Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыру



Бұл компьютерді нақты қолдануымен байланысты емес жалпы қолданыстағы бағдарламалар және дәстүрлі қызметтерді орындайды: тапсырмаларды басқару жоспарлау, енгізу-шығаруды басқару. Басқа сөзбен айтқанда жүйелік бағдарлама әртүрлі қосымша функцияларды орындайды.

Жүйелік бағдарламалық қамтамасыздандыруға жатады:

-операциялық жүйе (бұл бағдарлама компьютерді қосқанда жедел жады құрылғысында жүктеледі)

-қамтама-бағдарламалар (DOS командалы жол көмегімен салыстырғанда компьютермен ыңғайлы алмасу әдісі, мысалы, Norton Commander)

-операциялық қамтамалар – графикалық интерфейстер жасауға арналған интерфейсті жүйелер;

-драйверлер (қосымша құрылғылардың порттарын басқаруға арналған бағдарламалар, әдетте, компьютерді қосқанда жедел жадыда жүктеледі);

-утилиттер (қолданушыға қосымша қызметтер қатарын ұсынатын қосымша немесе қызметтік бағдарламалар)

Утилиттерге жатады:

- файлдар диспетчері немесе файл менеджерлер;

-мәліметтерді динамикалық нығыздау құралы (нығыздау арқылы дисктегі ақпараттар санын көбейтеді);

- көру және экранға шығару құралы;

-бақылау құралы, диагностика құралы, компьютер конфигурациясын бақылауды қамтамасыз етеді және компьютер құрылғысының жұмыс істеу қабілетін тексеру;

-коммуникация құралы, компьютерлер арасында ақпараттармен алмасуды ұйымдастыруға арналған.

- компьютерлің қауіпсіздікті қамтамасыз ету құралы (резервті көшірме, антивирусты бағдарламалық қамтамасыздандыру).

Айта кететін жайт, утилит бір бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді, ал екінші бөлігі автономды функцияланады. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың көп бөлігі операциялық жүйенің құрамына кіреді. Бағдарламалық қамтамасыздандырудың жалпы бөлігі компьютердің өзінің құрамына кіреді. БҚ жалпы бөлігі автономды бағдарламаға жатады және жеке қарастырылады.

Олданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру. Қолданбалы бағдарламалар бағдарламалар кешені немесе пакеттер құрамында немесе автономды қолданылуы мүмкін. Қолданбалы бағдарламалық қамтамасыздандыру компьютердегі қажетті жұмыстарды орындауды тікелей қамтамасыз ететін бағдарламалар. Қолданбалы бағдарламаның пакеті – қолдану аясына байланысты мәселеге-бағдарланған, жалпы қолданыстағы пакеттер және интегрирленген пакеттер болып бөлінетін бағдарламалар жүйесі. Интегрирленген пакеттер бес функционалдық компоненттен тұруы мүмкін: тестік және кестелік процессор, мәліметтер базасын басқару жүйесі, графикалық редактор, телекоммуникациялық құрал.

Инструменталды бағдарламалық қамтамасыздандыру. Инструменталды бағдарламалық қамтамасыздандыру немесе бағдарламалау жүйесі – бағдарламалау тілінде жаңа бағдарламаларды жасауды автоматтандыруға арналған жүйе. Жалпы жағдайда таңдалынған бағдарламалау тілінде бағдарлама құру үшін келесі компоненттер болу керек:

1.Бағдарламаның бастапқы текстімен файлды құруға арналған текстік редактор.

2.Компилятор немесе интерпретатор. Компилятор бағдарламасы көмегімен бастапқы аралық объекті кодқа ауысады. Үлкен бағдарламаның бастапқы тексті бірнеше модулден тұрады. Әрбір модуль біртұтас етіп біріктіруді қажет ететін объект кодымен жеке файлға компилирленеді.

3.Байланыс редакторы немесе жинаушы, объектілі модулдерді байланыстыруды орындайды және шығысында жұмыс істеуге қабілетті қосымша-орындаушы кодты қалыптастырады. Орындаушы код – операциялық жүйе орнатылған кез келген компьютерде жіберуге болатын аяқталған бағдарлама. Ережеге сай, қорытынды файл ЕХЕ немесе.СОМ кеңейтілуіне ие болады.

4.Соңғы уақытта Windows қосымшасын жасауға негізделген бағдарламалаудың визуальды әдісі кең таралды. Өз кезегінде арнайы редакторлер көмегімен бапталатын дайын визуальды компоненттер қолданылады.

Визуальды жобалаудың кең тараған редакторлері:

- Borland Delphi – қолданбалы бағдарламалаудың кез келген тапсырмасын шешуге арналған;

- Borland C++ Builder – DOS және Windows қосымшасын жасауға арналған жақсы құрал;

- Microsoft Visual Basic – Windows-бағдарламаны жасауға арналған танымал инструмент;

- Microsoft Visual C++ - Microsoft Windows типіндегі операциялық жүйе ортасында орындалатын кез келген қосымшаны жасауға мүмкіндік беретін құрал.





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 8298 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.013 с)...