Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім. Ұлттық экономиканың қызмет ету заңдылықтары



375. Жалпы ұлттық өнім /ЖҰӨ/ - бұл....

+а) елдің ішінде немесе шетелде өндірілген барлық дайын тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

б) елдегі халықтың барлық жеке табыстары

в) ел экономикасының барлық сфераларында өндірілген жиынтық тауарлар мен қызметтердің нарықтық құны

г) елде өндірілген тауарлардың жалпы сомасы

д) елде өндірілген тауарлардың құны

376. Қоғамның әлеуметтік – экономикалық даму көрсеткіші:

а) жан басына шаққандағы ЖҰӨ

+б) жан басына шаққандағы ұлттық табыс

в) жан басына шаққандағы ұлттық байлық

г) таза ұлттық табыс

д) жалпы ішкі өнім

377. Жалақы мөлшері ескеріледі:

а) шығыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде

б) таза экспортты есептегенде

в) қосымша құн әдісі бойынша есептегенде

+г) табыстар әдісі бойынша ЖҰӨ- ді есептегенде

д) мемлекеттік кәсіпорындардың субсидиясын есептегенде

378. Салық төлегеннен кейінгі табыс– бұл:

+а) жеке қолдағы табыс

б) жергілікті билік органдары үміт ете алатын табыстың бір бөлігі

в) жұмсалмайтын табыс

г) халықтың жинағы

д) нақты табыс

379. Егер адамдар өздерінің табысының бір бөлігін банкте сақтаса, онда олар:

+а) қор жинайды, бірақ инвеситцияламайды

б) ивестициялайды, бірақ қор жинамайды.

в) қор жинамайды, сонымен қатар инвеситицияламайды

г) қор жинайды және инвестициялайды

д) қордың бір бөлігін инвестициялайды

380. Жиынтық сұраныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?

а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы

+б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы

в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы

г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы

д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы

381. Жиынтық ұсыныс қисығы қандай қатынастарды сипаттайды?

а) баға мен нақты ЖҰӨ арасындағы

б) баға мен жиынтық шығыстар арасындағы

в) тұтынушыларға қолайлы баға мен сатушыларға қолайлы баға арасындағы

г) өндірілген және тұтынылған нақты ЖҰӨ арасындағы

+д) баға мен өндірілген ЖҰӨ арасындағы

382. ЖҰӨ дефляторы қандай қатынастар білдіреді?:

а) нақты ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы

б) номиналды ЖҰӨ-ң номиналды ЖҰӨ -ге қатынасы

в) номиналды ЖІӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы

+г) номиналды ЖҰӨ-ң нақты ЖҰӨ -ге қатынасы

д) нақты ЖҰӨ-ң нақты ЖІӨ -ге қатынасы

383. Макроэкономикадағы жиынтық сұраныс– бұл:

а) мемлекеттік шығыстар мен кәсіпорындардың инвестициялық сұранысы

б) үй шаруашылығының сұранысы мен таза экспорт

+в) макроэкономикадағы барлық экономикалық субъектілердің сұранысы

г) үй шаруашылығы мен кәсіпорынның инвистициялық сұраныстары

д) мемлекеттік шығыстар

384. Тұтыну – бұл..

+а) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға жұмсаған табысының бір бөлігі

б) ағымдағы уақытта үй шаруашылығының тауарлар мен қызметтерді сатып алуға арналған табысының бір бөлігі

в) банк шотындағы табыстың қалдығы

г) ағымдық шығыстарға арналған фирма табысының бір бөлігі

д) банк шотында жинақталған фирма табысының қалдығы

385. Жинақ – бұл..

а) үй шаруашылығының жинақталған мүлкі мен халықтың жинақтары

б) барлық нарықтық субъектілердің нақты кассалық қалдықтары

в) құнды қағаздарға салынған табыстың бір бөлігі

+г) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынбаған табыстарының бір бөлігі

д) үй шаруашылығының берілген уақыт аралығында жұмсалынған табыстарының бір бөлігі

386. Номиналды ЖІӨ қандай бағамен есептеледі?

а) экспорттық бағамен

+б) нарықтық ағымдық бағамен

в) базалық өзгеріссіз бағамен

г) алдығы кезеңдердегі бағамен

д) әлемдік бағамен

387. ЖІӨ мен ЖҰӨ айырмашылығы неде?

а) белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі

б) ұлттық белгісіне байланыссыз кәсіпорындармен өндіріледі

в) олардың орналасуына байланыссыз кез келген кәсіпорындармен өндіріледі

г) елдің ішінде де, сыртында да елдің барлық тауар өндірушілерімен өндіріледі

+д) ұлттық белгісіне қарамастан белгілі бір елдің аумағында орналасқан кәсіпорындармен өндіріледі

388. ЖІӨ- мен салыстырғанда ЖҰӨ - ді өндіруге қандай кәсіпорындар қатысады?

а) ұлттық белгісіне қарамастан барлығы

б) тек ұлттық кәсіпорындар

+в) елдің іші мен сыртында орналасқан ұлттық кәсіпорындар

г) тек шетелдік кәсіпорындар

д) тек біріккен кәсіпорындар

389. Макроэкономикалық процестердегі екі жақты есеп дегеніміз:

а) бухгалтерлік есепте қолданылады

б) өнімді өндіру мен тұтынуды бір уақытта есепке алу

в) соңғы, аралық өнім

+г) аралық өнімдердің құнын ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамына қосу

д) ЖҰӨ мен ТҰӨ құрамындағы ұқсас шығындардың есебі

390. Бірнеше жылдар ішінде экономикалық белсенділіктің өсуі мен құлдырауы қайталанса, онда бұл:

+а) экономикалық цикл

б) маусымдық экономикалық тербеліс

в) ЖҰӨ көлемінің азаюы

г) дағдарыс

д) ифляция

391. Өндірістің, жұмысбастылықтың және баға деңгейінің төмендеуі ұзақ уақытқа созылған кезең қалай аталады?

а) құлдырау

+б) тоқырау

в) экономикалық цикл

г) өрлеу

д) жандану

392. Өнеркәсіп циклының мәнін қандай сатылар көрсетеді?

+А) дағдарыс, тоқырау, жандану, өрлеу

Б) экспансия, тежеу

В) рецессия мен өрлеу

Г) жоғарғы шегі, түбі, жандану

Д) құлдырау, өрлеу және олардың ең жоғарғы шыңы

393. Нарықтық экономика жағдайында дағдарыс ең бірінші неден көрінеді?

А) несиенің көбеюінен

Б) несие пайызының төмендеуінен

+В) тауарды артық өндіруден, несиенің қысқаруынан, несие пайызының жоғарылауынан

Г) тауар шығарылымының жоғарылауынан

Д) тауарға деген сұраныстың төмендеуінен

394. Экономикалық дағдарыс қандай маңызды қызмет атқарады?

А) экономиканың тиімділігін арттырады

Б) өндіріс технологиясын жетілдіреді

В) халықтың тұрмыс жағдайының деңгейін жоғарылатады

+Г) экономикада тепе-теңдікті қалыптастырады

Д) пайдалылығы төмен өндірісті жояды

395. Экономиканың әлуетін сипаттайтын экономикалық өсу қандай көрсеткішпен өлшенеді?

А) нақты ЖҰӨ-мен (ҰТ)

Б) бір адамға шаққандағы ЖҰӨ-мен (ҰТ)

+В) нақты ЖҰӨ-нің (ҰТ) көлемінің өсу қарқынымен

Г) бір адамға шаққандағы ЖҰӨ (ҰТ) өсу қарқынымен

Д) шаруашылық айналымға тартылатын табиғи ресурстар көлемінің өсу қарқынымен

396. «Толық жұмысбастылық» деген ұғым нені білдіреді?

А) жұмысқа жарамды халықтың жаппай жұмыспен қамтылуы

Б) жұмыссыздықтың жоқтығы

В) «еріншектермен» күрес ұғымымен байланысты

+Г) «табиғи жұмыссыздықтың» 3-5% болуы

Д) зейнеткерлердің жұмыспен қамтылуы

397. Жұмыссыздар қатарына жатпайды:

А) тауар мен қызмет өндірісінде жұмыспен қамтылмаған жұмыс күшінің бөлігі

Б) алдыңғы 4 апта бойы жұмыс табуға талпыныс жасағандар

В) еңбек биржасында тіркелгендер

Г) әртүрлі жағдайлармен жұмыстан шыққанда, оның ішінде өз еркімен кеткендер

+Д) мүлдем жұмыспен қамтылмағандар және жұмыс іздемегендер

398. Елдегі жұмыссыздықты қандай көрсеткіштер бейнелейді?

А) жұмыссыз жастар деңгейі

Б) экономика құрылымындағы өзгеріс

В) жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

Г) жұмысбастылардың саны

+Д) жұмыссыздық деңгейі мен жұмыссыздықтың орташа ұзақтығы

399. Бос қызмет орны жөніндегі толық емес ақпарат қандай жұмыссыздықпен байланысты?

