Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бағдарламалаудың әр түрлі тілдерін пайдалану



Олмен бағдарламалаудың жеке жұмыстарын автоматтандыру тәсілдері. Қолмен бағдарламалаудағы жұмыстарды автоматтандыруда жұмыс программаларын түзетуді негізгі назарда ұстау керек.

Азіргі кезде программаның дұрыстығын тексеру үшін жоғарыда айтқандай тест тәсілі кеңінен қолданылады. Тест тәсілі бойынша жауаптарды алдын ала белгілі есептердің бірнеше нұсқасы компьютерде құрылған программаны пайдаланып шығарылады. Алынған нәтижелер алдын ала белгілі жауаптармен салыстырылады. Ол жауаптар біріне – бірі сәйкес келмесе, онда программада қателіка кеткен болып шығады.

Бағдарламаны жөндеу процесі бірнеше әмбебеп жөндеуші программаларды жасау және компьютердің өзін пайдалану арқылы автоматтандырылады. Бұл программалар командалардың қалай орындалып жатқандығы туралы информацияны баспаға бере отырып жөнделіп жатқан программаның кез келген бөлігінің жұмысын қадағалап бақылауға мүмкіндік береді. Программаны автоматты түрде жөндеуде Бағдарламалаушыны қызықтыратын барлық информация құжатқа жазылады, соның арқасында ол компьютерді пайдаланбай-ақ есептің компьютерде шншілу процесінің дұрыстығын бақылай алады.

Бағдармалау тілдері - бөлінеді:

1. Машиналық:

Белгілі әрекеттер мен амалдардан сандық түрде кодтау ережелерінің жиынтығы М, 012001 23672475. Машиналық тілде жазу ыңғайсыз және қиын, алайда есптеуіш техника тек осы тілде жазылған окомандаларды ғана орындай алады.

2. Машиналық - бағдарланған:

Автокодтар, ассемблер негізінде қандайдат бір Электронды Есптеуіш Машинаның командалар жүйесі енгізілген. Ассемблер тілінде жазылған бір машиналық команданы көрсетеді. Бұл бағдармаларды құру өте үлкен кәсіпкерлікті қажет етеді

Студенттердің білім деңгейін анықтауға арналған тест сұрақтары:

1. Алгоритм командасы дегеніміз не:

a) Әрбір жол;

b) Әрбір әрекет;

c) Әрбір нәтиже;

d) Әрбір орындалуы;

e) Әрбір жарлық;

2. Алгоритм сөзі қай ұлы математиктің атымен аталған?

a) Джон фон Нейман;

b) Вильгельм Лейбниц;

c) Чарльз Бебидж;

d) Мухаммеда аль-Хорезми;

e) Ада Лавейс;

3. Алгоритм-ол:

a) Есепті шешу үшін орындауға қажетті әрекеттер тізбегін сипаттайды;

b) Нөмірленген әрекеттер жиынтығы;

c) Есептеулерді орындау процесі;

d) Есепті шешу жолдары;

e) Әрекеттерді орындауға арналған нұсқаулар;

4. Алгоритм компьютер процессорымен орындалған, егер ол мына түрде жазылса:

a) Алгоритмдік тілде;

b) Блок-схема түрінде;

c) Машиналық тілде;

d) Латын тілінде;

e) Табиғи тілде;

5. Алгоритм қасиеттеріне жатады:

a) Дәлдігі, айқындығы, қарапайымдылығы, бағасы;

b) Нәтижелілігі, дискреттілігі;

c) Нақтылы және құнды көрсеткіштердің, сандық деректердің бар болуы;

d) Сызықтылығы, жиілігі;

e) Тиімділігі, иілгіштігі;

6. Қадамдық алгоритімнің мінездемесін алгоритмнің қандай қасиеті анықтайды?

a) Дискреттік;

b) Алгоритмнің қадамдық мінездемесін барлық қасиеттер анықтайды;

c) Көпшілік;

d) Нәтижелік;

e) Бірмағыналық;

7. Орындаушы дегеніміз не:

a) Берілген алгоритмді орындай алатын субъект немесе объект;

b) Берілген алгоритмді орындай алатын адам;

c) Нұсқауларды орындаушы;

d) Машина;

e) Берілген алгоритмді орындай алатын объект;

8. Тармақталған алгоритм -

a) Бірнеше циклдан тұратын алгоритм;

b) Машина кодындағы алгоритм;

c) Бірінен соң бірі орындалатын командалар;

d) Бағынышты алгоритм;

e) Бір немесе бірнеше логикалық шарттан тұратын алгоритм;

