Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зертханалық жұмыс №2



Тақырыбы: Қондырғыларды жинау.Таразы және таразыда өлшеу.

Тақырыбтың негізгі сұрақтары:

  1. Қондырғы жинаудның негізгі ережелері.
  2. Қондырғы жинау және оған қажетті тетіктерді дайиндау.
  3. Тәжірибе өткізуге зат алу.
  4. Техникахимиялық таразылардың құрылысы.
  5. Техникахимилық таразыда өлшеу ережелері.
  6. Өлшеудің орташа квадрат қателігі.

Мақсат:

Студенттердің алған білімің деңгейі.

Білу қажет:

Студенттердің өз бетімен орындайтын жұмыстары.

Тәжірибе өткізуге арналған заттарды алу.

Практикалық жұмысты орындау кезінде заттар өте аз мөлшерде қолданылады. Олар реактивтер прабиркаларда сақталады. Пробиркадағы қатты заттар микроқасықшамен, ал сұйықты пипеткамен алады. Әрбір қатты заты бар пробирканың тығынында қасықшасы болуы қажет. Бір қасықшаны әр рүрлі заттарға қолдануға болмайды.

Пробиркаға қатты зат саларда қасықшаны пробиркаға салуа болмайды, қасықшаны пробирканың аузында ғана ұстау қажет. Қажетті затты пробирқаға салғаннан кейін, қасықшаны реактиві бар пробирқаға салу қажет.

2-10 тамшы реактивке тамшы немесе капилляр пипеткасын қолданады.Пипеткалардың үсті ашық және резеңке қалпағы бар болады.

Үсті ашық пипеткамен ерітінді алу үшін, оны реактивте бар пробирқаға салып, ерітінді пипеткамен жоғары көтерілгеннен кейін, пипетканың екінші ашық жағын саусақпен басып тұрып, ерітіндіден суырып алады.Содан кейін саусақты сәл көтеріңкіреп 2-3 тамшы ерітіндіні пробирқаға тамызады да, пипетканың, саусақпен тесігін жауып реактивті бар пробирқаға салады.

Ерітінді алатын пипетканы жұмыс жүргізіп жатқан пробирқаға салуға болмайды. Резенке қалпағы бар пипеткамен ерітіндіні алу үшін пипетканың резеңке қалпағын екі саусақпен қысып ерітіндіге батырады да, саусақты жібереді, ерітінді жоғары көтеріледі. Пипетканы ерітіндіден алып, жұмыс жүргізетін пробирканың аузына апрып, екі саусақпен қалпақтан қысып ерітіндіні тамызады.

Қондырғыларды жинау.

Хмиялық эксперимент кезінде қондырғы жинауға көп ауқыт кетеді. Тәжірибенің қондырғының дұрыс жиналуына, таңдап алынуына байланысты болады. Қарапайым қондырғылар 2-6 суреттердегідей түйіндерден;

Қондырғы жинаудың негізгі ережелері.

1. Қажетті қондырғыны жинамастан бұрын ыдыстардың тазалығын, жұмысқа жарамдылығын тексеріп алу қажет.

2. Диаметрлері сәйкес келетін түтіктерді, тығындарды, қондырғыларды даярлап алу қажет.

3. Тамшылатқыш құйғышы бар қондырғыларды жинағанда құйғыштың ұшы сұйықтыққа батып тұруы қажет. (Неге?)

4. Реакцияның нәтежесінде бөленген газ қажетсіз қоспаларды жұтатын ыдысқа бір ұшы сүйыққа батырылған түтік арқылы өту қажет. (Неге?)

5. Қондырғы артық кедергісіз жинауы қажет.

Тапсырма:

· Қажетті заттарды дайындап, қондығы жинау,

· әртүрлі бұрышпен түтіктерді ию,

· түтіктің диаметірне сәйкес тығындарды тесіп дайындау.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1914 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...