Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күніне байланысты келіспеушіліктер



Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүние келген апта күніне келер болсақ, оған қатысты ғалымдардың арасында келіспеушіліктер жоқ. Имам Ибн Кәсир «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дүйсенбі күні дүниеге келді» деген ғалымдардың бірауызды пікірлерін жеткізген. «Әл-Бидая уән-Нихая» 2/259-260.

Бұл бірауызды келісілген пікірді Абу Қатада әл-Ансари жеткізген, онда ол Пайғамбардан (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Уа, Аллаһтың елшісі! Дүйсенбі күні ораза ұстау туралы не айтасың?» - деп сұраған хадиске негізделеді. Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Бұл – мен туылған және маған Құран түсірілген күн», - деп жауап берді. Хадис сенімді (сахих); Муслим 1162.

Оның (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туылған айына қатысты ғалымдардың көпшілігі: «Ол раби‟ ул-аууәл айында дүниеге келген», - дейді. Қз.: Ибн Ражаб «Ләтаиф ул-Мә‟ариф» 95-бет.

Оның туған күніне қатысты ғалымдар жеті пікірге бөлінді. Олардың ең салмақтылары әрі күштілері екеу: раби‟ ул-аууәл айының 12-сі және 8-і. Осы екі пікірдің ішіндегі ең кең таралғаны «ол раби‟ ул-әууалдің 12-де туылған» деген пікір болып табылады. Бұл туралы Мухаммад ибн Исхақ айтқан. Бұл «әл-Бидая уән-Нихаяда» 2/259 келтірілгендей.

Бұл тараудан біз екі қорытынды шығарамыз:

1. Сахабалардың арасында туған күндерді қандай да бір арнайы іс-шаралармен және ғибадаттармен атап өту салты жоқ еді.

2. Пайғамбар да, оның сахабалары да бұл күнге ешқандай мән бермеген, өйткені егер осы күнді ерекше бір нәрселермен белгілегенде, онда бұл күн туралы белгілі болар еді және ол туралы келіспеушіліктер де болмас еді.[10]

Тарау. Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін атап өтуді кім және қашан алғаш бастады?!

Ғалымдардың арасында маулітті атап өту алғаш рет фатими-шиғалар болған Бану Убайд (Убайдилер) мемлекетінде пайда болғанына келіспеушіліктер жоқ. Мәулітті осы шиға мемлекетінің әмірі әл-Му‟изз ЛидиниЛләһ хижраның 362 жылы Каир қаласында өткізді. Қз.: әл-Микризи «әл-Асар» 1/432.

Осыдан кейінгі барлық ғасырларда ғалымдар шиғалардан сопыларға өткен, дінге енгізілген бұл жаңалықты сөгулерін тоқтатпады. Исма‟ил әл-Ансари «әл-Қаули әл-Фәсл» 49-бет.

Ғалымдар Исламның алғашқы ғасырларында мәуліт өткізілмегеніне бірауызды келіскен.

Бірақ барлығынан да таң қаларлығы – осы мәулітті біздің жерлерімізде ұйымдастырып және насихаттап жүрген сопылардың: «Ханафи мазһабын ұстанамыз!» - деп айтатындары. Ендеше имам Абу Ханифаның немесе Абу Йусуфтың немесе Мухаммад әш-Шәйбанидің осы амал заңды екені туралы айтқан сөздерін келтірсін!

Алайда іс жүзінде имам Абу Ханифаның мазһабы оларды мүлде қызықтырмайды, өйткені олар оны өздеріне қалқа етіп қана алған, яғни мазһабтың атын жамылып, дінге қалаған нәрселерін енгізуде.

Сонысымен олар өздерін және өз әрекеттерін Ибраһим пайғамбардың амалдарына жатқызған, бірақ қалаулары оның дініне сәйкес келмейтінін білген кезде, одан бас тартып, өз құмарлықтарына ілесуді абзал көрген көпқұдайшыл құрайштықтармен ұқсастық танытуда. Тура солар сияқты бұл сопылар да Абу Ханифаның мазһабын тастап, оны шиға-фатимилерге ауыстырып алды. Ал, ендеше, «мазһабсыздар» деген атаққа кімдер лайықтырақ?!

Ал егер олар имам Абу Ханифадан жеткен мәтін бар десе, онда оны бізге көрсетсін.

Аллаһ былай деп айтты: «(Мухаммед оларға): «Жандарыңда бізге қарсы шығара алатын білімдерің бар ма? Негізінде сендер ойларыңа ғана ілесесіңдер де, өтірік айтасыңдар», - де» (6:148).

Сондай-ақ Ол былай деді: «(Мухаммед): «Егер сөздерің шын болса, дәлел келтіріңдер», - де» (2:111).





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 281 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...