9. Циклдік алгоритм:

a) Команда топтары бірнеше рет қайталанып тұратын алгоритм;

b) Бір немесе бірнеше логикалық шарттары бар алгоритм;

c) Машиналық кодқа жазу алгоритмі;

d) Бірінен соң бірі жүретін алгоритм;

e) Негізгі алгориге қосалқы алгоритм;

10. Аталғандардың ішінен алгоритмнің типтерін көрсет:

a) Сызықтық, квадраттық, сатылық;

b) Түсініктілік, ақиқаттық, нақтылық;

c) Сызықтық, тармақталған, циклдік;

d) Оператавтілік, циклдік, нәтижелік;

e) Бір функционалдық, көп функционалдық, дөңгелек;

11. Бағдарламаның трансляция– дегеніміз:

a) Бағдарламаның мәтінін машина тіліне аудару;

b) Файлдарды жою;

c) Олардан мәтін құру;

d) Бағдарламаның құрылған мәтінін тексеру;

e) Дискіге бағдарламаның мәтінін жазу;

12. Кезектегі сөйлемді трансляциялау және орындау алдында, бағдарлама кіріс тілдегі әрбір ұсынысты трансляциялайтын және орындайтын бағдарлама қалай аталады:

a) Интерпретатор;

b) Утилита;

c) Операциялық жүйе;

d) Электрондық кесте;

e) Операциялық қабықша;

13. Алгоритмнің анықтылық (детерминанттық) талабы нені білдіретінін көрсетіңіз:

a) Алгоритм әрекеттері дәл және бір мағыналы анықталған болу керек;

b) Алгоритм әрқашанда анықталған шешімдермен қамтамасыздандырады;

c) Нәтиже берілген қадам сандарымен алыну керек;

d) Алгоритм анықталған есептер класын шешу үшін жарамды;

e) Алгоритм әрекеттері бірмағыналы емес анықталуы мүмкін;

14. Алгоритм нәтижелілігі нені білдіретінін көрсетіңіз:

a) Нәтиже берілген қадам санымен шығу керек немесе шешімі жоқ екендігі көрсетілуі керек;

b) Нәтижелі алгоритмнің әрекеттері дәл және бірмағыналы анықталуы керек;

c) Алгоритм жұмысының нәтижесі әрқашанда бүтін санмен көрсетілуі қажет;

d) Нәтижелі алгоритм тек есептеу түріндегі есептерді шешу үшін жарамды;

e) Нәтижелі алгоритмді тек нақты бағдарламалау тілінде ғана бағдарламаны жазу үшін қолдануға болады;

15. Компьютерде шешілетін есепті бағдарламалық түрде орындау қалай аталады?

a) Қосымша;

b) Алгоритм;

c) Бағдарламаны тексеру;

d) Бағдарлама;

e) Бағдарламаны трансляциялау;

16. Алгоритмдердің сипаттау тәсілдері:

a) Мектептік, алгоритмдік;

b) Ауызша, операторлық, графиктік;

c) Ауызша, таңбалық, графиктік;

d) Мектептік, алгоритмдік, графиктік;

e) Блок-схема, бағдарлама, мәтін;

17. Алгоритмнің бөлігін көп рет қайталауға мүмкіндік беретін типтік құрылым:

a) Көмекші алгоритмге айналу;

b) Қолдану;

c) Тармақталу;

d) Айналма;

e) Цикл;

18. Берілген элемент блок-схемада қандай әрекетті білдіретінін көрсетіңіз:

a) Процесс- операцияны немесе операциялар тобын орындау;

b) Шарт- есепті шешу жүрісіне әсер ететін қандайда бір шартты тексеру;

c) Ішкі бағдарламаны шақыру;

d) Деректерді енгізу-шығару;

e) Алгоритмнің басы-соңы;

19. Алгоритмнің блок-схемасын құрғанда параллелограмм нені бейнелейді:

a) Көмекші алгоритмді шақыру;

b) Шартты талдау;

c) Параметрлерді есептеу;

d) Деректерді енгізу және шығару;

e) Принтер;

20. Алгоритмдік тіл дегеніміз:

a) Алгоритмді бірыңғай және накты үлгіде жазу үшін;

b) Компьютермен тілдесу үшін;

c) Есеп шығару үшін;

d) Алгоритмді ретгеу үшін;

e) Сөйлеу үшін;

