Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Атты заттың балқу темпиратурасын анықтау



Заттың тазалығын анықтау үшін, сандық та, сапалық та әдістер қолданылады. Сапалық долмен заттың құрамында қандай қоспалар бар екендігін анықталса, сандық әдіспен негізгі заттың мөлшерін анықтауға болады. Химиялық әдітермен қатар физикохимиялық, физикалық тұрақтыларын (балқу тепиратурасы, тығыздығы т.б.) анықтау әдісі де қолданылады.

Химиялық таза зат теқ қана белгілі бір темпиратурада балқиды немесе қатады, сондықтан заттың балқу темпиратурасын бле отырып, оның тазалығы жөнінде айтуға болады.

Заттың балқу темпиратурасын анықтау үшін сүреттегідей колба, термометр, термометрге бегітілген балқу темпиратурасы анықталатын зат бар капилярдан тұратын қондырғы жинайды.

Ол үшін ұнтақталған затты капилярдың жиегімен іліп алып, тығыз толтырылу үшін қатты беткен орналастырылған 50-60 см шыны түтіктің бойымен лақтырады. Капилярдағы заттың биіктігі 2 мм болу қажет. Затпен тығыздалған капилярды дөнгелек резеңкемен термометрге бекітеді. Капилярдағы зат сынып бағанының ортасында тұруы керек. Термометрді заттың балқу темпиратурасын анықтауға арналған ыдысқа орналастырады да электроқыздырғышта қыздырады. Қыздыру жылдамдығы 1-20С болуы қажет. Заттың балқуын бақылып отырып, бірінші тамшы пайда болған кезде температурасының дұрыстығына көз жеткізу үшін, осы тәжірибені екінші дайындалған капиллярмен қайталайды. Бірақ затты қыздыру жылдамдығын 10С-ға кемітіп, қыздыру темпиратурасын 100С-ға төмендетеді. Бірінші тамшының пайда болу темпиратурасын белгіліп, алынған мәндерді анықтамада берілген мәндермен салыстырылады.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1313 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...