Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Сурет 11.2. Visual Basic интегралданған құрастыру ортасы



2. Visual Basic IDE ортасында форма дизайнерінің терезесі орналасқан. Форма - Visual Basic-тегі бағдарламаның негізгі элементі. Бұл терезеде сіз жаңа бағдарлама құру бойынша негізгі әрекеттерді орындайсыз. Visual Basic IDE – бұл бағдарламалаушының жұмыс орнын құрайтын мәзірлер, аспаптар тақтасы мен терезелерінің жиынтығы. IDE әрбір бөлігі бағдарламалау бойынша орындалатын жұмыстың әр түрлі аспектілеріне әсер ететін құралдарды ұсынады. Аспаптар тақтасы мәзірдің кейбір бұйрықтарына батырмалар көмегімен тез қол жеткізуге мүмкіндік береді. Формалар – формалар дизайнері терезесінде көрсетілген. Элементтер тақтасын жобаның формаларына басқару элементтерін қосу үшін қолданады. Project Explorer терезесінде жұмыс істеп жатқан жобалар, сонымен қатар осы жобалардың әр түрлі бөліктері көрсетіледі. Қасиеттер терезесінде басқару элементтерінің, форма мен модульдің қасиеттері қарастырылып, орнатылады. Форманы орналастыру терезесінің көмегімен экранда форманы немесе формаларды орналастырады. Енді Visual Basic IDE элементтерімен тереңірек танысайық.

Visual Basic мәзірі ішкі мәзірлері бар ашылмалы тізімдер. Олардың көмегімен Visual Basic функционалды мүмкіндіктеріне қол жеткізу жүзеге асырылады.

Аспаптар тақтасы – бұл мәзір жолы астында орналасқан пиктограммалары бар батырмалардың жиыны. Бұл батырмалардың көмегімен Visual Basic мәзірінің құрылымының функционалды мүмкіндіктеріне қол жеткізесіз. Аспаптар тақтасы нақты бір функционалды мүмкіндікті қолдану барысында мәзірді, одан кейін ішкі мәзірді ашып жатпай-ақ, батырманы бір рет қана шертесіз.

Аспаптар тақтасы, әдетте, мәзірдің астыңғы жағынан орналасады. Оларды бір жолға топтауға болады. Сонымен қоса, сіз аспаптар тақтасын бір жерден екінші жерге орнын ауыстыра аласыз.

IDE аспаптар тақтасын қосу немесе алып тастау үшін келесі орындаңыз:

- тышқанның оң жақ батырмасымен мәзір жолының кез келген жерінен шертіңіз.

- пайда болған мәзір тізімінен сізге қажетті тақта типін таңдаңыз. Аспаптар тақтасының сол жағындағы белгіше ол тақтаның таңдаулы тұрғанын көрсетеді.

Debug (Отладка) аспаптар тақтасы бағдарламаны тестілеуге және оның қателерін түзету үшін қолданылады. Отладка барысында бағдарлама кодын жол бойымен орындауға, айнымалылар мәнін бақылауға, кодтың орындалуын көрсетілген нүктеде тоқтатуға болады.

Edit (Түзету) аспаптар тақтасы кодпен жұмыс істеу барысында қолданылады. Ол ұсынатын құралдар Edit мәзірінің ішіндегі бұйрықтарға сәйкес келеді (мәтінді кесіп алу, қою, ауыстырулар орындау, т.б.).





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 728 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...