Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаппай тың игеру



Биліктің жоғары жақтарында дәнді-дақылдарды егуді кеңейту үшін, тыңжәне тыңайған жерлердің ірі массивтерін шаруашылық айналысқа енгізу идеясы пайда болды.

1954-­1955 жылдары 13 млн. га жерді жырту және олардан 1955 жылы 1100-1200 млн. пұт бидай алу жоспарланды.

1954 жылы тамыздың басын қарай КСРО тың игеруді арттыру бойынша белгіленген тапсырма орындалды: 13,4 млн. га жаңа жер жыртылды (жоспардың 103,2%), соның ішінде Қазақстанда 6,5 млн. га артық тың жерлер игерілді.

1954—1955 жылдары совхоздарға 4,5 мың маман жіберілді.

Экологиялық тепе-теңдікті бұзу ауыр салдарға алып келді. Топырақ эрозиясы дамыды, құнарлы гумус үгітілді.

Тың игеру басқа республикалардан халықтың келуіне, ұлттық дәстүрлер мен салттар ролінің төмендеуіне, қазақ тілді мектептер санының азаюына мүмкіндік тудырды.

Қазақстан халқының саны мен әлеуметтік құрылымындағы өзгерістер

Қазақстан 50-ші жылдары көпұлтты республикаға айналды.

1951-1955 жылдардың ішінде ауыр өнеркәсіп кәсіпорындарындағы кадрлар саны 1,8 есе артты. Осы жылдары 15 жаңа қала және қалалық типтегі 86 поселке пайда болды. 1954-1962 жылдар аралығында тың игеруге шамамен 2 млн. адам келді. 1954-1965 ж. Қазақстанға өнеркәсіпте, құрылыста және көлік саласында жұмыс жасау үшін шамамен 0,5 млн. адам келді. 1962 жылы қазақтар республика халқының небәрі үштен бір бөлігін - 29% құрады, 1897 жылы олар 85% болатын. Бұл ұлттық мәдениет пен ерекшеліктің жағдайына, туған тілдің роліне ықпалын тигізді.

Әлеуметтік мәселелерді үнемі ескермеу нәтижесіз өтуі мүмкін емес еді. 1958 жылы жазында Теміртауда наразылықтың аса ірі серпілісі болып өтті. Шешілмеген әлеуметтік мәселелер мен жұмысшылардың төмен тұрмысы бұған себеп болды.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 881 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...