Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орман – тіршілік көзі, таза ауаның өзі



Орман – күрделі тірі ағза, себебі ол тек ағаштардың жиынтығы ғана емес тірі табиғат. Орманда ағаштар, бұталар, шөптектестер, жануарлар, жәндіктер, микроорганизмдер тіршілік етеді. Орманның негізі – ағаш. Ағаш – тірі, ол тыныс алады, қоректенеді, көбейеді, өседі және «өледі».

Орман – ғаламдағы көбірек таралған ландшафтық көрініс. Ол құрлықтың 1/3 бөлігін алып жатыр. Орманның аты онда өсетін ағаш түрлеріне байланысты қойылады: қарағайлы, шыршалы, еменді, қайыңды және аралас орман және т.б. Орман адамдарға ғана емес, жер бетінде тіршілік ететін бүкіл тірі ағзаларға қажет. Сондықтан да орман – біздің бағасыз байлығымыз.

Ағаш өспеген жерде температура өте төмен болса да, өте ыстық болса да, адам оны тез сезеді. Үлкен қалалардағы тас үйлер микроклиматқа зиянды әсер етеді. Ағаш көп, жиі өскен жерде өсімдіктер суды көп буландырып, ауаны тазартып тұрады. Аптап ыстықта орманның арасы өте салқын, құрғақшылықта ауа ылғалды болады. Күннің ыстығы бұтақтарына жайыла таралып кетеді де, біразы жапырақтарына сіңеді. Егістік жерлердің айналасына ағаштарды отырғызып, егінді аңызақ желден қорғайды.

Атмосфераны зиянды газдардан жасыл өсімдіктер тазартады. Ағаштар ауадағы шаңды 42 пайызға дейін азайтады. Жалпақ жапырақты ағаштардың (терек, қайың, емен және т.б.) жапырақтарына шаң-тозаң өте көп жиналады. Ағаштар көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөліп шығарады. Мысалы, 20 жылдық 1 га жердегі қарағайлы орман жыл сайын 9,35 тонна көмірқышқыл газын сіңіріп, 7,25 тонна оттек бөледі. Шаң-тозаңдардың құрамында ауыр металдар мен қорғасын, темір, титан, мыс, цинк, никель, кобальт, марганецтің микроэлементтері болады. Бұл элементтер, әсіресе, кәсіпорындардың аумағында көп кездеседі. Ауыр металдарды көп тұтатындар қарағай, шырша ағаштары болғандықтан кәсіпорындардың айналасына осы ағаштарды отырғызады.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1294 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...