Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Озғалыстың Торғайдағы орталығы



Мұндағы күрес ерекше табанды және ұзақ болды. Торғай уезінің көтерілісшілері Әбуғафар Жанбосыновты хан етіп тағайындады. Сардарбек етіп Амангелді Иманов тағайындалды.

1916 ж. қыркүйегінде Торғай уезінде Амангелді 20 мыңға жететін ірі бүлікшілер жасағын құрды. Торғай ошағындағы бүлікшілердің саны 1916 жылдың 26 қарашасында 50 мың әскерге жетті.

Көтерілістің сардарбегі А. Иманов барқандарда мергендерді орналастырды, жазалау жасақтарының байланысына атты әскерді жіберді.

1916 ж. қазан айының аяғында Амангелдінің 15 мың бүлікшісі Торғайды басып алды.

Бүлікшілердің негізгі бөлігі Батпаққара шатқалының маңында және Аққұм құмдарында партизандық күреске көшті.

Бүкілхалықтық наразылық басып-жаншылды. Көптеген ауылдар өртелді, көптеген жазықсыздар далада атылды. Жазалаушылардың керуендері ауылдарда тоналған игілікке лық толы болды.

1916ж. ұлт-азаттық соғыс отарлауға қарсы, империяға қарсы сипатқа ие болды. Ол Шығысты қамтыған төңкерістік дағдарыстың бір бөлігі болды.

Қоныс аударып отарланған аймақтарда қозғалыс орыстарға қарсы сипатқа ие болды. Жетісу облысында 94 қоныс аударылған село шабуылға ұшырады, 1905 орыс пен украиналық қаза тапты, 684 жараланды. Патша чиновниктері, қоныс аударылғандар, казактар жазалау жасақтарына, қазақ ауылдарын талқандауға қатысты.

Көтерілісті басқаннан кейін тыл жұмыстарына 110 мың адам шоғырланды және 10 мың Түркістандағы жұмысқа қалдырылды. Далалық өлкеде 150 мыңнан астам қазақ «реквизицияланды».

1917 жылдың 27 ақпанында Ресейде Ақпан буржуазиялық-демократиялық төңкерісі өтті, монархия құлады. Уақытша үкімет құрылды (ол Бүкілресейлік Құрылтай жиналысын құрғанға дейін әрекет ету керек болды). Сол күндері Петроградта Жұмысшы депутаттар кеңесінің Уақытша атқару комитеті құрылды. Ресейде қос билік – екі биліктің араласуы орнады: либерал-буржуазиялық (Уақытша үкімет) және төңкерістік-демократиялық (Кеңестер).

Қазақстан халқы 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаттарына қол жетуді көре отырып, самодержавиені құлатуды қабылдады. Ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшылары ұлттық автономияны құрудың уақыты келді деп есептеді.

Облыстық, уездік, болыстық қазақ комитеттері Кеңестермен қатар әрекет етті, билікке, ұлттық мүдделерді қорғауға талаптанды. Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы алаш қозғалысының көрнекті қайраткері Р. Марсеков, Оралда - Д. Досмұхаме­дов, Жетісуда - И. Жайнақов болды.

Кеңстермен бірге Уақытша үкімет органдары әрекет етті, мысалы, Түркістан комитеті. Оның құрамына Ә. Бөкейханов (Торғай облысындағы Уақытша үкіметтің комиссары), М. Тынышпаев (Жетісу облысының комиссары) кірді.

1917 ж. 20 наурызында діні немесе ұлты бойынша ресей азаматтарына ешбір шектеу қойылмады. 1917 жылдың 18 наурызында Уақытша үкімет 1916 ж. көтеріліс кезіндегі зорлыққа кінәлі орыстар мен бұратана халық амнистияға ұшырайтынын түсіндірді. 1917 ж. Ақпан төңкерісі геноцид саясатын тоқтатты, жалпы адами құндылықтардың – халықтар бостандығының, теңдігінің бұлжымастығы туралы жариялады, бірақ шеттегі халықтарға ұлттық-территориалдық тағдырын шешуді тапсыруға бармады, отаршыл басқарма институтарын жоймады.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 913 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...