Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Деректер құрлымын жасақтау



3. Алгоритмді жасақтау:

- алгоритмді жобалау тәсілдерін таңдау;

- алгоритмді жазу пішінін(блок-схема,мектептік алгоритмдік тіл.т.б.) таңдау;

- тестерді және тестілеу тәсілдерін таңдау;

Алгоритмді жобалау.

4. Бағдарламалау: - Бағдарламалау тілін таңдау;

- деректерді ұйымдастыру тәсілдерін айқындау;

Алгоритмді таңдалынып алынған Бағдарламалау тілінде жазу.

5. Тестілеу және жөндеу:

- синтаксистік жөндеу;

- семантикалық және логикалық құрлымын жөндеу;

- тестілік есептеулер және тестілеу нәтижелерін талдау;

Программаны жетілдіру.

6. Есептің шешілу нәтижесін талдау:

Ажет болатын болса 2-5 кезеңдерді қайтадан орындай отырып математикалық модельді айқындай түсу.

7. Программаны даярлау:

- нақтылы есепті шығару үшін программаны жетілдіру;

Есепті шешуге, математикалық модельге, алгоритмге, программаға, тестер жиынына, программаны пайдалану үшін құжаттар жасау.

Бағдарламалау жүйесі компьютердің программалық қамсыздандыруының құрамына жатады және ол программаларды жасау және оларды жөндеу жұмыстарын автоматтандыруды қамтамасыз ететін құралдардың жиыны болып табылады. Бағдарламалау жүйесінің құрамы мына төмендегі схемада бейнеленген:

Бағдарламалау процесі үш кезеңге бөлінеді:

1. Есепті шешудің алгоритмін құру;

2. Программа құру;

Жасалған программаны тексеру.

Екінші кезеңдегі, яғни программа қрудағы қиындық адамның тек машина тілінде ғана программа жасауына байланысты болады. Компьютерді пайдаланудың алғашқы жылдарында әрқайсының әр түрлі компьютерлердің пайда болуы бұл қиындықты тереңдетіп жібереді. Сондықтан нәтижесінде бір компьютерге арнап жасаған программаны басқа компьютерге пайдалануға болмайтын болды. Бұл бір алгоритмнің өзін әр түрлі компьютерлерде орындау үшін әрқайсына жеке-жеке программа құруға мәжбүр етіпижұмысты қиындатып жіберді.

Рбір компьютер үшін жасалған программаның дұрыс және ұтымды жасалғандығын тексеру қажет. Қателік кеткендігі және басқа да кемістіктері бар екендігі анықталса, онда ол программаға түзетулер мен өзгерістер ендіріледі. Бағдарламалаудың осы аталған кезеңдерінің арнайы ерекшеліктері және қиыншылықтары бар.

Барлық осы аталған қиыншылықтар программалар жасаудағы атқарылатын жұмыстарды мейлінше ықшамдап қысқарту мәселесін күн тәртібіне қояды. Бұл мәселені шешу Бағдарламалау процесін автоматттандыруды, яғни компьютердің өзін программалар жасауға немесе Бағдарламалауға байланысты таза техникалық жұмыстар атқаруға пайдалануды талап етеді. Автоматтандыру программа жасаушы мамандардың жұмысын жеңілдетуді, оны жасауда кететін қателіктердің санын азайтуды, ең соңында есептің қойылуынан бастап нәтиже алғанға дейін кететін уақытты қысқартуды көздейді. Бағдарламалауды автоматттандырудың ең көп тараған негізгі тәсілдеріне мыналар жатады:

- қолмен бағдарламалауды жеке жұмыстарын автоматтандыру тәсілдері;

- бағыныңқы программалар кітапханасын құру;





Дата публикования: 2014-11-18; Прочитано: 764 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...