Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Биотехнология ғылымына кіріспе



Биотехнология терминін алғаш Эреки деген ғалым ашты. 1981 жылы Европада биотехнологияның европалық федерациясы құрылды.Биотехнология терминін ғылымда осы жылдары қолдана бастады.Бірақ бұдан бұрынғы кезде де мысалы: Journal of microbiology журналы мен биохимиялық- технологиялық журналдарда осы термин қолданылған. Ол журналдардың авторы Карл Хэден деген ғалым болды. Кейінен автор өз журналын «Биотехнология мен биоинженерия» деп атады.

Европалық федерацианың анықтамасы бойынша биотехнология-биохимия, микробиология, химиялық инженерия бірігіп микробиологияның және клетканың қасиеттерін техникалық жолмен пайдалану болып табылады. Европалық ассоциацияның 1984 жылы өткен үшінші съезінде Голландияның ғылымы Хаувинк биотехнологияның тарихы жөнінде баяндама жасады. Сөйтіп биотехнологияның тарихын 5 кезеңге бөлді:

1. Пастерден бұрынғы кезең – 1865 жылы дейінгі кезең болды. Бұл кезде империялық түрде дәреже бойынша жұмыс жасап, ашу процестерінің өнімдерін пайдалана бастады. Мысалы, 14 сірке қышқылы Орлеанский әдісі бойынша алынған. Қойларда болатын без – мәйеткен Мәйек ферметін алып, қымызды жасауға қолданған.

2. Пастерден кейінгі кезең – 1886-1940 жылдар аралығында болды. Бұл кезең пастердің жұмыстарымен байланысты болды. Пастер спирт ашу процесін, май қышқылы, сүт қышқылы ашу процестерін ашты. Спирт ашу процесінің анаэроюты жағдайда болатындығы Пастер эффектісі деп аталды. Этанолды, бутанолды, ацетонды өнеркәсіптік масштабта ала бастады.

3. Антибиотиктердің эрасы – 1941-1960 жылға дейінгі аралықта болды. Антибиотик деген терминді бірінші болып Ваксман деген ғылым қолданды. 1941 жылы пеницилин деген антибиотиктерді ала бастады. Ал осы пеницилинді ашқан микробиолог Флеминг болды. Ол пеницил саңырауқұлағымен жұмыс жасап, соның ішінде Penicilium chryzogenium деген саңырауқұлақ түрінен пеницилинді алды.

4. Басқарылатын биосинтездің эрасы – 1961-1975 ж. аралыхында болды. Адамға қажетті өнімді биосинтездеу керек болды. Биохимиялық және генетикалық биосинтез арқылы амин қышқылдарды, ферменттерді, полисахаридтерді көп мөлшерде ала бастады.

5. Жаңа биотехнология – 1975 жылдан бастап қазіргі заманға дейінгі кезең. Бұл кезенде генетикалық әдістер қолданыла бастады. Берг деген ғалым ДНҚ-ның рекомбинанттық молекуласын алды. 1982 жылы адам инсулинінен препараттар алынып, АҚШ-та сатыла бастады. Кейін Ресейде жасалынып дәріханада сатыла бастады.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 1796 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...