Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жаппай ұжымдастыру саясатына шаруалар мен керстьяндардың наразылығы



Крестьяндардың наразылығы түрлі формаларда болды: қалалар мен құрылыстарға кету; байқа аймақтарға, тіпті шетелге көшу; белсенділерді, партияшылдарды, кеңстіктерді, жұмысшыларды өлтіру; қарулы жасақтар құру; көтерілістер.

1930 ж. ақпанынан халық наразылығының ірі ошағы Семей өңірі болды.

Созақ ауданындағы көтеріліс табандылығымен және шебер ұйымдастырылуымен ерекшеленді.

Бүлікшілер қозғалысының ірі орталығы Адай даласы болды.

Бүлікшілердің бір бөлігі Қазақстанның шекараларынан кетуге және Түркменияға, Иранға және Ауғанстанға, Қытайға көшуге мәжбүр болды. 1931 ж. Көктемінде Қарқаралы округының Абралы, Шыңғыстау және Шұбартау аудандарында көтеріліске шыққандар түгелдей дерлік қырылды.

Ересек адамдардың сауатсыздығын жою (ликбез)

1924 ж. сәуірінде Қазақ АКСР «Сауатсыздық жойылсын» қоғамы ұйымдастырылған болатын. 1928 ж. соңына қарай республикада тек 25% сауатсыз, қазақтардың ішінде шамамен 10% болды. 1931 ж. желтоқсанында 15-50 жас аралығындағы сауатсыз халықты жаппай міндетті оқыту енгізілді.

Қазақстанда білім беруге кеткен шығындар 1928 ж. - 12 млн. руб., 1932 ж. - 60, 1937 ж. - ­447, 1940 ж. - 682 млн құрады.

1939 жылы республика халқының сауаты 65%, ал қазақ халқының арасында - 40% жетті.

Небәрі 1926-1939 жж. Ішінде Қазақстан халқының сауаты 9-49 жас аралығында 25,2%-дан 83,6% дейін артты. Сауатсыздықты түп-тамырымен жою міндеті 50-ші жылдардың аяғында орындалды.

1929 жылы қазақ жазуы араб графикасынан латын графикасына көшірілді, 1940 – латын графикасынан кириллицаға көшірілді.





Дата публикования: 2014-11-28; Прочитано: 653 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...