Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Гендік инженерия – ХХ ғасыр жемісі



Мақсаты: Білімгерлердің сабақ тақырыбы бойынша алған білімдерін тиянақтау, жүйелеу, қорыту. Мәтін негізінде сөздік қорларын молайту, ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, ауызекі сөйлеу дағдысын жетілдіру, дүниетанымын кеңейту.

Тапсырма. Мәтінді оқып, мәтін бойынша сұрақтар дайындаңыздар.

Молекулалық биологияның дамуында іс жүзінде қолданылатын бағыттардың бірі – гендік инженерия. Гендік инженерия генді (ДНК) бір ағзадан екінші ағзаға енгізіп, оның өнімін алу мақсатында қолданылатын жоғары технологиялық үдеріс.

Гендік инженерия саласындағы зерттеулер ХХ ғасырдың 70 жылдары басталды. 1982 жылы тағамдық азық-түлектер мен дәрі-дәрмектердің сапасын тексеретін АҚШ-тың тазалық сақтауды бақылау Басқармасы гендік-инженерлік тәсілмен аса маңызды белок-инсулин гормонын өндіруге куәлік қағазын берді. Сол жылдары гендік инженерлік технология вирусқа қарсы әрекеттік қасиеті бар интерферон препаратын шығаруға қолданылды. Интерферон бактериялық жасушаға осы белоктың синтезін бақылайтын үш генді енгізу нәтижесінде алынды.

Қазіргі кезде гендік инженерияны кең көлемде медицина тұқым қаулайтын ауруларды және қатерлі ісіктерді диагностикалау мен даму механизмдерін анықтауда, соттық медицинада қылмысты анықтауға, фармацевтік өнеркәсіпте дәрі-дәрмекті синтездеу мен өндіруде тағы басқа жағдайларда қолданады.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 976 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...