Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Химиялық ыдыстар жӘне олармен жұмыс істеу тӘртібі



Химиялық тәжірибелердің көпшілігі өте жұқа шыныдан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Бұндай шынылар кәдімгі шыныға қарағанда температураның тез ауытқып кетуіне төзімді келеді. Өте көп қолданылатын ыдыстарға жататындар:

шыныдан жасалған сынауық, стакан, колбалар (Вюрц, конус тәрізді, түбі дөңгелек, түбі жалпақ колбалар) мен реторталар. Сонымен қатар шыны ыдысқа кристаллизаторлар, әр түрлі воронкалар немесе құйғылар, сағат шынысы, аллонж жатады. (3-сурет).

7 3-сурет

1- сынауық, 2- колба,3- құйғы, 4- стакан, 5-тамшуыр, 6- склянка, 7- отбақыраш

Ірі кристалл заттарды еріту алдында оларды ұнтақ күйге дейін үгітеді. Ол үшін фарфордан,шыныдан, металдан жасалған табақшалар мен келішелер қолданылады. (4-сурет)

1 2 3

4-сурет

1-шыны, 2- фарфор,3- металл үгіткіштер

. Күйдіргіш сілтілерді және күшті улы заттарды үгіту үшін бетке маска мен респиратор, ал қолға- резина қолғап киеді. Өте улы заттарды ауа сорғыш шкафта жүргізеді. Еріткіштердің көлемдері өлшеуіш цилиндрлар мен мензуркалар (5-сурет) арқылы өлшеніп алынады және миллилитрмен (мл) өрнектеледі. Еріткіш пен затты стаканға салғаннан кейін шыны таяқшамен араластырады. Бұл процесті тездету үшін ерітіндіні қыздырады(6-сурет). Сулы ерітінділер дайындау үшін міндетті түрде дистильденген су пайдаланылады.

5-сурет 6- сурет

Өлшеуіш ыдыстар Қатты заттардың суда еруі

Осы және басқа да химиялық ыдыстар мен құралдардың атқаратын қызметімен, қолданылатын орнымен жұмыс барысында біртіндеп танысамыз.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 8907 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.01 с)...