Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Мәулітті шариғатта заңдастырылған деп санайтын жақтың дәйектерін қарау



Имам Суфьян әс-Саури былай деген: «Әдемі етіп көрсетілмеген адасушылық жоқ». «Әл-Хужжа» 2/484.

Муфаддал ибн Мухалхал былай деген: «Егер бидғатшы өзінің бидғаты туралы сөзінің басында айтса, сен одан сақтанып, аулақ болар едің. Алайда ол саған Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерін айта бастайды да, кейіннен білдірмей өзінің бидғатына көшеді». «Әл-Ибана» 2/444.

1-дәйек:

Пайғамбар және сахабалар мәуліт өткізген, бірақ ол туралы хадистер мен деректер бізге жетпеген.

Жауап:

Жоғарыда біз қисыннан ғана туындаған осы тұжырымдарды теріске шығаратын қасиетті мәтіндердің кейбіреулерін келтірген болатынбыз. Бірақ маулітті ұйымдастырушыларды, аят пен хадиске қарағанда, көбірек ханафи мазһабының ғалымдарының сөздері қызықтыратын болғандықтан, біз осы жерде ханафи мазһабында бекітілген ережені келтіреміз. Ханафи мазһабы көптеген негіздер мен ережелерде құрылған, олардың бірі келесі ереже болып табылады:

Андай да бір амалдың істелуі туралы қасиетті мәтіндердің болмауы бұл амалдың істелмегеніне нұсқайды, бұдан қалса бұл амалды істеу харам және бидғат болып табылатынын білдіреді».

Ал ханафи мазһабының имамдарының осы туралы айтқан сөздері мынау:

Имам Ибн әл-Хумам (861 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Қасиетті мәтіннің болмауы амалдың заңдастырылмағандығы туралы шешім шығару үшін жетіп асады». «Фатх ул-Қадир» 2/60 («Булак» баспасы).

Имам Ибн Абидин (1252 х/ж қайтыс болған): «Егер қандай да бір амалдың заңдастырылғанына нұсқайтын қасиетті мәтін жоқ болса, бұл амалды істеу харам болып табылады». Осыдан кейін имам Ибн Абидин осы ереже туралы айтатын ханафи мазһабының көптеген кітаптарына нұсқады. «Радд ул-Мухтар» 1/778; 3/210, 245.

Имам әл-Әкмал әл-Бәбирити (786 х/ж қайтыс болған) былай деген: «Ал бізге (яғни ханафи мазһабын ұстанушыларға) келер болсақ, біз: «Қандай да бір амал туралы қасиетті мәтіндердің болмауы осы амалдың істелмегеніне дәлел болып табылады», - деп айтамыз». «Әл-Иная» 2/90 («Дар ул-Фикр» баспасы).

Имам әл-Финжифири (1407 х/ж) былай деген: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір нақты амалды істегеніне нұсқаудың болмауы оның мұны істемегеніне нұсқайды». Осыдан соң ол былай деді: «Ал Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істемеді деген тұжырымға келер болсақ, ол екі түрлі болады:

1. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мыналарды және мыналарды істемеді» деген анық мәлімдеме.

2. «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) мынаны және мынаны істеді» дегенге нұсқайтын мәтіннің болмауы».

Осыдан соң ол кейбір мысалдар келтірді де, былай деді: «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір нәрсені істеп, осыны ешкімнің: кішісі де, ересегі те, еркегі де, әйелі де – жеткізбегені мүмкін емес». «Усул ус-Сунна» 55-бет.

Бұл жерде тек мынаны ғана қосуға болады: хадистер мен деректерде (асарларда) Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қандай да бір амалды істегені туралы нұсқаудың болмауы «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) осы амалды істемеді» деген анық мәлімдемеден күштірек. Өйткені бұл «осы істі Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) істеген болуы мүмкін» деген нәрсенің ойға да кіріп шықпағанына нұсқайды, сондықтан олар ешбір жерде Пайғамбардың осы істі істемегені туралы нұсқамаған болатын. Толық айқындық үшін мысал келтірейік. Сахабалар: «Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кезінде айт намаздарына азан шақырылмайтын еді», - деп хабарлаған. Олар өздерінен кейінгілердің басқа намаздарға қияс жасап, айт намаздарына да азан шақыра бастаулары мүмкін екендігін білгендіктен, бұл туралы хабарлады. Бірақ сахабалар ешбір жерде «Пайғамбар (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) өз туған күнін мерекеледі» деп жеткізбеді. Өйткені олардың ойына ұшақтардың, комьютерлердің т.б. болу мүмкіндігі кіріп шықпағанынындай, Пайғамбардың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) туған күнін мерекелеу де кіріп шықпайтын.

Ал осы ереженің дәлелдеріне келер болсақ, имам әл-Финжифири екеуін-ақ келтірген:

1. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Оларда бұл туралы білім жоқ» (45:24).

2. Аллаһ Тағаланың мына сөздері: «Олар тек жорамалдарына ілеседі және ойынан ғана шығарады» (6:116).





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 238 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...