Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Теориялық мәлімет. Арифметикалық өрнек – нақты түрде ауыспалы, тұрақтылар, функциялар сияқты сандарды



Арифметикалық өрнек – нақты түрде ауыспалы, тұрақтылар, функциялар сияқты сандарды, сонымен қатар арифметикалық амалдарды (+, -, *, /, ^) құрайтын өрнек. Арифметикалық өрнектің мәні болып сан табылады.

VBA – да екі арифметикалық операция қолданылады:

\ - бүтін санды бөлу.

MOD – бөлуден қалдықты есептеу.

Кесте 12.1. Математикалық функциялар.

Атау Математикалық түр VBA
Синус Sin x SIN (x)
Косинус Cos x COS (x)
Тангенс tg x TAN (x)
Арктангенс arctg x ATN (x)
Натуралды логарифм ln x LOG (x)
Абсолюттік мән |x| ABS (x)
Квадраттық түбір √x SQR (x)
Экспонента ex EXP (x)

Шартты өрнек – ауыспалы функцияларды символ жолдарын сонымен қатар:

= (тең);

< > (тең емес);

> (үлкен);

< (кіші);

>= (үлкен немесе тең);

<= (кіші немесе тең). құрайтын мән.

Логикалық өрнек – бір – бірімен логипкалық операциялардың белгілерімен байланысатын шартты мәндерден тұрады.

AND («және», конъюнкция)

OR («немесе», дизъюнкция)

NOT (емес)

Мысалы, NOT (a > b)

Символдық өрнек – символ жолдарын құрайды. Бұл өрнектер үшін тек қана бір операция – конкатенация (байланысу) анықталған. Бұл операцияның белгісі - «+» (қосу), ал операцияның нәтижесі жаңа символдар жолдары. Мысалы, «Қабықша» + «Windows» өрнегінің мәні, «Қабықша Windows» символдар жолы табылады.

VBA тіліндегі ең негізгі және қарапайым команда – бұл меншіктеу амалы. Команданың форматы:

Айнымалы_аты = өрнек

Visual Basic айнымалылардың бір типінен басқа типіне түрлендіруді жүргізуге мүмкіндік береді.

Өз бетімен орындауға арналған тапсырмалар:

Өрнектер, амалдар, операторларға мысалдар келтіріңіздер.

Лабораториялық жұмыс №13 (1 сағат)

Тақырыбы: «Басқару операторлары»

Жұмыстың мақсаты: VBA-те басқару операторларын қарастыру

Тапсырма:

1. Ауыстыру операторын және таңдау операторын оқып-меңгеру

2. Салалық алгоритмдерге бағдарламаларды құрастыру мысалдарын келтіру

3. Есеп беруді құру





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 816 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...