Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Таразы және таразыда өлшеу



Рычагты таразыда өлшеу дегеніміз, затты массасы белгілі таразы тастарының массасымен салыстыру болып табылады. Таразы тастарының массасы белгілі бірлікте (мг, г, кг, т.б) болады. Таразы лабораториядағы ең қажет қондырғылардың бірі, қандай жұмыс болмасын керек заттың оны салатын ыдыстың массасын анықтау қажет болып табылады.

Затты 0,01 г. Дәлдікпен өлшеу үшін технохимилық таразы қолданылады. Технохимиялық және аналитикалық таразының құрылысы бірдей.

 
 


1- сурет. Технохимиялық таразы және таразы тастары.

(1- баған, 2- арретир, 3-табақшалары, 4-стрелка, 5- шкала, 6-орнықтырма, 7-горизонталь бағытта орнықтыруға арналған бұранда, 8-иін ағаш, 9 табақшаларды тенестіруге арналған бұрандалар).

Екі иығы тең металл рычагың екі басында және ортасында, үш призма орналастырған. Ортадағы призма тіреу нүктесі болатын орталық тағандағы пластинқаға орналастырылады. Бұл пластинка аналитикалық таразыда агаттан жасалған. Ал шеткі екі призма таразының табақшалары ілінеді. Шкалада горизонталь бағыттан аутқыды көрсететін стрелка шкалад нөльді көрсетеді. Таразыны орнықтырып алғаннан кейін орнынан қозғауға болмайды. Таразыдада өлшеместен бұрын оның жұмысқа жарамдылығын тексеріп алады. Көтеріліп, түсірілетін иін ағашты арретирлеп, таразыны жұмысқа дайындайды. Стрелканың шкаладағы нольдік нүктеден ауытқуын бақылайды. Егер стрелка екі жаққа бірдей бөлекке ауытқыса, онда таразыда жұмыс істей беруге болады. Таразыны жұмысқа дайындағаннан кейін арретирді түсіріп қояды.

Таразыда жұмыс істеу ережелері:

- таразының табақшасына заттарды, таразы тастарын салып, қайтадан алу үшін, таразыны арретирлеу қажет.

- таразының табағына лас және сулы, қыздырылған заттарды салуға болмайды.

- сүйықтықты өлшегенде оны таразыға және таразы тастарына тигізбе.

- өлшенетін зат таразының сол жақ табағына салынады.

- қатты затты әйнекшеге, бюкске, глянс қағазға салып өлшейді.

- таразы тастарын пинцетпен алып, сол ұяшыққа қайтадан салу керек

- затты өлшеу ушін, ең бірінші сол заттың салмағына шамамен жуықтау деген таразы тасын табақшаға салады, егер тас ауыр болса, одан жеңіл келесісін салады да, екі табақша теңескенше қайталайды, таразы тастарының массамын еспетеп, жұмыс дәптеріне жазу керек

- бір жұмысқа қолданылатын заттарды тек бір таразыда өлшейді

- затты өлшеп болғаннан кейін табақшаларды босатып, таразыны арретирлейді, табақшада затты қалдыруға болмайды.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 5465 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...