Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Семей сынақ алаңының тарихы



Семей сынақ алаңы КСРО Министрлер Кеңесінің шешеімімен 1947 жылы 21 тамызда ашылды. Алғаш мұнда әскери бөлімдер, құрылысшылар келді. Мұнан кейін жасырын түрде «Москва – 400» шағын қалашығы, лабораториялық-эксперименталдық, өндірістік базалар бой көтере бастады. Ядролық тәжірибе жасау үшін халық шаруашылығына арналған18500 шаршы шақырым жер алынды. Бұл аумақ Казақстандағы Павлодар, Қарағанды,Семей облыстарының кейбір аудандарының жерін қамтыды. Тәжірибе жасау үшін қойлар,шошқалар, иттер,атжалмандар, азық-түлік салынған жәшіктер, адам кейпіндегі заттар алынды. Ал жергілікті халық бұл тәжірибеден бейхабар болды.

1949 жылы 29 тамызда 1-сынақ жасалды. Сынақ жер астында да, жер үстінде де жасалды. Жер астында жасалған сынақтардың қуатының күштілігі соншалық, радиоактивті газдар бірнеше рет жер бетіне жарып шықты. Осындай жарылыстан кейін 1989 жылы 13 ақпанда радиациялық тұман бірнеше рет елді мекендерді және Шағандағы әскери-ұшқыштар қалашығын басып қалды. Осы жағдайдан кейін әскери ұшқыштар сол сол кезде семей облысынан КСРО Жоғары Кеңесіне депутаттыққа дауысқа түсіп жатқан ақын Олжас Сүлейменовтен көмек сұрады. Ол республикалық теледидардан сөйлеп, осы қасіреттің бетін ашты. 1991 жылы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Жарлығымен полигон мәңгілік жабылды. Бұл үрдіс басқа мемлекеттерде де өз жалғасын тапты. Мысалы, Ресейде Жаңа Жер, Америкада Невада, Францияда Морурора, Қытайда Лобнор жабылды.





Дата публикования: 2014-11-29; Прочитано: 588 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...