қаржылық ағымдарды талдау – ұйымның қаржылық динамикасын, яғни ұйымның қаржы ағымдарының қозғалысымен көрсетілген қаржылық жағдайының өзгерісін бағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, пайданы талдауды қаржы ағымдарын талдаудың өзіндік элементі ретінде қарастыруға болады.

Ұйымның мүліктік жағдайын бағалау процессінде оның активтерінің құрамы, құрылымы және динамикасы (әдетте баланстық бағалауда) зерттеледі. Ұйым активтері оның инвестициялары ретінде қарастырыла алғандықтан, ұйымның мүліктік жағдайындағы өзгерістер оның инвестициялық саясатындағы өзгерістермен шарттастырылуы мүмкін. Ұйымның мүліктік жағдайының бағасы оның инвестициялық саясатындағы талдау құралының бірі ретінде де қарастрылады.

Қаржылық тұрақтылықты бағалау пассивтердің (ұйымның қаржыландыру көздерінің) құрамын, құрылымын және динамикасын зерттеумен байланысты. Бұл кезде міндеттемелер мен меншікті капиталдың қатынасына, олардың өсу қарқынына ерекше мән беріледі. Ол ұйым басқармасының қаржылық шешім қабылданғанда тәуекелге бару бармау бейімділігі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Төлем қабілеттілік пен өтімділікті баалау кезінде ұйымның өзінің барлық міндеттемелер бойынша есеп айырысу қабілеттілігімен (төлемқабілеттілікпен қатар, оның қысқа мерзімді міндеттерді өтеу және күтілмеген шығындарды жүзеге асрыу бойынша мүмкіндігі (өтемділік) талданады. Сонымен қатар, төлемқабілеттілікті талдау процессінде ұйымның активтерін қаржыландыру әдісі (хеджирленген, консервативті немесе агрессивті) бекітілуі мүмкін.

Іскерлік белсенділікті талдау барысында көрсеткіштердің 3 тобы талданады:

1) Ұйымның ресурстарын интенсивті пайдалануды сипаттайтын айналымдылық көрсеткіштері;

2) Ұйым қызметінің немесе оның өз ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын рентабльділік көрсеткіштері.;

3) Бағалы қағаздар нарығында ұйымның акционерлік қоғам жағдайын сипаттайтын нарықтық белсенділік көрсеткіштері.

Сонымен қатар, активтер мен меншікті капиталдың рентабльділігінің үлгілері (Дьюпон үлгісі) және ұйымның қаржылық шаруашылық қызмет есебінен меншікиті капиталды арттыруға қаржылық жағдайдың негізгі көрсетікіштерінің әсерін бағалауға мүмкіндік беретін экономикалық өсудің тұрақты коэффициентінің факторлы үлгісі пайдалануы мүмкін.

Қаржылық жағдайсыздықты бағалау процессінде Үкімет қаулысымен ұсынылған критерийлер негізінде ұйымның баланс құрылымының қанағаттандырылғандығы бағаланады, сондай–ақ экономикалық статистикалық факторлық үлгілерді (Альтманның Z – шоты,т.б.) пайдаланумен ұйымның банкротқа ұшырау ықтималдылығы болжанады.

Қаржылық жағдайдың рейтингтік бағасы әлеуетті инвесторлар үшін үлкен маңызы бар үйымның ұқсас кәсіпорындар арасындағы нарықтағы орын анықтауға мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды кешенді бағалу ретінде қарастырылуы мүмкін. Ұйымның қаржылық жағдайын рейтингтік бағалау жүйесін жасау 3 негізгі кезеңнен тұрады:

1) Рейтингті есептеу үшін пайдаланылатын көрсеткіштер жүйесін таңдау және негіздеу;

2) Осы көрсеткіштердің экономикалық базасын жасау және экономикалық негіздеу;

3) Ұйымды оның қаржылық жағдайының тұрақтылығы дәрежесіне байланысты топтарға бөлуге мүмкіндік беретін қаржылық жағдайды қорытынды рейтингтік бағалу алгоритмін жасау.

Қаржы ағымдарын талдау процессінде ұйымның ағымдағы ақшалай қаражаттарының ағымы (құйылым, ағылым, таза ақша ағымдары), инвестициялық және қаржылық қызмет: көлем, ұзақтылық, кезеңділік, құрылым, динамика сипаттамалары зерттеледі. Қаржылық ағымдарды трендтік талдау мәліметтері ұйымның қаржылық жағдайының өзгеру перспективасын бағалауға мүмкіндік береді.

