Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Партизан соғысы



Азамат соғысында 8 млн. адам қаза болды. Қызылдар мен қатар малды тәркіледі, қазақтардың арасында күштеп шоғырландыруды жүргізді, ауылдар мен далаларды өртеді.

Солтүстік Жетісуда партизан қозғалысы кең етек жайды. Мұнда Черкасск қорғанысы (1918 ж. маусымы – 1919 ж. қазаны) үлкен роль атқарды. 1919 ж. тамызында Жетісу майданының әскерлері черкасск қорғанысына көмекке келуге сәтсіз тырысты, майдан қолбасшысы Л.П.Емелев қаза болды.

Колчактың тылында Қостанай селоларының шаруалары көтерілді. Боровое ауданының партизандары (25 мыңға жуық) 1919 ж. 5 сәуірінде Қостанайды басып алды.

Партизан қозғалысының ірі орталығы – Атбасар уезіндегі Мариин селосы. Бұл селода Атбасар, Көкшетау, Ақмола және Павлодар уездерінің штабтары орналасты.

Қазақстанда 5 майдан әрекет етті: Шығыс, Жетісу, Ақтөбе, Түркістан, Орал.

Қазақстандаколчак әскерлерін талқандау Шығыс майданының Солтүстік және Оңтүстік тобына жүктелді. Оңтүстік топтың қолбасшысы М.В.Фрунзе болды.

1919 ж. қыркүйегінде Түркістан Орталық Ресеймен қайта қосылды. Ақтөбе майданы жойылды.

1920 ж. 5 қаңтарында Түркістан майданы әскерлерінің бөлігі Гурьевті алды. Орал майданы жойылды.

1919 ж. күзінде Шығыс майданының 5-ші әскермінің Солтүстік және Шығыс Қазақстанды (Петропавл, Ақмола, Семей) азаттауы басталды (қолбасшысы М.Н.Тухачевский).

Семей облысың азаттауға Қызыл Әскерге «Алтай тауларының қызыл бүркіттері» артизан полкі үлкен көмек көрсетті. 1920 ж. наурызында ақгвардияшылардан Семей облысы азат етілді, ең соңғы Жетісу майданын жойды.

1920 ж. маусымында Верныйда антикеңестік бүлік тұтанды.

Азамат соғысының барысында кеңес үкіметі Алаш-Ордамен келіссөздер жүргізді. 1919 ж. 4 сәуірдегі ВЦИК қаулысымен Алаш-Орда мүшелеріне амнистия жарияланды. 1920 ж. наурызында А.Байтұрсынов жақтастарының үлкен тобының Кеңес билігінің жағына өтуін басқарды.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1274 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...