+А) фрикциондық

Б) құрылымдық

В) институционалдық

Г) циклдық

Д) ерікті

400. Жұмыссыздықтың жақсы жағы неден көрінеді?

А) біліктілікті жоғалту

+ Б) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы

В) экономикалық потенциалды толығымен пайдаланбау

Г) ұлттың психикасының бұзылуы

Д) отбасының, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі

401. Жұмыссыдықтың жағымсыз жағы неден көрінеді?

А) жұмысбастылардың жұмыстағы тәртібінің жоғарылауы

Б) жұмыс күшінің қоры өндірістің ұлғаюының алғы шарты болып табылады

+ В) халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі

Г) жалақыны көбейту жөніндегі кәсіподақ талаптары қалыптасады

Д) кәсіпкерлікке деген ынтаны жоғарылатады

402. Салалар мен аймақтардың біркелкі жетілмеуінен пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?

А) фрикциондық

+Б) құрылымдық

В) институционалдық

Г) циклдық

Д) ерікті

403. Дағдарыс пен тоқырау кезеңдерінде өндірістің құлдырауынан пайда болған жұмыссыздық қай жұмыссыздық түріне жатады?

А) фрикциондық

Б) құрылымдық

В) институционалдық

+ Г) циклдық

Д) ерікті

404. Толық жұмысбастылық дегеніміз не?

+А) экономикадағы фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық болған жағдайдағы жұмысбастылық

Б) жұмыссыздықтың деңгейі 0-ге тең болатын жағдай

В) циклдық жұмыссыздықтың ғана болуы

Г) еңбекке деген сұраныс және ұсыныстың сәйкестігі

Д) жұмыс күші мен жұмыс орындары санының сәйкестігі

405. Жұмыспен қамтылмаған жұмысшы күшінің үлесі:

А) циклдық жұмыссыздық

+Б) жұмыссыздық деңгейі

В) жұмыссыздықтың табиғи деңгейі

Г) жасырын жұмыссыздық

Д) фрикциондық жұмыссыздық

406. Табиғи жұмыссыздық деңгейін құрайды:

А) циклдық жұмыссыздық

Б) жасырын жұмыссыздық

В) фрикциондық жұмыссыздық

Г) құрылымдық жұмыссыздық

+Д) фрикциондық жұмыссыздық пен құрылымдық жұмыссыздықтың жиынтығы

407. «ҚР-сының жұмысбастылық туралы» Заңына сәйкес жұмыссыздарға жатады:

А) экономикалық жағынан белсенді халық

Б) өз еркімен еңбек ететін халық

+В) еңбекке қабілетті жастағы жұмысы жоқ, бірақ жұмыс істеуге ниеті бар адамдар

Г) өз бетімен жұмыс іздеушілер

Д) тұрмыс жағдайы нашар, еңбек биржасында тіркелген еңбекке қабілетті азаматтар

408. Инфляция неден көрінеді?

А) алтынның нарықтық бағасының өсуінен

Б) тауар бағасының өсуінен

В) ұлттық валюта бағамының төмендеуінен

Г) халықтың сұраныстың төмендеуінен

+Д) алтынның нарықтық бағасының, тауар бағасының өсуінен

409. Ұсыныс инфляциясы неден пайда болады?

А) жиынтық сұраныстың өсуінен

+Б) өндіріс шығындарының өсуінен

В) жиынтық ұсыныстың өсуінен

Г) жиынтық сұраныстың төмендеуінен

Д) өндіріс шығындарының төмендеуінен

410. Сұраныс инфляциясы не себепті пайда болады?

+А) жиынтық сұраныстың өсуінен

Б) өндіріс шығындарының өсуінен

В) жиынтық ұсыныстың өсуінен

Г) жиынтық сұраныстың төмендеуінен

Д) өндіріс шығындарының төмендеуінен

411. Басыңқы инфляцияны не сипаттайды?

А) бағаның өсуі

Б) жалақының өсуі

+В) тауар мен қызметтің созылмалы жетіспеушілігі

Г) жалақы мен бағаның өсуі

Д) тауар ұсынысының артықшылығы

412. Бағаның орташа деңгейі тұрақты түрде өссе, ол:

А) болжанған инфляция

Б) басыңқы инфляция

В) секірмелі инфляциясы

+Г) ашық инфляция

Д) сұраныс инфляциясы

413. Инфляция ақша нарығындағы сұраныс пен ұсыныс теңсіздігінен туындайдайды және ол қандай жағдайдан көрінеді?