Ұйымның қарэжылық талдауының 2- ші элементі – тәуекелді талдау. Қаржы менеджментінде тәуекел деп – табысты толық ала алмау ықтималдылығы түсіндіріледі. Тәуекелдің көптеген түрі бар, бірақ қаржылық талдау процессінде кез келген ұйымның қалыптасуы кезінде алдын алу мүмкін емес айқынсыздық пен тұрақсыздықтың болуын көрсететін бизнес – тәуекелге (іскерлік тәуекел) ерекше көңіл бөлінеді. Тәуекелді талдаудың ақпараттық базасы – бухгалтерлік есеп мәліметтері және ұйымның қаржылық есеп беруі. Бизнес тәуекелді талдау оның 3 негізгі құрамдас бөліктерінде жүргізіледі: коммерциялық тәуекел, өндірістік (операциялық) тәуекел және қаржылық тәуекел.

Коммерциялық тәуекел бүкіл өнеркәсіптік салалрға тән табыстардың сенімсіздігінің көрінісі. Сонымен мысалы, алдыңғы қатарлы технология кәсіпорны интенсивті кәсіпорын бәсекеге түседі және олардың өнімі бір мезетте ескеруі мүмкін. Коммерциялық тәуекел өнеркәсіп салалрының кредиторлары бекітетін проценттік ставкаларда көрініс табады және оны потенциалды кредиторлармен және инвесторлармен келіссөздер жүргізгенде міндетті түрде ескеру қажет.

Өндірістік (операциялық) тәуекел коммерциялық тәуекелге ұқсас. Бірақ, ол жалпы салаға емес, кәсіпорын деңгейі үшін тән және ұйымның өз табыстары мен қызметтеріне сұраныстың өзгеруіне тез әсер ету қабілеттігіне қатысы бар. Өндірістік тәуекел өлшемі болып операциялық леверидж табылады. Операциялық леверидж – бұл ұйымның тұрақты эксплуатациялық (өндірістік) шығындарды басқару қабілеті. Операциялық леверидждің болуы өндірістік қызмет көлемі белгілі бір аралықта өзгерсе де, осы қызметті жүргізудің қазіргі уақытта шығындарының бір бөлігі тіркелмегендігін білдіреді. Өзіндік құндағы тұрақты эксплуатациялық шығындардың үлесі жоғары сайын, операциялық леверидж деңгейі де соншалықты жоғары, сәйкесінше ұйым қызметімен байланысты өндірістік тәуекел де жоғары және кредиторлар ұсынатын проценттік ставка да соншалықты жоғары болады.

Қаржылық тәуекел ұйымның активтерін қаржыландырумен байланысты басқару шешімдерінен туындайды. Қаржылық тәуекелді бағалау құралдары болып қаржылық тұрақтылық мен төлемқабілеттілік көрсеткіштері табылады, бірақ қаржылық тәуекелді талдаудың айтарлықтай тиімді құралы болып қаржылық леверидж есептеледі. Қаржылық леверидж және қаржылық тәуекел өлшемі ұйымның капитал құрылымында қарыз міндеттемелері мен артықшылығы бар акциялар үлесі және оларға қызмет етуге кететін шығындар жоғары болған сайын қаржылық леверидж дәрежесі де жоғары болады, сәйкесінше ұйым қызметімен байланысты қаржылық тәуекел соншалықты жоғары және кредиторлар ұсынатын проценттік ставка соншалықты көп болады.

Ұйымның қаржыландыруға қажеттілігін талдау алдағы кезеңге қаржылық болжау негізінде жүзеге асырылады. Талдау процессінде ақша қаражаттарының керек бюджетінің түрлі нұсқаларын зерттеуге, әсіресе – оның қаржылық бөлігін зерттеуге көп көңіл бөлінеді. Тлдау мақсаты – қаржы ресурстарына сыртқы қажеттіліктерді және болжанған сыртқы қаржыландыру шығындарын минимизациялау критерийлері бойынша жүзеге асырылатын ұйымның аұша қаражаттарының бюджетін оңтайландыру.

Қаржылық талдаудың аталған 3 элементі ұйымның сыртқы қаржыландыруға қажеттігін анықтау кезінде ескеріледі. Сондай-ақ, оларды кешенді түрде қарастрыу керек. Алдағы кезеңде ұйымның шаруашылық қызметін сәтті жүргізуді жалғастыру үшін қорлардың (ресурстар) талап етілетін көлемі көп болған сайын қаржыландыруға жалпы қаржылық та елеулі болады. Жалпы, жаңа акцияларды шығару қауіпсіздірек, себебі ол тартылған капитлға процент төлеуді болжауды. Операциялық тәуекел дәрежесі жоғары ұйымға өзіне қосымша қаржылық тәуекелді алмағаны жөн. Қаржыландыруды таңдау кезінде сонымен қатар ұйымның жалпы қаржылық жағдайын бағалау керек. Өтімділік пен рентабльділік жоғары болған сайын, қаржыландыру көзін таңдау кезінде үлкен тәуекелге баруға болады. Сондықтан, жоғарыда аталған көрсеткіштер жақсы болған сайын қарыздарды тиімдірек болады.





Дата публикования: 2014-12-25; Прочитано: 2940 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.011 с)...