21. Алғашқы берілген мәндерінен немесе кезектегі нәтижеден тәуелсіз әрекеттер тізбегін бір рет орындау жолымен нәтижені алуды қамтамасыз ететін алгоритм түрін көрсетіңіз:

a) Сызықты;

b) Тармақталған;

c) Циклды;

d) Күрделі құрылыммен қиыстырылған;

e) Рекурсивті;

22. Есепті шешу үшін, анықталған әрекеттер тізбегін көп рет орындауды қарастыратын алгоритм түрін көрсетіңіз:

a) Циклды;

b) Сызықты;

c) Тармақталған;

d) Күрделі құрылыммен қиыстырылған;

e) Векторлы;

23. Құрылымды бағдарлама белгісін көрсетіңіз:

a) Бір кіру және бір шығу;

b) Бір кіру және бірнеше шығулар;

c) Бірнеше кіру және бір шығу;

d) Бір кіру және нөль шығу;

e) Нөль кіру және нөль шығу;

24. Сызықтық алгоритм сипаттамасы:

a) Бір немесе бірнеше циклдан тұрады;

b) Логикалық шрттан тұрмайды және есептеудің бір тармағынан тұрады;

c) Бір немесе бірнеше логикалық шарттан тұрады;

d) Есептеуден тұрмайды;

e) Барлық жауабы дұрыс;

25. Бағдарлама - ол:

a) Есепті шешу үшін орындалатын, әрекеттер тізбегін сипаттайтын ережелер жүйесі;

b) Берілген әрекеттер жиынын орындауға нұсқағыш;

c) Мәтіндік, сандық деректерді және басқа да ақпараттарды сақтауға арналған ішкі жады аймағы;

d) Есепті шешу алгоритмін құрайтын командалар тізбегі;

e) Барлық жауаптар дұрыс;

26. Алгоритмді ұсынудың графикалық үлгісі дегеніміз – ол:

a) Алгоритмді тізбектей байланысқан геометриялық фигуралар түрінде бейнелеу;

b) Алгоритмді график түрінде бейнелеу;

c) Алгоритмнің әрбір қадамын жазбаша бейнелеу;

d) Алгоритмді кесте түрінде бейнелеу;

e) Алгоритмді операторлар тізбегі түрінде бейнелеу;

27. Алгоритмді ұсынудың жазбаша үлгісі дегеніміз – ол:

a) Алгоритмнің әрбір қадамын жазба түрінде бейнелеу;

b) Алгоритмді график түрінде бейнелеу;

c) Алгоритмді тізбектей байланысқан геометриялық фигуралар түрінде бейнелеу;

d) Алгоритмді кесте түрінде бейнелеу;

e) Алгоритмді операторлар тізбегі түрінде бейнелеу;

28. Алгоритмнің анықтылығына қойылатын талап:

a) Алгоритм әрекеті нақты анықталған және бірмәнді болу керек;

b) Алгоритм әрқашан анықталған мәнмен қамтамасыз етеді;

c) Нәтиже берілген сандар қадамынан алыну керек;

d) Алгоритм анықталған класқа жататын есептерді шешу үшін қолданылады;

e) Алгоритм әрекеті бірмәнсіз орындалған;

29. Транслятор — бұл программа:

a) Бағдарлама мәтінін машиналық кодқа аударады;

b) Айнымалылар мәнін өзгертуге және қарап шығуға құралдарды береді;

c) бастапқы объектті модульге тиісті бағдарламалардын объектті модульдерін қосады;

d) Бағдарлама командаларын анықтайды және орындайды;

e) Бағдарлама командаларын орындайды.

30. Бағдараламаның қай этапында есептің құрылыуын және шешу әдісінің таңдалатынын көрсетіңіз:

a) Есеп қойылымы;

b) Есепті алгоритмдеу;

c) Іске асыру;

d) Тестілеу;

e) Бағдарламаны жөндеу;

Лабораториялық жұмыс №10 (1 сағат)

Тақырыбы: «Бағдарламалау парадигмалары»

Жұмыстың мақсаты: Бағдарламалау парадигмаларымен танысу

Тапсырма:

1. Процедуралық бағдарламалауды оқып-үйрену

2. Модульдік және құрылымдық бағдарламалаудың концепцияларын қарастыру

3. Объектілі-бағдарланған бағдарламалаумен танысу.

4. Бағдарламалау тілдеріне мысалдар келтіру.

5. Есеп беруді құру





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 1128 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.021 с)...