Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Халықтық білім беру



1930/31 оқу жылы отырықшы аудандарда, 1931 ж. көктемінен – көқшпелі халқы бар аудандарда жаппай оқыту енгізілді.

20-шы жж. қазақ мектептері үшін оқулықтар мен әдістемелік әдебиеттер жасауға С.Сейфуллин, С.Садвакасов, Ғ.Мүсірепов, М.Дулатов, М.Жолдыбаев, М.Жұмабаев, К.Кемеңгеров белсенді қатысты.

Қазақстандағы соғыстың қарсаңында 44 мыңнан астам мүғалім болды.

Кәсіптік білім беру мен Қазақстан зиялыларының қалыптасуы

1928 ж. Қазақстанда алғашқы педагогикалық институт ашылды, оған кейіннен Абайдың аты берілді. 1931-1932 жж. Орал және Қызылорда пединституттары ашылды. Алғашқы ауыл шаруашылық жоғары оқу орны Алматы ветеринарлық-зоотехникалық институт болды (1929 ж.), одан соң Қазақ ауыл шаруашылық институты ашылды (1930 ж.). 1931 жылдың наурызында Алматы медицина институты алғашқы оқу жылын бастады.

Еліміздің түрлі аймақтарындағы жоғары оқу орындары мен техникумдарында шамамен 20 мың қазақстандық оқытылды. Жоғары мектептің қалыптасуына С.Д.Асфендиаров, Т.Жургенев, С.Сейфуллин, А.Байтұрсынов, М.Әуезов, К.Жұ­банов үлкен үлес қосты.

Соғысқа дейінгі бесжылдықтар кезінде жұмысшылар мен колхоз шаруаларынан шыққан, Қазақстандағы кеңес зиялыларының негізі қаланды. Төңкеріске дейін қалыптасқан, зиялылардың таңдамалы қабаты жойылды.

Ылым

1932 ж. КСРО Ғылым академиясының Қазақстандық базасы құрылды, 1936 ж. базамен Ұлттық мәдениеттің Қазақ ғылыми-зерттеу институты бірікті.

Қазақстандағы ғылымның дамуына КСРО ҒА Президенттері С.И.Вавилов, В.Л.Комаров, ғылымның қазақстандық штабын басқарған, ірі кеңес түркітанушысы, академик А.Н.Самойлович, көрнекті ғалым-геолог, академик А.Д.Архангельский қатысты. Қ.И. Сәтпаев үлкен роль атқарды.

1935 ж. проф. С.Асфендиаров жазған, «Көне заманнан басталған Қазақстан тарихы» басып шығарылды; 20-30-шы жылдары қазақ тілі мен әдебиеті бойынша еңбектерді С.Сейфуллин, С.Мұқанов, А.Байтұрсынов, К.Жұбанов жасады. Ұлы Отан соғысының қарсаңында Қазақстанның 57 ғылыми мекемесінде 1700 астам ғалым еңбек етті.

1938 жылы базаны КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалына өзгерту Қазақстан ғылымындағы маңызды оқиға болды.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 1071 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...