Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тапсырма. Мәтінді оқып, мазмұндаңыздар. Мұрат Әбенұлы Айтхожин – Қазақстан ғылым академиясының академигі



Мұрат Әбенұлы Айтхожин – Қазақстан ғылым академиясының академигі, биология ғылымының докторы,профессор. Ол Қазақстан ғылымында молекулярлық биология мен биотехнологияның негізін қалаушы, Қазақстандағы Молекулярлық биология және биотехнология институтын ұйымдастырушы және соның алғашқы директоры, Қазақстан Ғылым академиясының президенті және қоғам қайраткері болған.

М.А. Айтхожин 1939 жылы 29 маусымда Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласында туған.1962 жылы С.М.Киров атындағы (қазіргі әл-Фараби атындағы) Қазақ мемлекеттік университетінің биология-топырақтану факультетін бітірген. Бірақ ол оқудың барлық курсын М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде оқып бітірген.Еңбексүйгіштік, таланттылық, екі университетте алған терең де жүйелі білім Айтхожинге ғалымдар А.Н.Белозерскийдің, А.С.Спириннің жетекшілігімен студент кезінің өзінде-ақ нуклеинді қышқылдар бойынша зерттеулер бастауға мүмкіндік берді.

М.А. Айтхожиннің негізгі ғылыми еңбегі өсімдіктердің макромолекула биохимиясына қосылған үлкен үлес:матрицалық рибонуклеинді қышқылдардың биогенезі, олардың бидайдың эмбриогенезінде белоктың биосинтезін реттеуге қатысушы жөніндегі кең ауқымды зерттеулер болды. Оның еңбегінде алғаш рет өсімдіктерде матрицалық,рибонуклеинді қышқылдардың өмір сүруінің және жұмыс істеуінің рибонуклеопротеидті құрылымының ерекшеліктері көрсетілді. Бұл еңбектердің нәтижелері «Өсімдік информосомалары» деп аталатын монографияда қорытылды.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 748 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...