Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Реактивтер жӘне олармен жұмыс жасау тӘртібі



Зертханалық жұмысты орындау үшін лабораторияда реактивтердің белгілі бір артық мөлшері болу керек, яғни, бір бөлігі лабораториялық столда, екінші бөлігі – шкафта.

Тазалығы жағынан реактивтер химиялық таза (х.т.), анализ үшін таза (а.ү.т.), таза (т.) болып бөлінеді.

Реактивтерді қолданғанда олардың негізгі қасиеттерін білу қажет: отқа қауіптілігі, улылығы, басқа реактивтермен қопарылыс түзуі.

Ерітінділер және құрғақ реактивтер қақпағы шыны немесе резинадан жасалған шыны ыдыстарда сақталады. Әрбір ыдыста реактивтің аты мен сапасы көрсетілген этикеткасы болу керек. Егер этикеткасы болмаса ол реактивті оқытушының рұқсатынсыз қолдануға болмайды.

Реактивтерді қолданғанда келесі ережелерді сақтау қажет.

  1. Тәжірибеде реактивтің мөлшері көрсетілмесе, реактивті өте аз мөлшерде қолдану қажет.
  2. Реактивтің артық мөлшерін қайтадан алынған ыдысына салуға немесе құюға болмайды
  3. Реактивті қолданып болысымен ыдыстың қақпағын жауып орнына қою керек.
  4. Құрғақ реактивтерді әр уақытта фарфордан немесе металдан жасалған құрғақ, әрі таза қасықтамен алу қажет. Қолданып болған соң оларды тазалап қою қажет.
  5. Егер реактив тамшуырмен (пипеткамен) алынса оны жумастан басқа ыдысқа салуға болмайды.
  6. Улы және оңай тұтанатын заттармен жұмыс істегенде қауіпсіздік ережелерін толық сақтаған жөн.

Зертханада жұмыс істегенде қауіпсіздік





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1430 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...