Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айта кристалдандыру



Қайта кристалдандыру әдісті қатты заттардың температураға байланысты ерігіштігіне негізделген№

Егіштік қаныққан ерітіндінің концентрациясымен анықталады. Бұл шама берілген жағдай үшін тұрақты.

Ерігіштік 100 г ерітіндіде немесе еріткіште еріген заттып проценттік мөлшерімен сипатталады.

Ерег жоғарғы темпиратурада қаныққан ерітінді дайындап, оны суытса, еріген заттың ккристалдары тұнбаға түседі де, қоспаның мөлшері аз болғандықтан ол ерітіндіде қалады.

Осы әдіспен затты қоспасынан тазартады.

Қайта қристалдану әдісінің мағынасын түсіну үшін келесі мысалдықарастырайық.

Калий бихроматын қайтадан кристалдандыру қажет болсын. 600С темпиратурада 200 мл К2Сr2О7 қаныққан ертіндісін дайындау үшін қанша тұз және су керек екенін есептей қажет. Ерігіштік таблицасынан 600С темпиратурада К2Сr2О7-ныңерігіштігі 32,8 % екенін анықтаймыз. Тұздың мөлшерін есептеймыз

100 г - 32,8 г

200 г - х г К2Сr2О7

Судың мөлшері 200-65,6=134,4 г немесе мл.Таразыда 65,6 г К2Сr2О7 өлшеп стақанға салып, суды мензуркамен өлшеп құяды. Ерітінді араластыра отырып қыздырып, қатпарлы сүзгімен ыстықтай сүзіге арналған қондырғыда сүзеді.

Егер ерітінді сүзілгеннен кейін қанықпаған болса, фарфор ыдысқа құйып, бетінде жұқа қабықша пайда болғанша суалтады. Егер баяу суытылса ірі кристалдар, ал тез суытылса кіші кристалдар түзіледі. Суыту кезінде орташа кристалдар алуға тірісу қажет (неге?)

Түзілген кристалдар вакууммен сүзу әдіспен ерітіндіден бөліп алады. Кристалдарды суық еріткішпен жуады. Жуғаннан кейін оны сүзгі қағазына салып, ауда кептіреді. Құрамындағы кристалданған судан арылту үшін кристалды эксикаторда кептіреді. Ауадағы су тамшылармен әрекеттесетін кристалды, бірден эксикаторда кептіреді.

Қайтадан кристалдану кезінде 100С темпиратурада 55 г құрғақ К2Сr2О7 және 105 мл қаныққан ерітінді алынсын. Ерігіштік таблицасынан 100С темпиратурадағы К2Сr2О7 тұзының ерігіштігін қарасаныз, ол 7,8 г. Енді 105 г ерітіндідегі тұздың массасын есептейміз.

100 г - 7,8 г

105 г - х г г К2Сr2О7

Алынған заттың құрамында таза 55+8,1=63,1 г К2Сr2О7 бар.

Немесе %-тік мөлшерде

65,5 - 100 %

63,1 - х % %

Қоспаның массасы 65,5-63,1=2,5 г немесе % бойынша 100% - 96,1%=3,69 %.

Егер ерітіндіде көп зат қалса оны қайнатып суалтып затты бөліп алады.

Ерігіштігі белгісіз затты қайтадан кристалдандыру үшін не істейді? Ол үшін аз мөлшерде еріткіш алып берілген температураға дейін қыздырып қайтадан кристалдандыратын затты салады. Оны ерітіп, ерітіндіні сүзіп, сүзіндіні бетіне жұқа қабықша тұрғанша султады.

Түзілген кристалдарды бөліп алып тазалығын тексереді де таразыда өлшеп массасын дәптерге жазады. Органикалық еріткіштерді қолданғанда қауіпсіздік ережесін сақтау қажет.

Тапсырма Оқытушынаң тапсырмасы бойынша берілген темпиратурада затты қайта кристалдандырыңыз. Жұмыс жоспарын жасаңыз. Негізгі кристалдың және қоспаның шығымын есептеңіз.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1645 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...