+А) ақшаны сатып алу қабілеттілігінің төмендеуі мен ақшаның жалпы деңгейінің өсуінен

Б) ақшаны сатып алу қабілеттілігінің жоғарлауы мен ақшаның жалпы деңгейінің төмендеуінен

В) несие мөлшерлемесінің өсуінен

Г) тауар мен қызметке деген сұраныс көлемінің өсуінен

Д) банк беретін несие көлемінің азаюынан

414. Қай экономикада инфляция ресми түрде жоқ деп есептеледі?

А) нарықтық экономикада

+Б) командалы-әкімшілік экономикада

В) өтпелі экономикада

Г) кез келген шаруашылық жүйеде

Д) аралас экономикада

415. Бағанаң өсу деңгейі жылына 10% болса:

А) гиперинфляция

Б) секірмелі инфляциясы

В) стагфляция

+Г) қалыпты немесе жылжымалы инфляция

Д) дефляция

416. Инфляцияның сыртқы факторы ретінде нені алуға болады?

А) бюджеттік тапшылық

Б) Орталық банктің ақша эмиссиясы

В) экономиканы милитаризациялау

+Г) әлемдік нарықтағы бағаның өсуі

Д) жоғары несиелер мен пайыздық мөлшерлемелер

417. Сұраныс инфляциясы қалай пайда болуы мүмкін?

А) жалақы мен жұмысбастылықтың өсуінен

+Б) мемелекеттік шығынның өсуінен

В) жеке меншік инвестицияның төмендеуінен

Г) жиынтық сұраныс тұрақты болғандағы жиындық ұсыныстың төмендеуінен

Д) өндіріс факторларының құнының өсуінен

418. «Өте көп мөлшердегі ақша өте аз тауар санының артынан қуалайды» деген нені білдіреді?

А) өндіріс көлемі мен бағаның пропорционалды түрде өзгеретін жағдайы

+Б) өндіріс шығынының өсуінен пайда болған бағаның өсуі

В) жиынтық ұсыныс тұрақты болғандағы жиынтық сұраныстың өсуінен пайда болған инфляция

Г) баға мен өндіріс көлемі әр түрлі бағыттарға қарай өзгеретін жағдай

Д) ұлттық өндірістің нақты көлемінің ұлғаюы

419. Дефляция – бұл:

А) инфляция деңгейінің жоғарылауы

Б) баға деңгейінің тұрақтылығы

В) инфляция деңгейінің тұрақтануы

Г) ЖІӨ дефляторының қысқаруы

+Д) экономикадағы орташа баға деңгейінің төмендеуі

420. Бұл графикте не бейнеленген?

А) сұраныс қисығы

Б) ұсыныс қисығы

+В) Филипс қисығы

Г) Лоренц қисығы

Д) өндірістік мүмкіншіліктер қисығы

421. Аталғандардың ішіндегі қайсысы өндіріс шығындарының өсуімен байланысты инфляцияға еш қатысы жоқ?

А) пайыздық мөлшерлеменің өсуі

Б) бір өнімге шаққандағы шығын құнының өсуі

В) жалақының қарқынды өсуі

+Г) жұмысбастылық пен өндірістің өсуі

Д) өндіріс шығынының өсуі

422. Қай теория инфляция мен жұмыссыздықтың бір уақытта өсуінің мүмкін еместігін дәлелдейді?

А) қазіргі заманғы ақшаның сандық теориясы

+Б) кенстік теория және жаңа ілімдер

В) рационалды күтулер теориясы

Г) ұсыныс экономикасының теориясы

Д) институционалды теория

423.Филипс қисығы инфляция мен... арасындағы байланысты білдіреді:

А) нақты пайыз мөлшері

Б)ақша ұсынысы

В)пайыз деңгейі

Г) экономикалық цикл

+Д) жұмыссыздық пен жұмысбастылық деңгейі

424. Жай ағымдық инфляция:

+А) нарықтың негізгі агенттері мен сегменттері бейімделетін инфляция қарқынын көрсетеді

Б) ұсыныс тарапынан болатын инфляция түрлеріне жатқызуға болады

В) әдетте жиынтық сұраныстың ықпалымен дамиды

Г) елеулі түрде ауытқуы мүмкін күтпеген деңгеймен сипатталады

Д) әдетте жиынтық ұсыныс ықпалымен дамиды

425. Елдегі инфляция деңгейі қандай екенін көрсететін көрсеткіш:

А) валютаның сатып алу қабілетінің тепе-теңдігі

Б) номиналды айырбас бағамы

В) сыртқы сауда бағасының индексі

+Г) тұтыну бағасы мен сатып алу қабілетінің индексі

Д) валюта тепе-теңдігі





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 1620 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.033 с)...